Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Әдеби шығарманың танымдық табиғатын қисындылық тұрғысынан түсіндіруге тырысқандар көркем мәтінің референ - циялық болмысының ерекшелігіне сүйенді. С



бет38/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Әдеби шығарманың танымдық табиғатын қисындылық тұрғысынан түсіндіруге тырысқандар көркем мәтінің референ - циялық болмысының ерекшелігіне сүйенді. Сөздің номинативтік мағынасы мен символистік мағынасының арасындағы айырмашылық ойдан шығарылғанды шын етіп көрсетуге қызмет ететінін сарқа пайдалану бәрібір оқырманды сендіре алмайды екен. Ол- ҚАЛАМГЕР көркем әлемнің реалдылығын иллюзия деп қабылдап, өзінің бойындағы ақпаратқа сүйенеді. А.Ричардстың өнерде көркем шындық тек "ішкі қажеттілік" үшін ғана қажет деген пікірі бар. Робизон Крузоның басынан өткен оқиғалардың "растығы"оның түптұлғасы А.Сельктің нақты өміріндегі оқиғаларға бір шама сәйкестігіне ғана байланысты емес. Бұған Д.Дефо романындағы персонаждардың іс-әрекетерінің "ішкі байланысы" және оқырманның өмір туралы көзқарастарының қатысы бар деп санау керек. Адресат шығармалдағы кейіпкердің іс-әрекетінің шындыққа қатысына баға бергенде, алдымен өзінің адам психологиясы туралы тәжірибесі мен білігіне сүйенеді. Кейбір зерттеушілер көркем мәтінді түсінудің алғышартын референцияның осындай түрімен байланыстырады, яғни оқырман танымын да ескергені жазушылардың өздеріне пайдалы екен.
Әдеби шығарманың семиозисі абсолюттік ақиқатты іздеуге ғана жұмылдырылмайды. Әдебиеттегі парадокстың сипаты сан алуан. Оның бастысы - сөз өнері әр қилы әлеуметтік симиозистері сапырылыстыру арқылы оқырманның басын шыр айналдырғанда, ол кейде қайсысының шын екенін анық аңғара алмай да қалады. Әдетте рецепиент мәтіндегі оқиғаны алғашында өмірде " болған" немесе "болған емес" деген референцияларға сәйкес сараптайды, яғни олар деректік және фабулалық сипатта болғанымен, мәтіндегі статустары өзара тең.
Деректердің метафораға, ал метафораның бір сәтте деректерге айналып кететіні туралы баяғыдан бері айтылып келеді. Бір ауық автордың әдеби дерек ретінде ұсынған ақпаратын оқырманның метафора ретінде қабылдауы, ал метафоралық бейнелерін нақты деректік негіз сияқты түсінуі де жиі кездесіп отырады.
О.Бөкеевтің "Қар қызында" осындай жайттар бар, нақты персонаждық елеске айналуы, елестің адам кейпіне енуі оқырман ойында қиындық тудырады, таным сарсаңға түсінеді.
Әдеби шығармадағы деректілік пен көркемдіктің арақатынасын функционалдық дискурс тұрғыснан қарастырудың ұтымды тұстары мол. Деректіліктің көркемдік сипаты мен әдеби шарттылықтың дәйекті қасиеттерін анықтау үшін референцияның ерекше түріне жүгінеуге тура келеді. "Мүмкін әлемдердің" тоғысуы, матасуы қарапайым референцияны метафоралықпен ауыстырып алмастырылғанда жиі байқалатын құбылыстар. Ю.М.Лотман фабулалық рефенцияны бір ғана сәтін бейнелейді,ал мәтінді тұтастырып тұратын-мифологиялық референция деп есептеген. Көп жағдайда зерттеушілердің дені мәтіндегі екі референцияны жиі араластырып, кейде бір-біріне үстеп жібереді. сөйтіп біраз әдеби шығармалардың танымдық маңызын бағалауға нұқсан келеді. Табиғаты амбиваленттілікке икемді көркем әдебиет мұндай кереғаралықты шешудің жолдарын өзі ұсынады. Жазушы авторлық метафораларын өмірлік дерек ретінде тануды қаласа,өзі мәтіндегі деректілектен метафора іздеуге де мүмкіндік береді. Ж.Дерриданың Руссо шығармаларын талдай отырып, оның адресатқа мәтіндегі өзіндік "Жас жүрек жайып саусағын" (Абай) деген жолды талдаған орта мектеп оқушысы жүректің саусағы болмайтынын "білмеген" ақынға кінә тақса не болар еді?
Кезінде М.Ю.Лермонтовтың "Терек" деген өлеңінде ақынның арыстанның ұрғашысының жалы болатынын-болмайтындығын "білмегені" туралы қызық айтыстар болған. Осы "қателікті" өз аудармасында "түзеп" жіберген Абайдың талантына бас июге болады.
Көркем мәтіннің танымдық сипатын функцинолдық тұрғыдан бағалаудың икемділігі мол. Референционалдық және мифопоэтикалық сияқты бір-біріне ынтымақтас екі қызмет түрін "мәтін-болмыс" деңгейінде қарастыру нәтижелі болмақ. Референцалдық функция "төменнен жоғарыға" қарай, яғни болмыстан-мәтінге қарай жүре отырып өз қызметін жүзеге асырады. Нақты деректерді бірте-бірте көркем обьектілерге, образарға аудару әрекеті жүреді. Қазақсатанның нақты жерлері мен атауы белгілі мекендерінің ойдан шығарылған көркем шығармада бейнелуі, яғни автордың өз оқиғасының дәл сол жерде өткендігіне сендіруге тырысуы референцияның алғашқы сатысы болып саналады. Сөйтіп көркем мәтін табиғи дискурспен күрделі байланысқа түседі. Әдеби мәтінге кірістірілген осындай "болмыс" автор мақсатына сәйкес оқиғаға әрқилы кірігеді. Мұндай көркем құбылысты (дерек қиялдан басым болатын) фабулалық таным деп атауға болады.
Ал мифопоэтикалық таным "жоғарыдан-төменге" қарай жүзеге асады. Қаламгер идеалынан, өмір жайлы танымнан басталып, өзі суреттейтін болмысқа қарай бағытталған әдеби ізденістің нәтижесіне фабулалық кеңістік нақты бейнелермен, оқиғалармен толтырылады. Бұл қызмет түрі "мәтіннен-болмысқа"бағыты бойынша жүріп, әдеби кеңістікті жаңа "мүмкін әлемдермен" байытады. Идеал мен миф арасындағы күрдел байлныстың танымдық сипаты әрқилы болуының себебі мәтінді мифтендіру мен автордың бір құбылыстарға басымдық беруіне байланысты. Мифологиялық мәтіндерде көбінесе авторлық идеал фабуланы өз ырқына көндіріп, одан басым болып кетеді, нәтижесінде мифопоэтикалық функция негізгі танымдық қызметі атқарады. Абайдың:

Білімдіден шыққан сөз.


Талаптыға болсын кез
Нұрын, сырын, көруге
Көкірігінде болсын көз,-

деген шумағының мағынасы терең, маңызы көп. Білім менталаптың, көкірек пен


көкейкөз арасындағы функционалдық дискурустық маңыздығын жұрттан бұрын байқаған ойшыл Абайдың, мәтіндегі нұр мен сырды көруге үндеген сезім иесінің терең танымы мен белсенді ұстанымына бас иесіз. Ұлы ақынның әдеби шығарманың сырын нұрына байланыстырығанына, авторға қойған талабы мен оқырманға деген көңілінің күрделі сипаттауына мән беру қажет-ақ. Өнердегі таным табиғаты туралы Абайдың айтқан ой-қисындарын жүйелеп тексерудің қажеті жетерлік. Көркем шығарманың танымдық табиғатын семиотикалық кодтардың мазмұны, образдардың танымдық әулеті, тілдік таңбалардың мәні, деректер сипаты, авторлық ұстаным, сюжет-фабула дихотомиясы сияқты тетіктер мен негіздер анықтап тұратыны талдауда ескерілгені орынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет