Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет353/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

190-жаттығу.
 
Мәтінді көшіріп жазып, әр сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. 


317 
Мен Алматыдан Петропавлға ұшақпен ұшып келдім. Ашық аспанмен 
калқып келе жатқан ұшақтан төмендегі жер алақанның аясындай көрінетін 
әдеті. Бұл жолы аспаннан шолып келе жатқан жердің келбеті бұрынғы 
жаздарда көрінетін келбетінен өзгеше. Бұрын да текшеленіп көрінетін егін 
орнындағы жыртындылар биыл әлдеқайда кеңіп, кей жерде ұшы-қиырсыз 
далиып кеткен. Өйтпегенде ше? Үстіміздегі бір жаздың өзінде Қазақ 
республикасы соңғы қырық жылда жыртқан жерінен артык жер жыртып, 
отанның егін себетін қорына сегіз миллион гектардай үлес қосты!.. Осынша 
кең жыртылған тың және тыңайған жердің ұшы-қиыры қалай көрінбек.
(С. М.) 
191-жаттығу.
 
Мәтінді көшіріп жазыңдар. Ондағы бірыңғай мүшелердің астын сызып, 
түрлерін және өзара байланысу амалдарын айырыңдар. 
Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір 
күздің суық желіне айналған. Маңайда қызарып солған қурайлар көп керінеді. 
Бүрінен айырылған тобылғы да қуқыл реңді. Ұзарып сарғайған селеу мен 
бозғыл көде, жусан — бәрі де жел лебімен қалтырайды. Қара жел қуған қаңбақ 
кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Таң жаңада атқан. 
Салқын түннің қалың шығы жүргіншілердің аттарының тұяғын жылтыратып 
шашасына шейін суландырған. 
Ералының кең жазығына жаңа келіп ілінген жүргіншілер — ерте көшкен 
ауылдың ер азаматы. Көшіп келе жатқан—Абай аулы мен көрші ауылдар. Сол 
көштің алдында ұзаңқырап кеткеи мынау бір топ аттылар — Абай мен оның 
кей достары, кей ақын-әншілер. Топтың алдыңғы қатарында Абай, Көкбай, 
Шұбар — үшеуі өзгелерден озыңқырап, оңаша әңгімелесіп барады. Артқы топ 
Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен болатын. Бұлардың артында Ербол мен 
Баймағамбет бір бөлек келеді. 
(М. Ә.) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет