Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде 16 мұғалім бар



бет13/119
Дата20.10.2023
өлшемі5,96 Mb.
#187046
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   119

Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері тілді үйренуге деген қызығушылығын, қазақ елінің тарихына, өнеріне деген сүйіспеншілік туғызу үшін сыныптан тыс жұмыстарына белсене қатысады. Осы оқу жылында 6 - үйірме, 1-арнаулы курс жұмыс жасап келеді. Олар:

1.«Тілашар» 2 сынып.Аманкулова Г.А.

2.«Білгіштер» 2 сынып. Аукенова С.Р.

3.«Қызықты қазақ тілі. 1-сынып. Долголевец А.К.

4.«Сөз сыры»2-сынып. Мурсалиева Ж.Т.

5.«Көркем сөз»».6-сынып. Гросс И.Р.

6. «Ертегілер әлемінде 4-сынып. Нургалиева А.А.

Арнаулы курс: 2 В -сынып. Жетекшісі - Ж.Т.Мурсалиева.

Қыркүйек айының 22-сі мен 30-ы аралығында 22-нші қыркүйек «Тілдер мерекесіне» орайластырып «Тілдер апталығы» өткізілді. Апталық барысында мектебіміздің әр сынып паралельдері бойынша алуан түрлі шаралар өткізілді. 1-4 сыныптардың шаралары әдеттегі формада өтсе, 5-11 сынып оқушылардың қашықтықтан оқуларына байланысты шаралар қашықтық форматта ұйымдастырылды. Айлықтың барысында «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты танымдық сынып сағаттары өтті. Мектебіміздің 1-сынып оқушылары үшін интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып «Тіл достықтың құралы» танымдық ойын өтті. 2- сынып оқушылары Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы мұрасымен танысты. Танымдық сағат барысында викторина, кітап көрмесі, презентация ұйымдастырылды. Ал қыркүйек айының 30-і күні 3- сынып оқушылары «Туған тіл» шарасына қатысты. Олар туған тілдерінде мақал-мәтелдер айтты. Бастауыш мектептің 4-сынып оқушылары «Ұлы ақын – Абай» сайысына қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. 5-сыныптар паралелінде «Кім жүйрік?» жұмбақтар мен жаңылтпаштар сайысы болды. 6- сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері «Қазақ тілін білесің бе?» атты қызықты бәйге ұйымдастырды. Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері мен сөз шеберлігін сомдау мақсатында 7-8 – сынып оқушылары «Тіл достықтың кілті,ынтымақтастықтың бастауы» тақырыбына эссе жазды. Эссе байқауына 20-дан аса жұмыс жіберілді. Ең үздік деп танылған 9 оқушының жұмысы мадақтама алды. 8 «В» сыныбы «Тілдерді үйренудің маңызы» тақырыбына презентация, бейнеролик дайындады. 8- сынып оқушылары өздерінің үш тіл бойынша білімдерін «Полиглот» ойынында көрсете алды. Тілдер мерекесіне орай орыс, украин, татар тілдерінде өлең оқыған 10-сынып оқушылары еді. «Тілдер апталығы» аясында жоспарланған барлық шаралар жақсы, мазмұнды ұйымдастырылып, уақытылы және қызықты өткізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет