«Қазақ тілі мен әдебиеті» 4 курс



бет3/14
Дата24.05.2022
өлшемі44,58 Kb.
#144825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ғабит-Мүсіреповтың-өмір-жолы-5687

Негізгі бөлім


2.1. Ғабит Мүсіреповтың өмір жолы
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған Ғабит 1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Болашақ жазушының көркем әдебиетке деген құштарлығын оятуға осы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген ақы әрі көрнекті педагог Бекет Өтетілеуовтің ықпалы күшті болды. «Бекет менің қиссаға құмарлығымды білгеннен кейін, мені әдебиетке тура тарта бастады. Әуелі «Жиған-терген» деген өзі шығарған өлеңді берді... Содан соң ол маған бір жетіге «Шаһраман» қиссасын беріп, кейін ертегі ретінде түгел айтқызып шықты» деп еске алады Ғабит Мүсірепов өзінің «Автобиографиялық әңгімесінде». Б.Өтетілеуовтің көмегімен Ғабит Мүсірепов бұдан кейін Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищеге қабылданады. Училищеде оқып жүрген кезінде ол А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, А.М.Горький, В.Г.Короленко, Дж.Лондон секілді ақын, жазушылардың кітаптарын оқиды, көркем әдебиет әлемінің сырларына қанығады. Ғабит Мүсірепов училищені 1921 жылы тәмамдайды. Ғабит 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшылар факультетіне (рабфак) оқуға алынады. Бұл тұста ол орыс әдебиетінен білімін байыта түседі, орыс классиктерінің (Л.Толстой, А.Чехов, Н.Гоголь, М.Горький) шығармаларын айрықша қызығып оқиды; «Едіге» деген қысқа әңгімесін 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жариялайды.
Ғабит Мүсірепов рабфакты бітіргеннен кейін бір жыл Омскідегі ауыл шаруашылығы академиясында оқиды. Осы кезде ол «Әмірқан бидайығы» деген аударма кітап шығарады; 1927-1928 жылдры Щучинск қаласындағы орман шаруашылығы техникумында сабақ береді. Бұдан былайғы жылдарда ол кеңес, партия, баспасөз орындарында қызмет істей жүріп, қаламгерлікпен де айналысады.
Ғабит Мүсірепов «Қазақстан» баспасының бас редакторы, Қазақ АКСР Оқу халық комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы (1934-1935), 1936 жылы ВКП(б) Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1937 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі болады.
1937-1938 жылдарда қара дауылдай соғып өткен сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді; қазақ әдебиетінің негізін қалаған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров бастаған көптеген ақын-жазушылар нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қатары қырқылып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас шығасыға душар етті. Дәл осы кезеңде өз басына қауіп-қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі – Ғабит Мүсірепов еді. Оның жазушы Бейімбет Майлинді қаралаушылар дүрмегіне қосылмай, «Бейімбет халық жауы болса, мен де халық жауымын», - деп сөйлегені бүкіл елге мәлім болған.
Ғабит Мүсіреповтің ел басына түскен ауыр оқиғаларды барлық ақиқатымен айта алатыны оның «Бұл Шұғылада болған еді» деген әңгіме-очеркінен анық көрінеді. 1930-1933 жылдарда қазақ халқы ашаршылықтан қырылып, тірі қалғандары күнкөрерлік жер іздеп, бет-бетімен босып кеткені мәлім. Мәскеу билеушілерінің Қазақстанды басқаруға жіберген адамы – Ф.Голощекин жергілікті халықтың тұрмыс-салтымен, дәстүрімен, шаруашылық, кәсіп ерекшілігімен санаспай, елді ашаршылыққа ұшыратып, тоздырып жіберген кезеңнің шындығын батыл жазуға тәуекел еткен жазушылардың бірі де – Ғабит Мүсірепов. «Бұл Шұғылада болған еді» деген очеркінде ол қазақ халқына жасалған голощекиндік геноцидтің сұмдық көріністерін далада иесіз қалған мекендер мен аштықтан опат болған адамдардың тау-тау болып үйілген, көмусіз қалған сүйектерін көріп, жаншошырлық қырғынның қорқынышты суреттерін қаз-қалпында көрсетті. Жазушының туралық үшін күрестері ақырында оның өзіне де соққы болып тиді., ол партия қатарынан шығарылып, қызметінен босатылды. Ғ.Мүсіреповтің 1938 жылдан 1955 жылға дейін «бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуының» түпкі себебі осындай.
1955-1966 жылдарда Ғ.Мүсірепов Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің органы «Ара – Шмель» сатиралық журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы қызметін атқарды. Бұл кезеңде ол қоғам қайраткері ретінде де көрнекті жұмыстар істеді. Ол 1962 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ғ.Мүсірепов Азия, Африка елдері достық қоғамының мүшесі болды; Жапония, Мысыр, Алжир, Италия елдерін аралады. Әдебиет саласындағы қызметі ескеріліп, ол Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. Қазақ әдебиетін дамытудағы көрнекті еңбегі үшін оған Социалистік Еңбек Ері атағы (1974) берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет