Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде 16 мұғалім бар



бет14/119
Дата20.10.2023
өлшемі5,96 Mb.
#187046
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   119

12.04.2021-16.04.2021 аралығында мектебімізде дәстүрлі қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Апталық барысында көптеген шаралар онлайн және дәстүрлі форматта өтті. Мысалы, «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» зияткерлік сайысы, «Кел ойнайық, балақай!» ұлттық ойындарды ойнау, «Тіл – таусылмас байлығым» тағы басқа да пайдалы әрі қызықты шараларды атап өтуге болады. Апталық барысында ұйымдастырылған іс-шараларға барлық сыныптар қатысты.

Мемлекеттік тіл мәртебесін насихаттау мақсатында әр аптаның сәрсенбінде «Қазақ тілінде сөйлейік» акциясы өткізілді. Акция барысында паралельдерде көптеген қызықты әрі танымдық шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты: мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтату, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жыл бойы мұғалімдер өз тәжірибесімен қала, облыс көлемінде бөлісті, семинарлар ұйымдастырды.

2020 жылдың 5 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Павлодар филиалы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері Өміргүл Ертісханқызы мен Павлодар қаласының №43 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жалпы білім беру үдерісінде ЕБҚ бар балалар үшін гуманитарлық білім берудің жеке бағдарламаларын әзірлеу бойынша үлгі ұсыныстар» атты облыстық онлайн семинар өтті. Семинар алғашқы рет Google Meet платформасында өтті. Семинардың барысында барлық қатысушылары арнайы тіркеуден өтіп, сауалнама толтырды, әр қатысушысы соңында сертификатқа ие болды.

Семинарда облыстық, аудандық, қалалық жалпы орта білім беру мектебінің ұстаздары қатысты.

Семинардың мақсаты – жалпы білім беру үдерісінде ЕБҚ бар балалар үшін гуманитарлық білім берудің жеке бағдарламаларын әзірлеудегі проблемалық мәселелерін шешу.

Семинардың жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

─ «Жалпы білім үдерісінде ЕБҚ бар балалар үшін гуманитарлық білім берудің жеке бағдарламаларын әзірлеу бойынша үлгі ұсыныстар» атты тақырыпты Қапасова Алия Қадыровна сөз қозғады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет