Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 39. Сөзжасам тәсілдері



Pdf көрінісі
бет87/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 39.
Сөзжасам тәсілдері 
 

Синтетикалық (морфологиялық) тәсіл
-

грек тілінің
 sintehesis –
«тізбек», «құрастыру» - «синтездің нәтижесінде жасалған», « біріктіруші» 
деген мағынада қалыптасқан термин) сөзжасамның түркі тілдерінде, соның 
ішінде, қазақ тілінде ең жиі қолданылатын тәсілі. 
Түбір сөзге я туынды сөзге 
қосымшалар қосу арқылы жаңа сөз тудыру тәсілін с и н т е т и к а л ы қ
( м о р ф о л о г и я л ы қ ) т ә с і л дейді.
Синтетикалық сөзжасам 
негізінде пайда болған тілдік бүтіндер т у ы н д ы т ү б і р, т у ы н д ы с ө з
делінсе, олардың қай сөз табына тән екендігі ескеріліп, т у ы н д ы з а т е с і м
(ки-ім, тара-қ, оқу-шы, біл-м, заң-гер),
т у ы н д ы е т і с т і к
(бас-та, ақ-та, 
шеге-ле, екеу-ле, жоғары-ла) 
т.б. осы тәрізденіп жеке-жеке сөз таптары 
тұрғысынан қарастырылады.
Синтетикалық сөзжасамның ең түпкі мағыналы бөлшегі – т ү б і р. Қазақ 
тілінің сөздік қорына енетін байырғы түбір сөздердің барлығы да сөзжасам-
ның барлық амалдарына, соның ішінде синтетикалық түріне де ұйытқы 
болады. 
Сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге 
келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі т ү б і р , н е г і з г і т ү б і р немесе
т ү б і р с ө з деп аталады
. Мысалы, 
бас, бастық, басшы, басқар, басқарма 
дегендердің бәрі бірдей түбір сөздер емес, түбірлес сөздер. Олардың ішінен 
тек 
бас
деген формасы ғана түбір сөз болады. Бұл сөз осындағы өзге сөздердің 
бәріне тұлға жағынан да, мағына жағынана да негіз ретінде қызмет етеді. 
Түбір сөз форма жағынан да, мағына жағынан да өз алдына жеке сөз ретінде 
қолданылатын дербес сөз болуы шарт. Мысалы, 
ал, біл, айт, сөз, ес, іс, мал, 
қат, тас, көп
сияқты сөздердің әрқайсысынан өз алдына әлденеше туынды 
сөздер жасауға болады. Мысалы: 
біл: білім, білгір, білгіш, білін, білдір, біліс, 
білімпаз т.б.
Бұл сөздер бір түбірден өрбіген туынды сөздер. Мұндай сөздер , 
әдетте, т ү б і р л е с с ө з д е р деп аталады. 
Бірақ тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей, жоғарыдағыдай түбірге және 
қосымша бөлшектерге ажыратуға көне бермейді. Олардың ішінде, 
мағынасына ұйытқы болғанымен, формасы жағынана дербес сөз ретінде 
қолданылмайтын түбірлер де кездеседі.Мысалы, 
қой, қозы, қора, қошқар, 
қотан; ояу, оят, оян 
деген сөздерді алайық. Бұлар да өзара түбірлес, төркіндес 
сөздер екені анық. Бұлардың да бастапқы түбірі қайсы екенін тұлғалық 
жағынан ажыратуға әбден болады: мұндағы бірінші топтағы түбірлес бес 
сөздің бөлшектеуге келмейтін ең түпкі бөлшегі – 
қо
- деген форма да, екінші 
топтағы түбірлес үш сөздің ең түпкі бөлшегі – 
ойа
- деген морфема. Бірақ бұл 
морфемалардың қайсысы болса да қазіргі тілімізде дербес сөз ретінде 
қолданылмайды; олар тек сол қосымшалы морфемаларда тұрғанда ғана жеке-
дара сөз ретінде жұмсалады. Жалаң түбір ретінде жұмсалмайтын, тек белгілі 


89 
формаларда ғана қолданылатын мұндай түбірлер, әдетте, өздерінің түбірлерін 
салыстыру арқылы анықталады. Грамматикада мұндай түбірлер
өлі түбірлер 
я көнерген негіздер
деп аталады.
Қазіргі түбірлердің бәрі де лексикалық, грамматикалық және дыбыстық 
жақтарынан тұрақты бір бүтін тұлғалар. Ол түбірлер практикалық тілде жеке-
дара сөз ретінде де, жаңадан әр алуан сөздер тудыратын негіз ретінде де 
жұмсала береді. Мысалы : 
ол, бұл, кел, кет, ас, ат, шаш, қас, бас, тас, сөз, 
мен, сен, біз, сіз, үміт, үйрет, ояу, оят, жан, жақ, жалын, жалаң, жалқы, 
жалғыз, қайт, қайыр 
сөздерінде осы қасиеттердің бәрі бар. Бірақ тарихи 
тұрғыдан қарағанда, түбір бірте-бірте мағына жағынан да, дыбыстық 
(фонетикалық және морфологиялық ) жағынан да дамып қалыптасады. 
Мысалы, тілдің қазіргі тұрғысынан алғанда, жоғарыдағы 
жақ, жан, жалын, 
жалаң, жалқы, қайт, қайыр
сөздері – түбір сөздер. Ал, тарихи тұрғыдан 
алсақ, осылардың бәрі де туынды сөздер; өйткені 
жақ, жан, жалын
сөздері 

қы, -ны, -л +ын
қосымшалары арқылы бастапқы 
жа 
деген түбірден, 
жалаң, 
жалқы, жалғыз 
сөздері 
–аң, -қы, -ғыз
қосымшалары арқылы 
жал 
деген 
түбірден, 
қайт, қайыр
сөздері 
–т, -ыр
жұрнақтары арқылы 
қай
деген түбірден 
туған. Демек, ерте замандарда түбір есебінде қызмет еткен бұл морфемалар 
бірте-бірте көнеріп, туынды сөздердің құрамына еніп, ол құрамнан 
бөлінбейтіндей күйге жеткен де, жаңадан сөз тудырарлықтай түбірге айналған. 
Осындай көнеленген сөздер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет