Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар банкі



бет43/48
Дата08.02.2022
өлшемі79,37 Kb.
#118867
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Қазақ тілі бойынша
функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған
ТАПСЫРМАЛАР БАНКІ


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
1 сынып

Мәтіндер
Алматы
Нұрлан баққа барды. Ағашта тұрған алманы көрді. Алуға қолы жетпеді. Ағашты сілкіледі. Алмалар саулап төгілді.
( 15 сөз)
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
Екінші сөйлем неше сөзден тұрады?


Балалар
Қоңырау соғылды.Балалар сыныпқа кірді. Мұғалім келді.Оқушылар орындарынан тұрып сәлемдесті. (11 сөз)
Үшінші сөйлем неше сөзден тұрады?


Аяз болар алдында
Жаңа ғана жапалақ қар жауып өтті. Үлпілдеп жатқан ұлпа қар аппақ ақ көбіктен аумайды. Сезілер –сезілмес салқын леп бар. ( 19 сөз)
Үлпілдеп- деген сөзі неше дыбыстан тұрады?


Астық
Комбайн астық жинап жүр. Совхоз орталығында элеватор бар. Астықты элеваторға тасиды. (11 сөз)
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
Астық- сөзі неше дыбыстан тұрады?


Футбол
Балалар аулаға жиналды. Екі командаға бөлінді. Олар футбол ойнады. Бірінші команда жеңіске жетті. (13 сөз)
Футбол- сөзі неше дыбыстан тұрады?



Ана
Әлемдегі ең әдемі сөз-ана деген сөз. Барлық тілде бұл сөз ерекше қадірлі. (13 сөз)
Бірінші сөйлемдегі сөздердің дауысты дыбыстарының астын сыз.


Құстар
Құстар – табиғаттың жанашыры. Олардың көбі емшідәрігер тәрізді. Өсімдіктерді түрлі зиянкестерден қорғайды. ( 11сөз)
Зиянкестерден- сөзінде неше дауысты дыбыс бар?


Күн
Күн-үлкен шар. Күнде айналып жүретін планеталар бар. Күн,жер,ауа барлық халыққа ортақ.
Бірінші сөйлем неше сөзден тұрады?


Түйе
Түйе- түлік басы.Түйе көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. ( 18 сөз)
Екінші сөйлемнің дауыссыз дыбыстарының астын сыз.


Ана
Ана-от басының тірегі. Анасы бар үй-береке. Барлық ана бейбітшілікті қалайды. Балалардың бақытты болуын тілейді. Біз ананы сыйлаймыз, құрметтейміз. ( 19 сөз)



Қазақ алфавиті



1.Хат, кітап, қаһарман, шалғы, кеме, ащы, таға.-Көшіріп жазыңдар.
Ғ,к,қ,х,ш,щ- әріптерінің астын сыз және оларға «а» әрпін қосып оқы.


2.Балық, велосипед, терезе, жұлдыз, газет,цирк, чемпион. –Көшіріп жазыңдар.
Б,в,п,т,ц,ч- әріптерінің астын сыз және оларға «е» әрпін қосып оқы.


3.Марат,Қайрат,Сәуле, Айгүл, Болат, Әлия, Есен, Ғалия, Гүлнәр, Омар, Жамал, Шара, Зейнеп.
Кісі аттарын алфавит ретімен теріп жазыңдар.


4.Күз
Күз болды. Күн суыта бастады.Құстар жылы жаққа кетуге дайындалды.Түрлі құстар топ-тобымен кетіп жатты. (16 сөз)
Екінші сөйлемнен жуан дауыстылардың астын сыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет