Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет348/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 139. Жақты сөйлем 
Бастауыш бірде айтылып, бірде айтылмай, айтылмаса да баста-
уышының қай жақтағы сөз екендігін баяндауыштың морфологиялық 
тұлғасына қарап оңай тауып алуға болатын жай сөйлемді ж а қ т ы
с ө й л е м дейді.
Толымды сөйлем де, толымсыз сөйлем де жақты сөйлем бола береді.
1) 
Оқудан келе жатыр екен. (С. М.) 
2) 
Мейрам рульді шоферға берді. (Ғ. М.) 
3) 
Жарасып-ақ тұр. («Қ. Әд.») 
4) 
Мерзімсіздеу уақытта құс сала кеткен баласы 
кешігіп келмегенге Зейне түнімен көз ілмеді. (С. Бег.) 
5) 
Айбынды атағы 
әлемге тараған өзіміздің бір дивизиядан келе жаттым. (Ә. Ә.)
Бірінші, үшінші, бесінші сөйлемдердің бастауыштары айтылмаған. Бірақ 
оларды табу қиындык келтіріп тұрған жоқ. Кім келе жатыр екен? Не ж а р а с 
ы п-а қ т ұ р? К і м к е л е ж а т т ы ? деген сұрақ қойсақ, бастауыштардың 
бірінші, үшінші сөйлемдерде үшінші жақтағы сөз 
ол 
екендігі, бесінші 
сөйлемде бірінші жақтағы сөз 
мен 
екендігі көрініп тұр. 
185-жаттығу

Сөйлемдерді оқып шығып, бастауышы айтылмаған сөйлемдерді бір бөлек, 
бастауышы айтылған сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазындар. 
1) Уайымшыл болғанша, өжет неге болмадым. 
(Ғ. М.) 
Ардақ бұрын көрмеген 
алып машинаны тамашалап біраз тұрды. 
(Ғ. М.) 
3) Өмірдің сұлу, көркем 
екенін білмейтін едік. 
(С. Ер.) 
4) Мен онымен алғашқы рет қалай 
танысқанымды бажайлап айтып бердім. 
(М. И.) 
5) Бұларды көрген соң шыдай 
алмадым. 
(Ә. Ә.) 
6) Раушанмен танысқаныма шексіз қуаныштымын. (М. И.) 7) 
Желден жаралған жылқы жануардың кере аяңынан қатты жүріс табыл-майды. 
(Қ. Әбд.) 
8) Ол араның шықты түні сағымды күндізге ұқсаңқырайды. 
(С. М.) 
9) 
Менің көзім қазір бір-ақ нәрсеге анық жетіп отыр. 
(«М. М.») 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет