Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


XIІІ м о д у л ь т е с т е р і



Pdf көрінісі
бет354/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

XIІІ м о д у л ь т е с т е р і 
 
1) Сөйлемде пысықтауыш қызметінде қолданылып тұрған сөз: 
Бүгін осы биені 
өздерің күзетіңдер: 

а) бүгін в) осы с) биені е) күзетіңдер d) өздерің
2) Қаратпа сөздің қатысуымен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
а) –Әке, қандай тайға мініп барайын ?
в) -Қай тай бетіңе қараса, соны мін. 
с) Жалмауыз кемпір тұра қуады.
е) Керқұла атқа тіл бітеді.
d) -Мен бетегеден биік, жусаннан аласа болармын, - дейді
3) Анықтауыш қызметінде қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз: 
Шырылдауық
шегіртке ыршып жүріп ән салған. 

а) шырылдауық в) шегіртке с) ыршып жүріп г) ән салған 
4) Пысықтауыш қызметінде қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз. 
Керқұла ат


құстай ұшып барады. 
а) керқұла в) ат с) құстай d) ұшып барады 
5) Қаратпа сөздің қатысуымен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
а) – Әке, батаңды бер! в) –Уа, тыңда, түге, мына кәріні ! 
с) –Меніңше, сен екеуміз бір жерден қателестік. 
d) –Бұл, әрине, сенің өз шаруаң. 
6) Еліктеу сөздің атқарып тұрған қызметін белгілеңіз. 
Оқ Хамиттың желке 
тұсынан зу етіп өте шықты. 
а) бастауыш в) баяндауыш с) толықтауыш d) пысықтауыш 
е) анықтауыш 
7) Сөйлемнің анықтауышын көрсетіңіз: 
Жаманның аттан құлағаны да
жаман. 
а) жаманның в) аттан с) құлағаны d) жаман 
8) 
«Білімді
» сөзі тура толықтауыш болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. 
а) Білімді бірді жығады.
в) Терең әрі жан-жақты білімді адам үздіксіз оқу, іздену арқылы ғана
алады. 
с) Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез. 
d) Күштімен белдеспе, білімдімен таласпа. 
9) «Жанды» сөзі тура толықтауыш қызметінде жұмсалып тұрған
сөйлемді көрсетіңіз. 
а) Аң аулап, құс салып, бір үйлі жанды қыс бойы асырып шығады. 
в) Жанды тіршілік иесі жер бетіне шығып, тіршілік қамына кіріседі. 
с) Өшкені жанды, өлгені тірілді деген осы . 
d) Бір үйде он үш жан-ды. 
е) Жанында досы Сұлтан бар. 
10) «
Бақтың іші салқын екен»
деген сөйлемдегі сөйлем мүшесінің саны 
дұрыс көрсетілген жауапты белгілеңіз. 
а) 1 в) 2 с) 3 d) 4 
11) Сөйлемнің бастауышын көрсетіңіз: 
Солардың түрлі түспен құлпыруы
Ботагөздің көңлін көлден тауға аударды. 
а) көңлін в) құлпыруы с) көлден d) Ботагөздің е) тауға 
12) 
«Ол орысша хат танып қалған екен» 
деген сөйлемдегі 
« хат»
сөзі: 
а) бастауыш в) толықтауыш с) анықтауыш d) пысықтауыш 
13) Қандай сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады. 
а) бір ғана сөз табынан болып, іргелес айтылған сөздер ; 
в) қатар айтылған есім сөздері мен етістік сөздері; 
с) бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен
байланысып тұратын сөздер; 
d) тұлғалануы бірдей сөздер 
е) тұрақты сөз тіркестері 
14) Оқшау сөздерге жатады: 
а) мақал-мәтелдер в) қаратпа сөздер, қыстырма сөздер, одағай сөздер
с) кәсіби сөздер, 


319 
d) диалект сөздер, терминдік сөздер 
е) кірме сөздер
15) Сөйлем жайылма сөйлем болу үшін оның құрамында: 
а) тұрлаусыз мүшелердің ең кем дегенде біреуінің болуы 
в) тұрлаусыз мүшелердің барлығының болуы 
с) ойды жеткізуге керекті мүшелердің барлығының болуы 
d) бастауыш пен баяндауыштың болуы шарт. 
16) Қандай сөйлем толымды сөйлем деп аталады:
а) тұрлаулы мүшелері толық қатысқан сөйлем. 
в) белгілі ойды білдіруге керекті сөйлем мүшелері толық қатысқан
сөйлем. 
с) тұрлаулы мүшелерімен бірге тұрлаусыз мүшелердің ең кем дегенде
біреуі қатысқан сөйлем. 
d) Тұрлаусыз мүшелері толық қатысқан сөйлем 
17) Толымсыз сөйлемді көрсетіңіз. 
а) Мемлекеттік емтихан жүріп жатыр. 
в) Оқытушы емтихан қабылдап отыр. 
с) -Ағай, жауап беруге бола ма ? 
d) –Сіздің дайындалуға әлі уақытыңыз бар. 
18) Жақты сөйлемді көрсетіңіз. 
а) Сәлемдемеңізді міндетті түрде жеткіземін. 
в) Берген уәдені қалай да орындау керек. 
с) Осы арада екі-үш күн аялдауға тура келеді. 
d) Оған таң қалудың қажеті бола қоймас 
е) -Шырағым, саған әлі тәжірибе жинақтау керек. 
19) Сөйлемде зат есім қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын
көрсетіңіз. 
Бұрын да Қаратауға талай келгенмін.
а) бастауыш в) баяндауыш с) толықтауыш d) анықтауыш
е) пысықтауыш 
20) Сөйлемде көсемшенің қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын
көрсетіңіз. 
Ескі бише отырман бос мақалдап... 
а) бастауыш в) баяндауыш с) толықтауыш d) анықтауыш
е) пысықтауыш
21) Мөлшер пысықтауышын көрсетіңіз. 
а) Сәуле қуанғаннан қозғала алмай қалды 
в) Ол бүгін келеді с) Жиналыста ұзақ сөйледі 
d) Әжесі үйде қалды е) Айналасын тез болжады 
22) Жалғаулықсыз байланысқан бірыңғай мүшелері бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Үйге Әсия, шешем, мен - үшеуміз ғана кірдік
в) Мәдениет-өркениеттіліктің басты көрсеткіші 
с) Біз, жастар, еліміздің бізге артып отырған сенімін ақтаймыз.
d) Арба да, дөңгелектер де қызғылт шаңның ішінде. 
е) Алмас, жас оқытушы, сабақты жақсы өткізуге тырысты. 
23) Бірыңғай баяндауыштардың қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз. 


Алыстағы жоталар мен айналадағы өлкелер де панасыз, жүдеу.

а) Етіс в) Етістік с) Сын есім d) Сан есім е) Зат есім 
24) Бірыңғай мүшелер қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын
көрсетіңіз.
Оспан мырза, бейіліңе де, сөзіңе де біз ырзамыз 
а) Пысықтауыш в) Бастауыш с) Баяндауыш d) Толықтауыш
е) Анықтауыш 
25) Сөйлем түрін анықтаңыз. 
Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл-күйін
білу керек. 

а) Жақсыз в) жақты с) сабақтас d) салалас е) атаулы 

 

XІV м о д у л ь 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет