Қазақ тілі мен әдебиеті Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар


Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар



бет56/64
Дата19.12.2021
өлшемі420,74 Kb.
#103566
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64
Байланысты:
каз тили нуралы

Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар

3259-нұсқа

1.Көп мағынаға ие бола алатын сөз

Адамға келген он бәленің тоғызы - тілден

А) келген

В) адамға

C) тоғызы

D) бәленің

Е) тілден 

2 Мәтелді көрсетіңіз.

А) Жартыны жарып жеген – татулықтың белгісі

B) Көз жетпеген жерге сөз жетеді

С) Аузымен орақ орған

D) Өнерлінің өзегі талмас 

E) Тәуекелдің кемесі суға батпайды 

3. Көп әрі жылдам сөйлейтін адамға карата айтылатын тұрақты сөз тіркесі

А) аузы-аузына жұқпау

В) ауыз жаласу

C) aуыз тию

D) ауызға ілінбеу

E) аузын ашпау 

4. Бірыңғай бітеу буынды сөздар қатарын белгілеңіз.

А) Абай, аққала

B) Қазақ, наурыз 

С) Түркістан, Алматы

D) Жаңбыр, достық 

E) Махаббат, Астана 

5. Сөз ішіндегі кейінді ықпалы бар катар

А) Кешке жұмыстан кеп, атасының қасына отырды

В) Әр өлеңінің, әнінің мәнін, жөнін түсініп отыр. 

С) Бір күннің ішінде игі жақсыларды жинап алды

D) Бұл сөзді жүрегіне кек алған адам ғана айтар 

E) Айнала қалың өскен бау-теректен құстар көрінді. 

6. Атытуы мен жазылуында өзгешелік байқалатын сөздер

A) ықтимал, кеше

B) Абай, бастауыш 

С) ағалы-інілі, ағай

D) разы, тұрмыс

E) бай-кедей, апай 

7. Түбірлес сөздерді белгілеңіз

А) малдан, малсақ, малу. 

В) Ақта, ақтару, ақса

С) Қаралы, қаражат, қарағай

D) Әсемдік, әсемпаз, әсемдену. 

E) Жаққыз, жақпар, жақын 

8 Түбірлес сөздер

A) егінші, құрылысшы

B) уәделес, дидарлас

C) суретпен, суретке

D) егінді,егіннің

Е) суретші, суреткер 

9. Түбірлес сөздер

A) сүзгіш, жүргіш

В) көрші, ауылдас

C) көрініс, көрсет 

D) көне, көрме

E) көрген, білген 

10. Анықтауыш қай сөз табынан жасалған 

Абай әкесінің сөзін мұқият тыңдады.

А) зат есім

B) cан есім

С) есімше

D) сын есім

E) есімдік

11. Адамның қасиеттерін білдіріп тұрған қатыстық сын есімдер

А) бетегелі, жусанды, жантақты

В) жігерлі, иманды, өнерлі 

С) желекті, жапырақты, гүлді

D) таулы, қыратты, дөңесті

E) сулы, көлді, өзеңді 

12 Көмекші есімді табыңыз

Үй сыртына кеп түскен ат дүбірмен аралас арсылдап үрген ит даусы естілді.

А) дүбірімен

В) Сыртына

C) Аралас

D) Естілді.

E) Кеп түскен 

13. Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.



Әлдеқайдан гармонь үні, ән сазы естіледі.

A) Бастауыш

В) Пысықтауыш

C) Анықтауып

D) Баяндауыш

E) Толықтауыш 

14. Түрленген сан есім

А) Мың тоғыз жүз отызыншы жыл, қаһарлы қыз

В) Үш-төрт шақырым жер қалғанда алдымыздан шықты

С) Бір түстік өмірін болса, екі кештiк мал жина

D) Жеті өзеннің бойына қоныс тепкен ел бар

E) Үш-төрт шақырым жер қалғанда амалсыздан шықты

15. Қалау райлы тіркесті табыңыз

А) хат жазайын.

В) дұрыс оқы 

С) жасыл шөп.

D) ертерек барғайсын

E) әдемі жазса 

16. Ортақ етісті сөйлем 

А)Біз колхозда қора сыластық, егін жинастық

В) Бұның бәрі Құнанбай ауылы деп аталады

C) Хакімнің көзі кепке дейін ілінбеді.

D) Тіл жетпесті үн жеткізіп жатыр.

E) Сейітке ат жектіріп бер. 

17. Тұйық етістікті тіркес

А) қоңыр аю

В) тазалап жу

С) малды жаю

D) әдемі бау

E) биік тау 

18. Тура толықтауышты табыңыз.

А) Cөз- түпсіз, өмір – шексіз. 

В) Қазына құпиясы ақылмен ғана ашылады

C) Жаман қорыққанын сыйлайды.

D) Жаманға жалынба, жауыңа табынба

E) Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп 

19. Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлем.

А) Арғын, Найман, Керей, Уақ - төрт арыс бас қосыппыз.

В) Қазақ халқы – ел сұлуының бірі, қазақ жері – жер сұлуының бірі

С) Өзі сері, әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де – бірі кәрі, бірі жас бала – қызыға да тамашалай қараған.

D) Салтанат бойжеткеннің Тінібек үйіне алғаш келгені бұл емес.

E) Рас-ау, Абай аға, тағы бір байқағанды айтайын ба? 

20. Құрмаластың тек салалас және сабақтас деген 2 түрі бар екенін, ал аралас құрмаластың «өз алдына бір бөлек заңдары жоқ» екенін айтқан ғалым:

A) С.Жиенбаев 

B) Ғ. Бегалиев

С) М. Томанов 

D) С. Аманжолов

E) H. Сауранбаев 

21. Аралас құрмалас сөйлем

A) Бесеудің тұтас қосылсаң, Құлтайды сайлаймыз

B) Абай үйге кіргенде, Әбіш хатты оқып шыққан еді.

С) Осынша әзiрлiгі бола тұра, ол тойын жасамай кетті 

D) Жүсіп сөйлемекші еді, жұрттың шапалақтаған қолы бөліп, біразға дейін сөйлетпеді. 

E) Тоқашты іздеш, ертеңіне екеуі: Жанар мен Мұрат қалаға барды 

22. Сенімділікті білдіретін қыстырма сөз қатысқан сөйлем

А) Меніңше, өзіне тән ерекшеліктері бар халық өзінің тілін, дүниетанымын өте мықты, іргелі тұғырларға орнықтыра алатыны заңды.

B) Адамның дене бітімі, әрине, табиғатттың үйлесімді заңдылықтарына тәуелді 

С) Шынында, рухани құндылықтар мәдениеттің сақталуына, өрбуіне себепкер болады

D) Ұлттық менталитет, мүмкін, қазақтың «халықтың ділі» деген ұғымына сәйкес келер

E) Ыстық қой, шіркін, туған жер! 

23. Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз

А)Бiздер, студенттер, қарттарды қамқорлыққа алдық

В) Абырой бергенде, оқиға мен ойлағандай болмады. 

С) Жүрегім, ненi сезесің?

D) Япырмау, әттеген-ай, атын сұрамаппыз ғой!

Е) Қарағым Бәтима, жауап жаздым хатыңа. 

24. Төлеу сөз

А) Ең соңғы кезде Еркежан ІІІұбарға енді қайтып келіп сөйлеспеуге бұйырды. 

B) Абай Ағқылбайдан: «Қалада не хабар бар?» - деп сұрады

C) Әрбір адам – өз бағының бағбаны (М.Әуезов).

D) Сөзін оқы және ойла, тез үйреніп, тез жойма.

E) «Жас уақытта көңiл-гүл», - деді Абай. 

25. Жеке адам өміріне қатысты ісқағаз түрі

А) хабарландыру

В) жарнама

С) мәжілісхат

D) күнделік 

E) хаттама 

26. «Құтты білік» жырындағы Әділет бейнесіндегі кейіпкер

А) Айтолды

B) Өзгірміш

C) Одғұрмыш

D) Өгділміш

Е) Күнтуды 

27. Ахмет Йасауи дүниеге келген жер

А) Бұқара каласы

B) Сайрам қаласы

C) Ташкент қаласы

D) Қапшқар қаласы

E) Сыр бойы 

28. “Күлтегін” жырындағы жырау есімін табыңыз.

А) Қапаған

В) Білге қаған

C) Елтеріс

D) Күлтегін

E) Тоңұқұқ

29. Аңызға тән ерекшелік

А) Қиял элементтері мүлде болмайды

B) Шындыққа жақын тұрады

C) Бір нұсқалы ғана болады

D) Қиялға құрылады

Е) Тарихи шындық пен қиялға құрылады 

30. Нәрестенің дүниеге келуіне қатысы жоқ салт 

А) Тұсау кесу

В) Атқа мінгізу

C) Шілдехана 

D) Бесік той

E) Тойбастар 

31. Ауыспалы мағынадағы мақал

А) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

В) Атаның баласы болма, Адамның баласы бол

C) Hе ексең, соны орасың

D) Ер қанаты - ат 

E) Ана алдында – құрмет, ата алдыңда - қызмет 

32. Әмеңгерлік салт кездесетін жыр

A) «Сұлушаш»

В) «Еңлік-Кебек»

C) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»

D) «Айман-Шолпан»

E) «Қыз Жібек» 

33. Таңсық, Айдос, Тайлақ кездесетін жыр

А) «Еңлік-Кебек»

В) «Ер Тарғын»

C) «Қамбар батыр»

D) «Қыз Жібек»

E) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 

34. Қыз Жібек жырына өзек болған оқиға

А) Екі жас арасындағы шынайы махаббат

В) Батырлық

C) Елдегі жағдай

D) Сараңдық

E) Шапқыншылық 

35. Алпамыс бек болған ел

A) Қыпшақ елі

В) Ноғайлы елі

C) Албан елі 

D) Дулат елі

Е) Қоңырат елі 

36. Бұқар жырау өмір сүрген жылдар

A) 1668-1781

В) 1465-1560

C) 1706-1778

D) 1675-1768

E) 1748-1819 

37. Өзін «айдаса, қойдың көсемі, сөйлесе, қызыл тілдің шешені» деп таныстырған жырау

A) Доспамбет

В) Ақтамберді

C) Қазтуған

D) Жиембет

E) Бұқар 

38. Асан қайғының ел аралаудағы мақсаты

А) Өзін таныстыру

B) Өнерге шақыру

С) Өз өнерін паш ету

D) Ел тыныштығы 

E) Ел тану

39. Шортанбай мұрасы туралы алғаш рет оң пікір білдірген_______ 

А) Е.Ысмайылов

В) М.Әуезов 

С) Ғ.Мүсірепов

D) Қ.Жұмалиев

E) С.Мұқанов 

40. Тарихта болған белгілі адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туған көркем шығарма

А) айтыс

В) наурыз жырлары

С) жұмбақ

D) ертегі

Е) аңыз әңгіме 

41. Үш адамның сұқбатына құрылған Ыбырайдың әңгімесі

А) «Өрмекші, құмырса, қарлығаш»

В) «Зеректiк»

С) «Таза бұлақ» 

D) «Әке мен бал»

E) «Мақта қыз бен мысық» 

42.С.Бегалиннің Шоқанға арнап жазған шығармасы

А) «Бала Шоқан»

В) «Шоқан асуы»

C) «Дала қыраны»

D) «Ш.Уәлиханов»

E) «Аққан жұлдыз» 

43. Шәкәрім алғашқы өлеңін кімге арнады

A) Әкесіне

В) Ұстазына

C) Анасына

D) Халыққа

E) Абайға

44. Драманың түрлері көрсетілген қатар

А) Очерк, пьеса, фелъетон

B) Повесть, комедия, очерк

С) Эпос, лирика, трагедия

D) Трагедия, комедия, пьеса

E) Трагедия, пьеса, повесть 

45. Қорытынды ойы, түйіні жоқ, тыңдаушы өзі тұжырымдайтын халық ауыз әдебиетінің түрі

А) Шешендік сөздер 

В) Нақыл сөздер

C) Mәтел


D) Айтыс

E) Maқал 

46. Түсінде Қызыр атаның батасын алған ақын 

А) Сүйінбай

В) Дулат

C) Майлықожа

D) Шортанбай

E) Жанақ


47. «Патша әмірі тарылды» өлеңінің авторы 

А) Қ.Аманжолов

B) И.Байзаков

C) Қ.Қайсенов

D) Ж. Жабаев

E) Б.Бұлқышев 

48. «Жерден шыққан Желім батыр» ертегісінің түрі 

А) Хайуанаттар жайлы ертегілер

B) Қиял-ғажайып ертегілер

C) Әдеби ертегілер

D) Тұрмыс-салт етегілері

E) Шыншыл ертегілер 

49. Шешендік арнау

A) Сен – темір де, мен – көмір, 

Еріткелі келгенмін.

В) Әлі заман өзгерер 

Өлгергенін көз көрер.

C) Бұл заманда не ғаріп? 

Қадірін біліn ұқпаса, 

Дүррі гауһар сөз ғаріп

D) Жаман атқа жал бітсе, 

Жанына торсық байлатпас.

E) Үлкен алдында иіліп сөйлес, 

Кіші алдында сызылып сөйле.

50. М.Шахановтың “Арман" өлеңіндегі басты кейіпкер

А) Әбу Насыр Әл-Фараби

В) Махамбет

C) Ақсақ Темір

D) Қайырхан

E) Қожа Ахмет Иассауи

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет