Қазақ тілі мен әдебиеті Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар



бет37/64
Дата19.12.2021
өлшемі420,74 Kb.
#103566
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64
Байланысты:
каз тили нуралы

Мәнмәтіндік тапсырмалар
1-мәнмәтін

Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма

Көктемнің жайма-шуақ мезгілі. Шыңғыс хан сергіп қайтпақ болып орманға келеді. Бірнеше үйрек атып алған Шыңғыс хан нөкерлерімен от басында әңгіме-дүкен құрып отырады. Кенет жандарынан үйірімен дүбірлеп еткен жабайы қабандарды көреді. Жас кезінде аң аулағаны есіне түскен Шыңғыс хан қаны қызып, атына міне салып қабандарды қуа жөнеледі. Оны көрген кабандар жан-жаққа бытырай қашады. Тек қара сұр қабан артына жалт бұрылып, аңшыға қарай атылады. Оның осы қимылынан сескенген Шыңғыс ханның аты шегіншектеп барып, кілт тоқтайды. Өзін-өзі ұстай алмаған Шыңғыс хан жапырақ үйілген жерге гүрс етіп құлайды Осы сәтте әміршінің соңғы көргені - жанынан сұр көлеңке зу ете қалғаны. Амалы қалмаған Шыңғыс хан етігінің қонышындағы қысқа өткір қанжарын лып еткізіп суырып алады.



  1. Мәтіндегі дыбыстық еліктеуіш сөз

  1. лып еткізіп

  2. жалт бұрылып

  3. кілт тоқтады

  4. зу ете

  5. гүрс етіп

  1. Кектемнің жайма-шуақ мезгілі.

Сөйлемнің түрі

  1. Толымсыз сөйлем

  2. Лепті сөйлем

  3. Атаулы сейлем

  4. Құрмалас свйлем

  5. Жақсыз сөйлем

  1. Тек кара сұр қабан артына жалт бұрылып, аңшыға қарай атылады. Құрмалас сөйлемнің түрі

  1. Мезгіл бағыныңқы

  2. Мақсат бағыныңқы

  3. Қимыл-сын бағыныңқы

  4. Қарсылықты бағыныңқы

  5. Шартты бағыныңқы

  1. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі

  1. оның қимылынан

  2. бірнеше үйрек

  3. қабандар бытырай қашады

  4. Шыңғыс хан әңгіме-дүкен құрып отырады

  5. үйрек атып алған

  1. Жас кезінде аң аулағаиы есіне түскен Шыңғыс хан қаны қызып, атына міне салып қабандарды куа жөнеледі.

Сөйлем ішіндегі есімше мен көсемшенің саны

  1. Үш есімше, бес көсемше

  2. Бес көсемше, екі есімиіе

  3. Алты көсемше, үш есімше

  4. Екі есімше, төрт көсемше

  5. Екі көсемше, бес есімше


2- мәнмәтін

Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма

Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын жетпіс екіге келіп, тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып, жан досы Нұрлыбекті іздепті. Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан кұлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан, арбаға жамбастай жатып, досына жеткен екен. Сонда Естай әбден жұқарып тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіретін қартгарға ескерт, мына жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білссің. Ендеше қалған ғасырларда да саусағымда жарқырап жатсын... ұлы сезімін кішкене жүзігіне сыйдырған кайрая Қорланым-ай»,- деп ағыл-тегіл жылапты. Естайдың бұл әрекетін естіген Қорлан:

Егер олай етпесе,

Естай Естай бола ма?!

Естай Естай бола ма?!

Онсыздағы жаны сұлу балаңа

Сұлу өмір сыйлапсың-ау, жер-ана! - деп ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп, еңкілдейді. (М.Шаханов)



  1. Ақынның аты

  1. Қорлан

  2. Мұхтар

  3. Маралды

  4. Естай

  5. Нұрлыбек

  1. Естай ақынның Нұрлыбекті шақырту себебі

  1. Арманды өтінішін айту

  2. Алыстағы досын сағынуы

  3. Інггегі мұңымен бөлісу

  4. Аманатын қайтару

  5. Жан досымен кездесу

  1. Мәтіндегі «жүзік» сөзінің шығармадағы әдеби ұғымы

  1. Мақсат

  2. Символ

  3. Айшык

  4. Идея

  5. Әшекей

  1. Асық жандардың сүйіспеншілігініц белгісі

  1. ұлы сезім

  2. сұлу өмір

  3. ақ махаббат

  4. жарты ғасыр

  5. кішкене жүзік

  1. Мәтінге сәйкес келетін авторлық байлам

  1. Сүю үшін жаралған жандар

  2. Нағыз ғашық қарттығына көне ме?

  3. Достық - алтыннан қымбат

  4. Ғашықтың тілі -тілсіз тіл

  5. Махаббатсыз өткен ғұмыр



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет