Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Көркем мәтіндегі танымдық әлуеті аса маңызды деректік негіздердің бірегейі болып саналатын деректіліктер



бет37/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Көркем мәтіндегі танымдық әлуеті аса маңызды деректік негіздердің бірегейі болып саналатын деректіліктер реалийлер де көркем әлемді бейнелеуге және нақтылауға өзінше қызмет етеді, ал мұндай деректерге лайықты мән бермеу көркемдікке кері әсерін тигізетігіне мысал көп.
Д.Дефо өзінің Р.Крузоның тарихына қатысты романын жалғастырып,оның еліне қайту сапарын бейнелеу үшін авторлық мақсатына орай Қытай мен Ресейді оқиғалар өтетін орын етіп таңдап алғаны белгілі.
Автордың ойы бойынша өзінің Англиясына қайтып келе жатқан Крузо Ресейді басып өтуі керек болатын, бірақ XVIII ғасыр басында ағылшындардың орыстардың өмірі мен тұрмысы туралы хабары аз болатын. Д.Дефоның өз кейіпкерінің жолдағы оқиғаларын суреттеуде көптеген олқылықтар жібергенін, романда Ресейлік деректерді реалийлерді шатастырғаны, тіпті кейбіреуін жаңсақ суреттегені туралы зерттеулер бар.
А.Дюма романдарында да жиі кездеседі, осындай танымға кері әсер ететін кемшіліктерді байқаған оқырман қабылдауындағы психологиялық ауытқулардың сезімге кері әсері бары сөзсіз, әрбір санаткер қаламгердің оларға мән бергені жөнді.
Әдеби шығармадағы ақпараттар мен деректердің жалғандығы мен шындығын анықтауға деген ұмытылмас оқырмандарда көп болатыны түсінікті, бірақ оны жүзеге асыру оңай емес,кейде оны жүзеге асыру тіпті мүмкін еместей болып көрінетіні бар. Өйткені көркем мәтінің эпистемиялық әулеті көбінесе шектеулі болады.
Атақты "Ревизоры"жарық көргеннен кейін Н.Гогольді жауапты татрудың талап еткен шағымдар Ресейдің түкпір-түкпіріне келе бастаған.
Пьесдан өзін "танып"қойған айналасындағы адамдардан әбден мезі болған кейбір шенеуніктер осындай әрекетке барған.
XXғасырда көптегенелдердің баспагерлері осындай ыңғайсыз жағдайға қалмау үшін оқырманға алдын ала ресми түрде ескерту жасауды дәстүрлі әрекетке айналдырды. Көркем мәтіндегі, кинофильмдердегі оқиғалар мен персонаждардың ойдан шығырылғаны, олардың нақты өмірлік деректерге қатысты шартты және кездейсоқ екендігін айтып ақталуың астарында жатқан себептер сан алуан болуы емес.
Осыған қарамастан кейіпкерлердің түп-тұлғасын (прототипін) іздеу әлі де тоқталар емес. Тегінде өмірдегі Абай мен эпопеяның бас кейіпкері Абайдың бейнесі бір-біріне ұқсас болуы мүмкін,бірақ олар өзара тең де емес, бірдей де емес. Эпопеядағы бейнеленген кейіпкерлердің өмірде болғандары да, нақты өмірде Абайдың айналасында жүрмегендері де бар Абайға қатысы жоқ, ойдан шығарылған кейбір образдарды автор өз шығармашылық мақсатын жүзеге асыру үшін ұлы ақынға жақындатқаны, онымен араластырғаны да мәлім, бірақ олар эпопеяның танымдық қуатын кеміте алмас.
Көркем мәтіндегі осындай құбылыстар әдеби шығарманың ақиқаттық болмысына ерте кезден-ақ күдікпен қарауға себепші болады. Д.Юмның жазушыларды "кәсіби суайт"деп бағалағаны, бір кезде шіркеу қызметкерлерінің қаламгерлерді дінбұзауаралр ретінде маңсұқтағаны мәлім. Платонның әдебиетшілерге өз республикасынан орын бермегенінің себебін түсіндіргендердің көбінің қисыны аз. Қаламгерлердің көп өтірікті жанынан шығаруға, жалған сөйлеуге құмарлығын О.Уайльд сияқты талай ақын-жазушылардың өздері қостаған. О. Уайльдтің өнер адамы кәдуілгі моральдан жоғары тұрады деген идеясын қолдаушылар болған, қазір де аз емес. Ол әдебиетті "Өтірік айту өнері" деп атап, өз заманында өтірікті келістіріп әдемі етіп көркемдеп айта алатындардың азайғанына өкініш білдірген. Оған қоса ақын өз өмірінің шындығының көп адамға қызық емес екендігін айтумен болған.
Осындай оспадарлау болып көрінетін ойларға қарсылық білдіргендердің басында Аристотель тұр. Ол әдебиетті пәлсапа мен тарихтан гөрі байыпты пән деп санаған. Адам Смит поэзияны "ұлттың қазынасы" деп бағалап, оны қорғаудың қажеттілігін айтса, Ф. Сидней өзінің "Поэзияны қорғау" (1579) еңбегінде "поэзия өтірік айта алмайды, өйткені ол ешнәрсені дәлелдемейді және оған ұмтылмайды" деген пікір айтқан. Мұны қостаған Шелли сияқты ойшылдар ақынды "пайғамбар" дәрежесіне көтерді. Олар әдеби шығармашылықты тек ойдан шығарылатын үдеріс деп белгілейтін "fancy"деген терминге қарсы "imagination" (қиял) деген ұғымды қолдануды ұсынды. Әдеби ізденісте бұл екі қабілеттің керек екендігі белгісі болса да, зерттеушілер көп уақыт бойы екеуінің біреуіне басымдық берумен әуре болды. Тек "шартты әлемдер теориясы" ғана осы келіспеушілікті шешуге мүдделі болды. Аталмыш теория әдеби мәтіннің "ақиқаттығы" туралы мәселені оқырманды адастыратын ұғым ретінде қолданыстан мүлдем алып тастауды ұсынды. Көркем мәтінді адамның түс көру қабілетімен теңестірген бұл бағыт өкілдерінің өз уәжі болды. Адамның түсінде көргендерінің растығы мен жалғандығын айқындау, баға беру қандай қиын болса, көркем мәтіннің де шындығын анықтау сондай күрделі дегенге көпшілік тоқтаған. Бұл теория мәтіннің көркем не көркем еместігін былайша анықтауды ұсынды: шығармада я референцианалдық, я эмотивтік функцияның біреуі жетекші болса, нәтиже соған байланысты деп есептелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет