231
7).
Топтау үстеулері. Қимылдың, іс-әрекеттің бірігу арқылы
істелгенін немесе , керісінше, жекеленіп, сараланып істелетіндігін
білдіретін үстеулердің түрі т о п т а у ( я с а р а л а у ) ү с т е у л е- р
і деп аталады.
Бұл үстеулер
қаншадан? , нешеден?, нешеуден?, қалай-қалай?
деген
сияқты сұрақтарға жауап береді.
Мысалы, екеулеп, үшеулеп, он-ондап, бір-
бірлеп, аздаған, көптеген, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен, алды-
алдына, бас –басына т. б.
8).
Күшейту (ұлғайту) үстеулері. Заттың сынын, мөлшерін, көлемін,
қимылдың сапасын я аса күшейтіп , я солғындатып көрсету үшін
қолданылатын үстеулердің түрін к ү ш е ту үстеулері деп атайды .
Күшейткіш үстеулер
қалай? қандай?
деген сұрақтардың біріне жауап
береді . Мысалы :
ең, тым, өте, тіпті, аса, әбден, мүлде, нақ, қақ, орасан ,
нағыз, ылғи,кілең,сәл, дәл, өңкей. т .б.
§ 94.
Үстеулердің сөйлемдегі қызметі.
Үстеулер сөйлемде негізінен пысықтауыштың қызметін атқарады.
Мысалы: Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым (Абай); Әлібек
амалсыздан тоқтады (Ғ.Мұст.)
деген сөйлемдердегі
ерте, амалсыздан
деген үстеулер етістіктен болған баяндауыштарды пысықтап тұр.
Үстеулер етістіктен болған басқа мүшелерді де пысықтайды.
Мысалы:
Оның еміс-еміс білетіндері – қызыл балықтар ғана
(Ғ. Сланов) деген
сөйлемдегі
еміс-еміс
үстеуі
білетіндері
деген етістіктен болған бастауышты
пысықтап тұр.
Үстеулер етістіктен болған баяндауыштарды да пысықтайды.
Мысалы,
Бозбаламын мен де енді (Жамбыл): Бүгінгі жастар шетінен сауатты
( Ғ. Мұст.) деген сөйлемдерде
енді
үстеуі
бозбаламын
деген баяндауышты,
шетінен
үстеуі
сауатты
деген баяндауышты пысықтап тұр.
Кейбір үстеулер өздерінің семантикалық
мағынасына қарай , әдеттен тыс,
сын есімді де, үстеудің өзін де, зат есімді де айқындайды.
Мысалы: Мен бүгін
сонша шаршадым (Ғ.Мұст.); Ол сонша өрескел сөз айтты (Ғ. Мұст.)
Сонша алтынды қайдан алдың? (С.М.)
деген сөйлемдерде
сонша
деген үстеу
бірінші сөйлемде етістікті (
шаршадым
) айқындаса, екінші сөйлемде сын
есімді (
өреск
ел), үшінші сөйлемде зат есімді (
алтынды
) айқындап тұр.
Кейбір үстеулер жіктеліп баяндауыш та болады.
Мысалы: Мен мұндамын.
Мен сенімен біргемін.
Достарыңызбен бөлісу: