Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет128/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

ымыз
-іміз
калам + ымыз
дәптер + іміз 
II 
-ңыз
-ңіз
айна + ңыз
ине+ңіз 
-ыңыз

-іңіз 
қалам + ыңыз
дәптер + іңіз 
III 
-сы 
-сі
айна+сы
ине+сі 
-ы -і 
қалам+ы 
дәптер + і 
Тәуелдік жалғаулы сөз сөйлемде ілік жалғаулы сөзбен байланысты болып 
келеді. Ілік жалғаулы сөз сөйлемде тәуелдік жалғаулы сөзсіз қолданылмайды, 
сол сияқты тәуелдік жалғаулы сөз ілік жалғаулы сөзбен байланысты болады. 
Сондықтан бұл екеуінің арасындағы синтаксистік байланысты
матасу 
дейді. 


Матаса байланысатын ілік жалғаулы анықтауыш пен тәуелдік жалғаулы 
анықталатын сөздердің тізбегі сатыланып көбейе беруі мүмкін. 
Мысалы: 
Асанның үйі.
Асанның үйінің бөлмесі.
Асанның үйінің бөлмесінің есігі.
Асанның үйінің бөлмесінің есігінің тұтқасы т. т.

Сөйлем ішінде тәуелдік жалғаулы сөздің алдында айтылатын ілік 
жалғаулы сөздің қосымшасы кейде жалғанбай да келе береді. Мысалы: 
Емтиханның билеті — емтихан билеті, ауылдың адамы 
— 
ауыл адамы. 
Мұндай жағдайда тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысты анықтауыш сөзге ілік 
жалғау қосымшасы жалғанбаса да, ол сөзді тұлғалық жағынан ілік жалғаулы 
сөз деп есептеу керек. 
Кейде сөйлем ішінде тәуелдік жалғаулы сезбен байланысты ілік жал-ғаулы 
сөз айтылмай, тәуелдік жалғаулы сөздің өзі ғана қолданылуы мүмкін. 
Мысалы: 
1) 
Жорамалым 
дұрысқа шыға кетті. (С. М.) 
2. 
Еңбегіне 
қарай 
өнбегі. (М. М.) 
3. 
Осыдан кейін 
жолдасым 
өте қызық шығармашылық 
жұмысқа кірісіп, барлық дүниені ұмытқандай болды. (М. И.) 
 4. Бірақ 
ителгісі
 оған ойысар емес.
(С. Бег.) деген сөйлемдерде 
жора-малым, 
еқбегіне, жолдасым, ителгісі 
деген сөздердің алдында тұруға тиісті ілік 
жалғаулы сөз айтылмаған. Бірақ одан сөйлемнің мағынасына нұқсан келіп 
тұрған жоқ.
 

Сөйлем ішіндегі жалғануға тиісті тәуелдік жалғау қосымшасын да, 
тәуелдік жалғауда тұруға тиісті сөзді де түсіріп айтуға болмайды. Тәуелдік 
жалғау қосымшасын тек 
біздің, сіздің 
деген ілік жалғаулы сөздерден кейін 
ғана түсіріп айтуға болады. Мысалы: 
біздің колледжіміз, біздің колледж, 
сіздің колледжіңіз, сіздің колледж, біздің қаламыз, біздің қала, сіздің қалаңыз, 
сіздің қала. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет