Қазақ тілі мен әдебиеті Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар



бет63/64
Дата19.12.2021
өлшемі420,74 Kb.
#103566
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
каз тили нуралы

Мәнмәтіндік тапсырмалар

1-мәнмәтін

Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма

Түлкі мен жолбарыс

Бұрынғы уақытта түлкі мен жолбарыс жолдас болыпты. Екеуі бір жардың басына келіп қоныпты. Жолбарыс айтыпты: 

- Мен мына жардан құлап кетермін, сен, түлкі, менен төмен жат, - депті. 

Сөйтіп, түлкі жалбарыстан төмен жатыпты. Жолбарыс ұйықтап қалғанда, түлкі жолбарыстан жоғары шығып жатып:

Әй, жолбарыс мені басып кеттің, әрірек жат! – депті. Жолбарыс, жылжи бергенде, жардан құлап кетіпті. 

61. Жолбарыс жылжи бергенде, жардан құлап кетіпті.

А) Салалас сөйлем

B) Аралас сөйлем

C) Шартты бағыныңқылы

D) Көп бағыныңқылы

E) Мезгіл бағыныңқы сабақтас 

62. Қосымша жалғанған кезде түбірі өзгеріске ұшыраған сөз.

A) Бергенде

B) Жардан

C) Жолбарыстан

D) Екеуі

E) Бұрынғы 

63. Пысықтауыштық қатынас

А) жолбарыс ұйықтап қалғанда

В) төмен жатыпты

С) бұрыңғы уақытта

D) бір жарды

E) мына жардан 

64. Сөйлемнің түрі

Мен мына жардан құлап кетермін, сен, түлкі, менен төмен жат.

А) Түсіндірмелі салалас

B) Мезіл бағыныңқылы

С) Шартты бағыныңқылы

D) Ыңғайлас салалас

E) Қимыл-сын бағыныңқылы 

65. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

А) Сөйтіп, түлкі жолбарыстан төмен жатыпты

В) Жолбарыс айтыпты.

C) Екеуі бір жардың басына келіп қоныпты.

D) Бұрыңғы уақытта түлкі мен жолбарыс жолдас болыпты

Е) Мен мына жардан құлап кетермін, сен, түлкі, менен төмен жат 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет