Заттың санын білдіретін сөздер Жұмбақ Жеті бала жеті түрлі дауысты
Бес жолмен кеп,
Бір ән салып қауышты. (Нота)
Б.Серікбаев.
Қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.
Бес түйме бар өңірде,
Екі түйме жеңімде.
Төс қалтаны түймелер
Қос оған бір түймені.
Жапсырылған қиықша-
Екі погон иықта.
О. Ақыпбеков.
Заттың санын білдіретін сөздерді теріп жазыңдар, оларға сұрақ қойындар.
Бірінші досым-Берік,
Екінші досым-Ерік.
Үшінші досым-Үкен,
Төртінші досым –Түкен.
Біздер тату құрбымыз,
Жазылмайды жұбымыз.
О.Ақыпбеков.
Нешінші?деген сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.
Біздің сынып Біздің сыныпта жиырма оқушы бар. Он парта бар.Әр партада екі оқушыдан отырады. Сыныбымыз кең және жарық. ( 17 сөз)
Сан есімдердің астын сызыңдар.
Станция Станция ауылдан он бес шақырым жерде.Пойыз сағат жетіде келеді. Оңғарбек үйден сағат екіде шықты. Ол автобуспен станцияға жетті. ( 19 сөз)
Күрделі сан есімді тауып астын сызыңдар.
Кино Біз сыныбымызбен киноға бардық. Залы кең, биік екен. Залға сегіз жүз кісі сыяды.Оқушылар он бесінші қатарға отырды.Экран үлкен. Кино екі сағат жүрді. ( 24 сөз)
Дара сан есімді тауып астын сызыңдар.