Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет129/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Тақырып бойынша сұрақтар: 
1) Грамматикалық категория деген не ?
2) Зат есімнің неше грамматикалық категориясы бар ?
3) Зат есімнің сандық категориясы нені көрсетеді, қандай жолдар арқылы
көрінеді ?
4) Зат есімнің тәуелдік қатегориясы деген не ? Ол қандай жолдар арқылы 
көрінеді ?
5) Ортақ және оңаша тәуелдеу деген не ? 
 
69-жаттығу. 
Мәтінді оқып шығыңдар да, тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп көшіріп 
жазыңдар. Тәуелдік жалғау қосымшасын сызықшамен бөліп жазыңдар. 
1)–Өзің үлкен үйге түс. Апам екеуміз менің отауымда болармыз, -деді Ұлпан 
үйлеріне жақындай бергенде ( Ғ. Мүс. ) . 2) Күнде шат күліп күн, Өміріміз 
жайдары ( Қ. Ы. ) 3) Менің оған жазған хатым тым келте болды ( Н. Ғ. ). 4) 


129 
Тау ішінің қараңғы жаңбырлы түні Бақтығұлдың көңілінде көптен шешілмей 
келе жатқан күдікті бір сәттің ішінде оп-оңай жазып жібергендей болды ( М. 
Ә. ). 5) Ешкімге кінә қояр жайым жоқ, - деп әйел ауыр күрсінді. Өзіңнің өткен 
күндеріңе көз жіберіп қарашы. ( Н. Ғ. ). 6) Сары ботақаным, тұра ғой. 
Екеумізге бұл ауылда не бар! – деп, есік алдында жалғыз сөйлеп тұрған 
Талтаяқтың дауысы тынғанша, үйдегілер үндескен жоқ. 7) – Менің әкем 
сендерді ұрлығын өтеу үшін бағып жүрген жоқ (Ғ.М.). 8) Сырым оған аузын 
ашып, тілін көрсетіпті. Сырымның қасындағы жолдастары: «Бөкең саған неге 
басын шертті, оған сен аузыңды ашып, тіліңді шығардың, ол не сөз?- дейді. 
Сонда Сырым: «Ол кісі маған басын шерткені-басқа бәле қайдан келеді?» -
деген жұмбағы еді. Менің оған тілімді көрсеткенім: «басқа бәле қызыл тілден 
келеді дегенім» депті.
«
Шешендік сөздер
» 
70-жаттығу. 
Мына сөздерге оңаша және ортақ тәуелдеумен барлық жақта тауелдік 
жалғауларының қосымшасын жалғаңдар. 
Дала, терезе, тарақ, дәптер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет