Rcdo.kz | | 10 | Гросс И.Р. Мукажанова Б.Е. | «Білім беру үдерісінде жеке тұлғаға бағыттап оқытудың әдіс-тәсілдері» | «Педагогикалық Альманах» облыстық ғылыми-әдістемелік журналы | облыс | Оқу жылы бойында ӘБ-тің жетістіктері айтарлықтай көп. Мұғалімдер өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсете алды. Дегенмен, бірлестік алдында назар аударуды қажет ететін мәселелер де бар. Осы есепті қорытындылай алдымыздағы оқу жылына келесідей ұсыныстар беріледі: 1.М.Мақатаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәкәрім, М. Өтемісұлы және т.б. қалалық оқуларға дайындықты күшейту, оқушыларды оқу жылының басынан бастап ескертіп, жоғары деңгейде дайындау. 2.Қалалық пән олимпиадасына дайындықты оқу жылы басынан бастап қолға алу. Жауапты мұғалімдермен тығыз жұмыс жасау.
2. «Білім туралы» Заңды орындау
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, балаға тегін білім беру құқығын жүзеге асыру мақсатымен, мектеп жасындағы балаларды оқытумен қамту жөніндегі қызмет жүзеге асырылады. Мектепте оқытуды толық қамту үшін мектеп оқушылары (1-11 сыныптар) мәліметтерінің электрондық базасы құрылған.
Білім бөлімінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №1-03/240 бұйрығы негізінде мектепте жалпы білім беру айлығы өткізілді.
Күн сайын мектепте әлеуметтік педагог және сынып жетекшілермен оқушалырдың сабаққа қатысуларын тексеру жүзеге асады. Сабақты себепсіз босатуға бейім оқушылардың сабаққа қатысуы сынып жетекшісінің, әлеуметтік педагогтың және инспектордың үнемі бақылауында.
ДКК анықтамасы бойынша 10 оқушы үшін үйде оқыту ұйымдастырылған.
Темір жол кентінен оқушыларды үздіксіз тасымалдауды ұйымдастырды, оның 17-і біздің мектепте оқитын оқушылар.
Мектепте 8 жетім бала, аз қамтылған отбасынан 57 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. «Мектепке жол» атты акциясы бойынша аз қамтылған отбасы және жетім балаларға киім мен кеңсе тауарлары сатып алынды.
Мектепте ата-аналар патрулі жұмыс істейді, кешке таман шағын аудан аулалары, сынып жетекшілер ұсынысы бойынша оқушылардың пәтері тексеріледі. Ата-аналар патрулімен қаңғырбастық, қайыр сұрауды анықтау бойынша ойын-сауық орталықтарында 24 рейд өткізілді.
Үш жылда мектеп оқушыларының құрамы
Достарыңызбен бөлісу: |