─ «Жалпы орта білім беру мектептеріндегі ерекше білім қажет ететін балаларды оқытудағы құжаттар негіздемесі» атты тақырыпты Павлодар қ, №43 ЖОББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Уныйбаева Динара Сериковна сөз сөйледі;
«Ерекше білім қажеттілігі бар балаларға білім беруде ҚМЖ құрудың негіздемесі» атты тақырыпты Павлолар қ. №43 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сембина Мадина Сансызбаевна сөз қозғады;
─ «Ерекше білім қажеттілігі бар балаларды жалпы орта білім беру мектепте «Жеке парақ» құрастыру негіздемесі» атты тақырыпты Павлодар қ №43 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Долголовец Алмагуль Каировна ашты ;
─ «Инклюзивті білім беруді жүзеге асырушы педагогтердің кәсіби стандарты» тақырыпты Асылбек Жанбота, логопед-дефектолог ашты.
Семинарға қатысушылар Инклюзивті білім беру мәселесіне тереңірек тоқталып, облыс мектептері семинарға жауапты мұғалімдерінің жүйелі және нәтижелі жұмысын айтып, шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, анықталған мәселелерді шешуге арналған практикалық ұсыныстардың өзектілігі мен құндылығын атап өтті.
Қаңтар айында Білім беру бөлімінің жоспарына сай қала мұғалімдері үшін оқу-ісі меңгерушісі Д.С.Уныйбаева, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері М.С.Сембина, А.К.Долголевец, Б.Е.Мукажанова қалалық онлайн семинар ұйымдастырды. Семинарға 40-тан аса қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Семинар соңында ұйымдатрырушыларға өздерінің алғыстарын айтып, өз ойларын ортаға салды.
Абильдинова Айнұр Еркінқызы «Сабақтың түрлі кезеңдерінде қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін пайдалану» семинарында тәжірибемен бөлісті, сонымен қатар «Тіл және заман тынысы» ТЭDx онлайн форматындағы пікірлер алаңында «Қазақ тілін тиімді оқыту әдісі» тақырыбында тәжірибе алмасты.
Гросс Инга Раингольдовна республикалық «Теле-сабақтар» жобасына тәуелсіз сарапшы болды және заманауи әлемдегі мектеп – мұғалім – инновация» атты Бірінші халықаралық педагогикалық оқулар аясында өткен конференциясына қатысты.