Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет351/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 141. Атаулы сөйлем 
 
Белгілі заттың қимылдық процесін бейнелемей, сол заттың я 
бірдеменің атын, болмысын, көрінісін білдіретін бір сөзден не бірнеше 
сөздердің тіркесінен тұрған жай сөйлемді а т а у л ы с ө й л е м дейді. 
Атаулы сөйлемдер, көбінесе, көркем әдебиетте пейзажды суреттеу үшін 
қолданылады да, мезгілді, табиғат құбылыстарын заттардың заттық бейнелі 
қалпын көрсетуге арналады. 
Атаулы сөйлемдер тек бастауыш ыңғайындағы сөзден, сөз тіркестерінен 
құралады: 
Түн. Клуб толы адам. Музыка. ( С. Ерубаев.). 
1. Атаулы сөйлемдер осындай жеке сөзді не сөз тіркесін айрықша сөйлемдік 
интонациямен айту арқылы жасалады. 
Атаулы сөйлемдердің мазмұны осы шақтағы болмысты , құбылысты 
білдірумен байланысты болады. Сондықтан олар өткен шақтағы оқиға, іс 
жайындағы ой болмайды, көбінесе мезгілді, айналамыздағы табиғат 
құбылыстарын, заттардың сол заттық бейнелі қалпын айтуға арналады. Ондай 
атаулы сөйлемдер көбінесе көркем әдебиетте табиғаттың суреті ретінде 
қолданылады. Олар жазушының тіліне ықшамды, көркемдік нәр беріп
болмысты, жаратылысты суреттеудің ерекше стильдік тәсілі ретінде 
жұмсалады. 
Айдала. Көлдің биік қабағы. Әлсіз жел. Күн батып барады. ( С. М. ).
Белес – белес биік қар. Қар астында шықырлаған жер үйлер. Айсыз, бұлтсыз 
қараңғы түн. ( Ғ .Мұст.). Түн. Электр шамы. Үй жап-жарық. Есік жақта 
киім ілгіш. Үлкен сары шкаф, айна ..., этажерка. Онда кітап. Қабырғада 
сағат. ( С. Ерубаев.). 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 


1)
 
Жай сөйлемдер құрылысына қарай қандай сөйлемдерге бөлінеді? 
2)
 
Қандай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады? 
3)
 
Жайылма сөйлемдер қандай мүшелердің қатысуымен жасалады? 
4)
 
Толымды сөйлем мен жайылма сөйлемнің арасында қандай 
айырмашылық бар? 
5)
 
Жақты сөйлем деген қандай сөйлем? 
6)
 
Атаулы сөйлемдеген не? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет