Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


бола ма?  (Л. Л.)  2)  Кіруге  мүмкін



Pdf көрінісі
бет350/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

бола ма?
 (Л. Л.) 
2) 
Кіруге 
мүмкін
 
бе? 
(С. М.) 
3) 
Рұқсат па 
директор? (Б. С.)
5. Есімше етістікке әуелі қалау райдыц
- қ
ы, -ғы-, -кі-, -гІ
 
жұрнақтарының 
бірі жалғанып, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанған етістікке көмекші 
ретінде 
кел 
етістігі ашық рай тұлғасында тіркесіп айтылады. 
1) 
Жақсы әндер 
үйренгім келеді
. (С. М.) 
2) 
Мұны сен ойлап таптың ба, 
соны 
білгіміз келеді
. (Л. Л.)
 
186-жаттығу.
 
Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, жақсыз сөйлемдердің 
баяндауыштарының астын сызыңдар. 
1) Ендеше не керек, бетің-жүзің бар демей қарсы алысу керек. 
(М. Ә.) 
2)
Енді өз өмірін қымбатқа бергісі келді. 
(Л. Л.)
3) Әлі де он есе көбейтуге болар 
еді. 
(Ғ. Сл). 
4) Сол суды пайдалану керек. 
(Ғ. М.) 
5) — Әй, балақайлар, ар 
жаққа қай жерден өтуге болады? 
( Б. С.) 
6) Тек бұзылмаған автоматты 
пайдалана білу керек. 
( Л. Л.) 7) 
Оған дейін өзге қажеттеріңе өндіріс 


315 
артельдерінен тас алуға болады. 
(Ғ. Сл.) 
8. Мұнан төрт есе жуан арқан беру 
керек еді. 
(Л. К.)
187-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар да, жақсыз сөйлемдердің 
баяндауыштарының астын сызып, олардың қандай тұлғада жасалып тұр-ғандығын 
айтыңдар. 
1) Апамды жұтқан жалмауыздай болған бұл ауылдан менің кеткім келеді де 
тұрады. 
(С. М.) 
2) Ұққанда не істеу керек. 
(Ғ. Сл.) 
3) Менің бұдан былай 
сенімен жолдастасқым келмейді. 
(Б. С.) 
4) Қоянды рұқсат қағаз алмай аулауға 
болмайды. 
(С. М.) 
5) Сабақтың орнына саман жинатуға бола ма екен? 
(Б. С.) 
6) 
Бұл жолдас туралы кімнің сөйлегісі келеді? 
(Л. К-) 
7) Өз атыңызды білуге бола 
ма? 
(Ғ. М.) 
8) Хасеннен менің ән үйренгім келеді. 
(С. М.) 
9) Баймақанды 
өлтірмеу керек, тым еркін де жібермеу керек. 
(Ғ. М.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет