325
сөйлемдер тобын ж а л ғ а у л ы қ с ы з с а л а л а с с ө й л е м д е р
дейді.
Мысалы:
1)
Медет Трофимнің жанынан әлі де кеткен жоқ еді, қыздар-
дың гүл тапсырар кезегі бұларға жеткен сияқты. (К. 0.)
2)
Рахимов телефон
арқылы сөйлесіп еді, ол ешбір әскер жібермеген болып шықты. (3. Ш.)
Бұл сөйлемдердің екеуі де салалас кұрмалас сөйлем. Өйткені бұлардың
әрқайсысында дербес екі ой айтылған және ол екі ой өзара тең дәрежеде
байланысқан екі жай сөйлем арқылы берілген. Бірақ бұл екі жай сөйлемді бір
құрмалас сөйлемге байланыстырып тұрған ешқандай жалғаулық жоқ. Ол жай
сөйлемдер мағыналық жақындығы арқылы және бір дауыс кұйылысымен
интонация арқылы байланысып, бір күрделі ойды білдіріп тұр. Сондықтан бұл
сөйлемдердің екеуі де жалғаусыз салалас сөйлемдер қатарына жатады.
Жалғаулықсыз салаластар тілдің жалпы даму тарихында жалғаулықты
салалас сөйлемдерден бұрын дамыған. Өйткені тіліміздің казіргі даму
сатысындағы құрмаласқан жай сөйлемдердің арасын байланыстырып жүретін
жалғаулық шылаулар бір кездердегі толық мағыналы жеке сөздер болған да,
белгілі сөздерге тіркесіп ұстала келе бірте-бірте бастапқы лексикалық
мағынасынан айырылып, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасын
байланыстырып жүретін дәнекерлік қызмет атқарып, шылау сөздер
категориясына ауысқан. Сондықтан жалғаулық шылау жоқ уақытта екі жай
сөйлем ешқандай жалғаулықсыз-ақ мағыналық жақындығына қарай,
интонация арқылы бір күрделі ойды білдіретін кұрмалас сөйлем болып
қалыптасқан. Кейін жалғаулықсыз салалас сөйлемдерден белгілі
жалғаулықтар арқылы жалғаулықты салалас сөйлемдер дамып шыға
бастайды. Жалғаулықсыз салалас сөйлемдердің фольклорлық шығармаларда
және ауызекі сөйлеу тілінде көбірек колданылып, жалғаулықты салалас
сөйлемдердің жазба көркем әдеби шығармаларда көбірек қолданылатындығы
да жоғарыдағы айтылған қағиданың дұрыстығын дәлелдейді.
Салалас құрмаластар предикатив сыңарларының өзара мағыналық қарым-
қатынасына қарай мынау сияқты төрт түрге бөлінеді:
1) ыңғайлас салалас, 2) қарсылықты салалас , 3) түсіндірмелі (іліктес) салалас,
4) себеп-салдар салалас.
Достарыңызбен бөлісу: