Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 56. Зат есімнің септік категориясы және септік жалғаулары



Pdf көрінісі
бет130/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 56. Зат есімнің септік категориясы және септік жалғаулары 
Зат есім сөздерінің сөйлемдегі етістіктермен, шылау сөздермен, есім 
сөздердің өзді-өздерімен де әр түрлі қарым – қатынасқа түсіп, байланысуы – 
зат есімнің септік категориясы деп атадлады. Қазақ тілінде септік 
категориясының екі түрі бар: 1) синтетикалық септік. 2) аналитикалық септік. 
Олардың жасалу жолы мен мағыналарында өзіндік ерекшеліктері бар. Зат 
есім сөздерін етістік, шылау, есім сөздерімен байланыстырып, сөйлем 
құрауға себепші болатын — септік жалғаулары. 
Көптік жалғаулары мен тәуелдік жалғауларға қарағанда, септік жал-
ғаудың морфологиялық
-
тұлғалық түрлері көп, сөздің лексикалық мағынасына 
қосымша туғызатын грамматикалық мағыналары да сан алуан, сөйлемдегі 
атқаратын синтаксистік қызметі әр тарапты болып келеді. 
Зат есім сөздерінің септік жалғау қосымшалары жалғану арқылы 
түрленуін (өзгеруін) с ө з д е р д і ң с е п т е л у і немесе с е п т і к- 
 т і ң с и н т е т и к а л ы қ п а р а д и г м а с ы дейді.
Септік жалғаулар есім сөздеріне жалғанып, оларды морфологиялық 
тұлғасы жағынан түрлендіріп тұратындығына қарай, беретін грамматикалық 
мағыналарына және тұлғалық белгілеріне қарай жеті түрлі болады. Барлық 
септіктер дерлік нөлдік жалғау тұлғасында тұра алады. Нөлдік жалғау-
грамматикалық жүйеден кең орын алатын, әр түрлі грамматикалық мағынаны 
білдіретін тілдік бірлік.
1. 
Атау септік. 
Зат есім сөздері белгілі заттың, ұғымның атауын білдіріп
тұратын болғандықтан, зат есімнің бастапқы тұлғасын
атау
деп атайды. 
Атау септіктегі сөз нольдік жалғау тұлғасында тұрады.Сондықтан атау тұлға 


өзге септік жалғауларына негіз болады, басқа септік жалғаулары атау 
тұлғаның үстіне жалғанады. Сөздің атау тұлғасы деген түсінікке негізгі түбір 
тұлға да, 
(бас, бала,), 
туынды түбір тұлға да 
(басшы, балалық), 
көптік жалғау 
тұлғасындағы сөз де 
(бала-лар, басшы-лар), 
тәуелдік жалғаулы сөз де 
(бас-ым, 
балалар-ың, басшылар-ы) 
жатады. 
Сондықтан атау тұлғадағы зат есім сөздері к і м ? н е ?
(оқушы, қағаз),
к і м д е р ?_ н е л е р ? 
(оқушылар,қағаздар) 
және тәуелденіп қолданылғанда
к і м і м ? н е м ? к і м і ң ? н е ң? к і м і ? н е с і? к і м д е р і м? н е л е р 
і м? к і м д е р і ң ? н е л е р і ң ? к і м д е р і ? н е л е р і ? деген сұрақтардың 
біріне жауап береді. 
1. Атау тұлғадағы зат есім сөздері сөйлемде көбінесе бастауыш қызметінде 
келеді. Мысалы: 
Тәңірберген ел тізгінін ұстаған игі жақсылардан торығып 
қалды ( Ә. Н.). 
Бұл сөйлемдегі 
Тәңірберген
деген зат есім к і м ? деген сұрауға 
жауап беріп, атау тұлғада келіп сөйлемде бастауыш болып тұр. 
2. Атау тұлғалы зат есім сөздері сөйлемнің аяғында тұрып баяндауыш 
қызметінде де келе береді. Мысалы: 
Болат 
— 
өте тәртіпті оқушы 
деген 
сөйлемде 
оқушы 
сөзі сөйлемнің аяғында келіп, баяндауыш болып тұр. 
3. Атау тұлғалы зат есім сөзі екінші бір зат есім сөзімен тіркесе айтылып, 
бір заттың белгісін көрсетіп, қ а н д а й? деген сұраққа жауап болып
анықтауыш болып та келеді. Мысалы:
Олимпиаданың алтын медалін Бекзат 
жеңіп алды.
Бұл сөйлемдегі 
алтын
деген зат есім сөзі атау тұлғада екінші бір 
зат есімнің алдында келіп, қ а н д а й? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш 
болып тұр. 
2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет