Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Тақырып бойынша тест тапсырмалары



бет45/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:



  1. «Мәтін – гуманитарлық-филологиялық ойлаудың негізі» деген пікірдің авторы кім?

А. Б.Эйхенбаум
Ә. С.Бонди
Б. М.Бахтин
В. Г.Винокур

  1. Мәтінтанудағы ең бағалы мәтінді атаңыз:

А. Қолжазба
Ә. Автограф
Б. Редакция
В. Нұсқа

  1. Әдеби шығарманың нұсқасын анықтаудың негізі:

А. Мазмұн
Ә. Пішін
Б. Стиль
В. Поэтика
12-лекция. Мәтіннің шығармашылық тарихын зерттеу жолдары
Қарастырылатын мәселелер:
-мәтін тарихы және шығармашылық тарихы;
-шығармашылық үдеріс және мәтін;
-шығармашылық ойлау табиғаты және мәтін.

Әдеби үдеріс, көркем шығармашылық, мәтін тарихы сияқты ұғымдарды мәтінтанудың өз тұрғысынан арнайы талдап қарастыратыны түсінікті. Ол - аталмыш категориялар арқылы әрқилы зерттеулер жүргізуге машықтанған, өз көзқарасы қалыптасқан ғылыми сала.


Көлемді әдеби туындылар ұзақ ізденістің, шығармашылық талай ширығу мен қиналыстың, үміт пен күдіктің тартысының нәтижесінде туады. Оқымыстылардың сөзіне сүйенсек, ең керемет деген шығармада түсініксіз жайттар, бір-біріне керағар ойлар кездесіп отырады екен. Қаламгерде адам мен пендеге тән мінез-құлық иесі. Автор бойындағы ой мен түйсіктің шарпысуы, кейде көзқарасы мен сезімінің үйлеспеуі көркем мәтінге өзінше әсер ететіні бар. Осындай факторлардың мәтіндегі қызметі мен орнын тарихи - филологиялық зерттеу ғана нақты анықтайтынын мәтінтанушылар талайдан бері айтып жүр. Мәтінмен жұмыс істеу әрбір филологтан жоғары дайындықты талап етеді. Әдебиеттанушылар, лингвистер, фольклортанушылардың да негізгі зерттеу нысаны – мәтін екені түсінікті. Қолжазбаның, әдеби нұсқаның нақты-тарихи, объективтік – деректік сипаты болғандықтан олар мәтінтанудың басты ақпарат көздері болып табылады.
Филологиялық ғылыми ізденістің басында әдетте мәтінтанушылардың еңбектері тұрады, себебі ол басқа пәндер үшін негізгі зерттеу материалдарын дайындайды. Оған қоса ол шығарманың идеялық-көркемдік структурасы туралы сенімді дерек пен құнды мағлұмат береді. Мәтінтану шығарманың бастауларының әрқайсысының шығармашылық үдерістердегі өзіндік орнын анықтайды. Қолжазбалар қоры, туындының автордың өзі көрген басылымдары, шығарма туралы мақалалар, пікірлер мен тілектер сияқты сыни сипаты бар басылымдардың барлығын мәтінтану жинап, жүйелеп отырады. Сонымен қатар тарихи-әдеби деректерді сараптаудан өткізіп, мәтін тарихын зерттеудің ғылыми негіздемесін жасау да мәтінтанудың үлесінде. Көркем шығарма тарихына қатысты құжаттардың сақталуын, қолданылуын, қозғалысын қадағалап отыру міндеті де мәтінтануда. Әрине, мәтінтанушылардың еңбегі басқаларға сырттай қызықсыз кәсіп, ұсақ-түйектен тұратын, қазымырлығы көп, әрбір әріптің астынан қате іздейтін педантизм болып көрінетіні бар. Бұл –ақылды, білімді адамға тән көзқарас емес. Бір әріптен кеткен қатенің өзінің адам тағдырын өзгертуге қауқары бар екендігін ұмытпау керек. Ал көзі ашық, оқыған адам мәтінтанудың мұқияттылығын, мәтінді егжей-тегжей түзетуге деген ынтасын ұлы суреткердің шеберханасына апарар төте жол, тиімді соқпақ іздеу деп түсінетіні даусыз. Олардан да гөрі білімділер оны шығармашылық құпияны ашудың баспалдақтары деп қабылдар. Л.Толстой өзінің атақты романын қолжазбасында «Война и мір» деп атағаны мәлім. «Мір» ескі славян тілінде «халық» деген сөзді білдіреді, орыс жазушысы да осындай мағынаны қалайтынын айтқан. Ал қазіргі орыс тілінде «мир» сөзі – әлем, дүние деген ұғымдарға жақын, басқа мағыналары да бар. Ал осы романды қазақшаға «Соғыс және бейбітшілік» деп аударуға не себеп болғанын білу оңай емес. Аудармашылар романның шығармашылық тарихына тереңірек үңілмегендей. Ал шығарма атауы көп нәрседен хабар беріп тұратын ақапарат көзі екенін зерттеушілер айтқан. Орыс жазушысының атақты романын «Соғыс және халық» немесе «Соғыс және өмір» деп аударған дәлірек болар еді, ең бастысы – атаудағы бинарлық сипат сақталар еді.
Әдеби үдеріс заңдылықтары мәтінге тікелей, жанама түрде әсер етіп отырады. Сондықтан мәтін тарихын тексеру барысында ондағы уақыт іздерін, замана таңбасын, қоғам сұранысын дақоса қарастыруға тура келеді, яғни мәтінтанушы типологиялық салыстырмалы-тарихи зерттеудің талаптарын ескеруге мәжбүр болады. Демек, көркем мәтін мен оның сол дәуірдегі әдеби дәстүрмен тығыз байланысын анықтай отырудың мәтінтану үшін маңызы зор екен.
Мәтінтанудың зерттеушілік үлкен әлеуетінің заңды нәтижесін басқа филологиялық салалар өз қажеттілігіне жаратуда. Яғни ол мәліметтер, деректер, өзгерістер, толықтырулар әдеби шығарманы тереңірек талдауға, нақты бағалауға көмектесетіні күмәнсіз. Мәтінтанушылардың зерттеулері әдеби байланыстарды, көркем эстетикалық дәстүрлердің қарым-қатынасын зерделеуде басты орын алады. Өткен әдеби кезеңдердің, алдыңғы қаламгер буынның тәжірибесі, шығармашылық еңбектерінің нәтижелері келешек ұрпақтың санасына сіңуіне де қосары қомақты. Әдеби реминисценциялардың мазмұндық сипатын анықтауда мәтінтанудың өз орны бар.
Әдеби туындының шығармашылық тарихына қатысы бар компененттер мен факторлар көп. Ой-түрткі, түпкі ой, ішкі сезім, көкейкөз, қиял емес сияқты компененттердің әрқайсысының қызметін, жүзеге асырылу амалдарын есепке алу аса маңызды. Суреткердің шығармашылық ізденіс үстіндегі табыстары мен адасулары, дағдарыс сәттері де жіті сарапталуы қажет. Автордың өз шығармасының тілі мен стилін жетілдіруге деген талыпыныстарын, образдар жүйесін оңтайландырудағы ұмтылыстарын да мәтінтану арнайы қарастырады. Қаламгердің мәтіннің идеясы мен құрылымына енгізген толықтырулары мен өзгерістерін түгендеу де текстологтардың құзырында.
Әдеби мәтіннің шығармашылық тарихын зерттеу – өзіндік ерекщелігі бар ғылыми еңбек, ол мәтіннің генезисін, пайда болуын, қалыптасуын, оқырманға танылуын жүйелеп қарастыруды мақсат етеді. Бұл жұмыста шығармашылық еңбектің поэтикамен тығыз байланысын ескеруге тура келеді.
Мәтінтанудағы аса бір маңызды мәселе бар, оның шешімі – көп күшті, уақытты, төзімділікті жан-жақты білікті талап етеді. Қоғамдық –әлеуметтік өзгерістердің, қоршаған ортаның құбылыстарының, тарихи-мәдени оқиғалардың, әдеби дәстүрдің көркем шығармашылыққа тікелей, жанама, ашық, жасырын түрдегі әсер-ықпалы болатыны мәлім. Әр әдеби туынды – өз дәуірінің көркем жады мен ескерткіші екені даусыз. Оған қоса ол сол кезеңнің мінез-құлқынан, рухани мәдениетінен, тұрмыс-тіршілігінен көркем ақпарат бере алады, яғни әдеби мәтіннің ұлттық мәдениеттің көрініс екендігін мәтінтану зерттеулері қуаттайды.
Әдеби мәтінде көркем ойлаудың ағынының өзіне тән иірімдері мен жеке ағыстарының дамуы көрініс табады, сондықтан мәтінтану бұл мәселелерге ерекше мұқият қарайды, шығармашылықтың басты факторларының кешенді қарым-қатынасын қаузайды. Көркем ойлаудың үдерісі мәтін тарихында, автордың өз мақалаларында, хат-хабарында, күнделігінде, жолжазбаларында көрініс табуы мүмкін деп есептейтін мәтінтанушылар аталмыш құжаттарды үнемі назарда ұстаған. «Оянған өлке» романын жазу алдында Ғабит Мүсірепов көп уақытын архивтерде өткізген, жүздеген тарихи құжаттарға талдау жасаған, өндіріске қатысты сан салалы кітаптармен танысқан, тарихи куәгерлер сол оқиғалардан хабары бар көптеген адамдармен сөйлескен. Болашақ шығармасының негізгі кейіпкерлерінің түп-тұлғасының (прототип) жақын туысқандарын іздеп тауып, олардан қажетті материалдар алған. Осының бәрі қаламгер шеберханасын жүйелі зерттеуге қажет болғандықтан, мәтінтанушылар алдымен автордың тарихи дерекпен жұмыс істеу тәсілдерін анықтап алады. Түп-тұлға мен көркем образ арасындағы қарым-қатынасты сараптаудың да берері мол. Автордың өз көзқарасын көркем тұрғыдан дәйектеу үшін қандай көркем амалдарға иек артқаны да құнды ақпарат есебінде болады. Мәтіннің шығармашылық тарихы шығармашылық психология туралы зерттеулерге құнды ақпарат бере алатыны анық.
Мәтін тарихын зерттеуге лингвистика жетістіктері де қатыстырылады, өйткені қаламгердің өмір сүрген уақытына сай лексикалық, синтаксистік ерекшеліктерді сөз саптау мәнерін білудің мәтін талдауға қосары көп. Оған қоса көркем мәтіндегі адам, жер-су аттарының, кейіпкердің аты-жөніне қатысты сөздердің дұрыс айтылып, анық жазылуына мәтінтану ерекше мән береді. М.Әуезов, Ә.Нұрпейісов сияқты жазушылармен тығыз жұмыс істеген аудармашылар олардың әрбір сөзге ерекше мағына дарытуға күш салатынына көптеген мысалдар келтірген. Л.Толстойдың редакторлары да жазушының өз мәнері мен машығын, әр сөз бен сөйлемнің стилистикасын жанын салып қорғағанын айтып кеткен.
Мәтін тарихы орфография мен емлеге де жиі жүгінеді. Өткен ғасырда дүниеге келген, сол кездегі ережелерге сай басылған мәтіндерді қазіргі стандарттарға сай басып шығару біршама күш – жігерді, мәтінтанушылық білікті қажет етеді. Ф. Достоевский шығармаларының тілі мен стилінің қиындығы ғалымдарға бұрыннан белгілі еді. Сонымен бірге ол қолжазбасында өз айтылымына сай, қалаған жеріне үтір мен нүктені қойып отырған, оларды өзгертуге тырысқан корректорлармен келісе бермеген. Осындай қателер қазақ тіліндегі мәтіндерде де кездеседі.
Мәтін тарихы эвристикамен тығыз байланысты,өйткені қай мәтінде болсын сан-салалы ақпараттар шоғыры, мәліметтер жиынтығы, деректер тобы болады. Мәтінтану осылардың барлығына назар аудара отырып, түсінік беруге, талдау жасауға тырысады, әрі әр қайсысының мәтіндегі көркемдік –эстетикалық қызметін саралайды.
Кешендік көзқарасты талап ететін мәселенің бірі- мәтіннің аяқталған уақытын анық белгілеу. Әрине жазушының мәтін аяқталған уақытты өзі нақты көрсетуі шығарманың тарихын зерттеуге, туындының шығармашылық тарихын зерделеуде басты нысана болатыны белгілі. Мәтіннің жазылу уақытының арасының шамасын анықтау да оңай емес. Оның басталған күні, жалғасқан кездері, кезекті бөлімі мен тарауының аяқталған кезі, шығарманың соңғы нүктесі қойылған мезгіл-міне, мәтін уақытын осылар белгілейді. Шығарма жазылған уақыт аралығын білу оны сол тарихи кезеңнің дискурсына сәйкес бағалау үшін қажет. Әдетте әдеби туындының уақытын белгілеу абсалют, шартты, кең және аралық сипатта болады. Егер автордың өзі белгілеген дәл уақыт болмаса, мәтінтанушы хронологиялық шеткі уақытын көрсетеді, бұл үшін автор биографиясы, белгілі тарихи оқиғалар, басқа мәтіндерге сілтемелер негіз болады. Көптеген зерттеушілер мәтінді мұқият оқып отырып, өте қажет ақпарат алуға болатынын ескертеді. Мысалы, кеңес, совхоз, колхоз, партком деген сөздер бар қазақ прозасындағы мәтіндердің шамамен ХХ ғасырда жазылғанын білуге болар, яғни әр тарихи кезеңнің өзі тудыратын сөздер мен тіркестер арқылы уақытты дәлірек белгілеуге негіз бар. Орта ғасырларда өмір сүрген ақын-жазушылардың шығармаларының жазылу уақытын шамалап болса да нақтылау үшін ондағы сөздер мен сөз тіркестеріне, атауларға назар аудару керек. Осыған байланысты тағы бір күрделі сұраққа жауап берудің зәрулігі туындайды. Атрибуцияның, яғни мәтіннің авторын анықтау жұмысының да мәтінтануға тікелей қатынасы бар. Әртүрлі объективтік, субъективтік себептерге байланысты авторлар мәтіннің басы мен соңына өзінің шынайы аты-жөнін қоймай, шығармасын бүркеншік атпен немесе лақап есіммен басып шығаруға қол қоюы әбден мүмкін. Тіпті авторы жөнінде ешқандай мәлімет жоқ мәтіндер де бар. Атрибуция көбінесе әдеби зерттеушілік мағынаға ие болады, өйткені қаламгердің мұрасын түгендеу, бар мәтіндердің оған тиесілі екендігін дәлелдеудің қажеттілігі туындайтын жағдайлар кездесіп отырады. М.Шолоховтың «Тынық Дон» романының төңірегіндегі ұзақ жылғы дау-дамайға мәтінтанушылардың дәйекті дәлелдерінен кейін нүкте қойылғаны мәлім. Жазушының авторлығына күмән келтіру болып жатады. 20-30 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың тәркіленген қолжазбаларының көбі жойылып кеткен. Ауызша сақталып қалған өлеңдерді қайтадан өз авторына заңды түрде бекітіп беру атрибуция құзырында, ол үшін құжаттық талдау, тіл мен стилистикалық мәнерді аңдау, оқиғалар мен деректерді сараптау керек болады.
Қазақ ғылымында псевдонимдер сөздігі әлі қалыптаса қойған жоқ. Б.Майлин, С. Сейфуллин сияқты жекелеген авторлардың псевдонимдерінің толық емес тізімі жасалған. Қазақ тіліндегі осындай сөздіктің атрибуциялық зерттеулерге көмегі көп болар еді. И.Ф.Масанов деген ғалым 4 томнан тұратын «Псевдонимдер сөздігін» жазуға қырық жылдан астам уақытын жұмсаған.
Мәтінтану айналысатын тағы бір күрделі мәселе ататеза деп аталады. Әртүрлі себептерге байланысты авторлығы қате көрсетіліп жүрген мәтіндерді анықтауды ғылыми тілде осылай атау қалыптасқан. Авторлары саяси қудалауға ұшыраған қазақ әндерінің көбі «Халық әні» болып аталып кеткен кезеңдер болған. Қоғамдық - саяси себептерге байланысты кейбір тұлғалар ақталғаннан соң, олардың шығармаларының жалған авторлары анықталып жатыр. Сегіз сері әндеріне қатысты әртүрлі таластардың мәтінтанушылық базасы өте әлсіз болғандықтан, мәселе әлі де шеілер емес. Мұндай дау-дамайға мәтінтанушылардың төрелік айтқаны жарасады. Әртүрлі мистификацияға да әдеби орта бейімдеу болатынын ескеретін мәтінтану бұл мәселемен де түбегейлі айналыса алады, осындай құбылыстардың оң-терісін, ақ-қарасын айқындауға да мәтінтанудың қатысқаны тиімді болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет