Қазақ тілі мен әдебиеті Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар


Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар



бет60/64
Дата19.12.2021
өлшемі420,74 Kb.
#103566
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
каз тили нуралы

Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар

 3263-нұсқа

1. Мақалға тән белгіні көрсетіңіз

А) Жұмбақталып, астарлы мағынада айтылады

В) Ой анық болып, тұжырым жасалады

C) Бейнелі әрі тұспалданып айтылады

D) Сөйлем толымсыз болып келеді

E) Ой жанамаланып беріледі 

2. Шешендік сөздегі фразеологизмнің мағынасын ашыңыз.

-Ой, ханым-ай, саған мен тамыр болғалы, қолқа сала келді дейсің бе, ханның тері сіңген, тебінгісі тигенін берсең де болады ,-депті.

А) Қалау. 

В) Ұрсу.


C) Ренжу.

D) Қарсы болу.

E) Достасу. 

3. Архаизм қатысып тұрған сөйлем

A) Бұл жарлықтан ұтқан Сәмекеге, Бөкей, Уәли ханның тұқымдары ғана

B) Айран-асыр болған Ақназардың аузы ашылып қалды.

C) Тек өздеріне меншікті төленгіттері үшін ғана салық төлейтін болды

D) Тайжан патшаға қарсы ереуіл ұйымдастырушы үшін бес жыл бұрын Омбы сотының үкімімен өлім жазасына кесілді

E) Кейбір қомды түйелерде ағараңдаған әйел кимешектері көрінеді 

4. Тасымалдауға болмайтын сөз

A) жердегі

В) қарт

C) таңертеңгі

D) тиын

E) қария 

5. Сингармонизм заңдылығы бойынша жазылған қатар

А) Иса таякты жібермей тұрғанда, Тәкежан кеп, баласын тоқтатты

B) Жұмабайдың астындағы да сол Құнанбайдікi – Найманкөк деген үлкен ақ көк ат болатын

С) Ығып кеткен қойдың артынан, жазықсыз малға жаны ашыған бетімен қатты жүгірді.

D) Иса Әлімбайды таяғымен қоса итеріп тастап, жүгіре жөнелді.

E) Қолыңда шоқпары, үстінде жалғыз көнетоз шапаны бар 

6 Тілдің ілгері қарай сазылуы арқылы жасалатын дауыстылар қатары 

А) ы,ү

B) ұ,у 


С) а,е

D) ә,ө


E) а,о

7. Түбір сөздер

А) Мұғалім, күйлі

B) Жорға, жомарт

C) Сыпырғыш, жапырақ

D) Бұтақ, кітап

E) Шаруашылық, ғылым 

8. Күрделі сөз қатысып тұрған сөйлем

А) — Тіпті, осы айтқаным елдің де сыры,өзімнің де шыным, балалар

B) Бар алымын түгендеп беріп құтылса да,көп кедей әлі күнге жауап атаулының көз қырында

С) Ол мінетін біздің жатаққа да үнемі істейді

D) Ал сондай еңбектің кадірін бүгінгі тіріге, келер нәсілге үлгі етіп сырлап, жырлап беруге мен міндеттімін

E) Іргелі де ел, үлгілі де ел ғой осы орыс 

9. Бірігу арқылы жасалған ойын атаулары

А) Ақсүйек, Ақбозат, Баспасөз

В) Доптаяқ, Орынсатпақ, Балтамтап

С) Қойбүлдірген, Ханталапай, Ләңгі

D) Алтыбақан, Қосаяқ, Айгөлек

E) Алтынқабақ, Қызбөрі, Көкжөтел 

10. Туынды зат есім қатысып тұрған сөйлем

А) Абай мен өзге үлкендер бұның сөзіне жауап берген жоқ, олар біліп отыр

B) Қалың әскер жүздік, мыңдық саппен кәдімгі жарды ұруға келе жатқан толқындай. 

C) Бірімен-бірі хандыққа, баққа, жерге таласып рәсуа болса ше?  

D) Қолында өнері жоқ, алдында малы жоқ, айнала пана жоқ.

E) Біреуді мақтаса айын аспанға шығарып, Жер-көкке сыйғызбай көтермелейтін қазақ. 

11. Сапалық сын есім

A) Қызыл, көтеріңкі

B) жеңіл, қараңғы

C) Жаңбырлы, жақсылық

D) Cұр, шоқпардай

Е) Күзгі, момын 

12. Қатыстық сын есім қатысқан сөйлем

А) Аққозы Момыштың көп семізінің бірі екен

B) Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген тобылғы торы екен

C) Сұр дала мен құла адырлардың үстіне қып-қызыл күн шапақ атты

D) Ханның оң иығында тұрған қара бұжыр адам қабылдау бітті дегендей ишара көрсетті. 

E) Оған қарсы тұрған әкім одан да төмен еңкейіп, басын иіп салем берді.. 

13. Жинақтық сан есім

А) Біреу тойып секіреді 

Біреу тоңып секіреді

В) Біреуінің күні жоқ біреуінсіз

С) Түйе біреу, ат екеу, ешкі бесеу

D) Біреудікін берерсің,

Өзіңдікін төлерсің.

E) Біреу үшін жасылғым 

Өзім үшін асылым. 

14 Тәуелденіп, ceптеліп қолданылатын жалпылау есімдігін көрсетіңіз.

A) бәрін


В) бүтін

С)күллі


D) тегіс

Е) жаппай 

15. Түбір етістіктер

А) тарай, кеңей

В)Жамыра, секір

С) өкпеле, мойында

D) бүкірей, бүкши

E) алыңқыра, беріңкіре 

16. Шартты райлы етістік катысқан сөйлемді табыңыз

А) Жақсы ағаның зор дәмесінәмсе естіп ақтағайсың

В) Мыңжасар ағасының жолын қуып, сотқар атанғысы келді ме

C) Алдында ызғар шашып темірдей қарыған жат кеңістік жатыр

D) Қарсыласуға, тіпті тоқтатып қоюға еркі бар

E) -Бір көрсем, арманым болмас еді,-дейтін еді, ол әкесін сағынғанда 

17. Туынды етістік жасайтын жұрнақтар

А) –дас, – ле, -р

B) -малы, -ық, - ыс

C) –ыра,-лы, -шан

D) -сыз, дайын, -т

Е) –гер, -ім, -ша 

18 Бірыңғай бастауыштарды табыңыз

А) Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды

B) Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін

C) Қызыл тарланбас өзі құтты, өзі сүтті бие еді

D) Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. 

E) Ұстатпағандары мен тапқызбағандары қуанып күледі 

19. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған сөз табы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет