«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін «Әдебиет теориясы» пәні бойынша студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені



бет5/60
Дата07.02.2022
өлшемі377 Kb.
#97446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
« аза тілі мен дебиеті» маманды ы шін « дебиет теориясы» п ні

МЕТАФОРА, АУЫСТЫРУ – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып – жақындату негізінде астарлы тың мағына беретінбейнелі сөз немесе сөз тіркесі.


ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫ - өлең сөзде қолданылатын өлшем-өрнектердің жасалу жүйесі, оның ырғағына, дыбысүндестігіне тән ерекшеліктерді белгілейтін негізгі шарттар мен заңдылықтар.


ПАРАЛЛЕЛИЗМ екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алыпбейнелеу тәсілі. Екі түрлі ұғымды білдіретін тіл элементтері бір-біріне әсер етіп, тұтас поэтикалық бейнені тудырады.
Дәрістердің қысқаша мазмұны


1 – дәріс. Әдебиет теориясы – ғылым. Қазақ ұлттық әдебиет теориясы ғылымы туралы.


Дәрістің мақсаты: Әдебиет теориясы ғылымы туралы мағлұмат беру. Қазақ ұлттық әдебиет теориясы ғылымы туралы.


Тірек сөздер: Әдебиет теориясы. Өмір шындығы. Сұлулық, әсемдік.


Дәрістің жоспары:
Әдебиет теориясы – ғылым.
1.Өнер табиғаты туралы.Әдебиет – сөз өнері.Өнер ғылымы туралы.
2. Әдебиеттің теориялық мәселелерінің дамуы.
3. Қазақ ұлттық әдебиет теориясы ғылымы туралы

Зерттеуге тиіс ғылыми аялар мен проблемалар. Әдебиет қағидаларының басқа әдебиеттану ғылымдарының нақты зерттеу жұмыстарына әдіснамалық тұрғыдан жетекшілігі. Фольклортану мен әдебиеттану арасындағы ортақ әдістемелер мен дара ұстанымдар. Әдебиет теориясының эстетикамен тығыз байланысы. Әдебиет пен өнер - өмір шындығын тану, игеру, жемісі, сұлулық пен әсемдік мұраттарын орнықтырушы. Әдебиет теориясы қарастыратын нысанның молдығы, кеңдігі, ғылыми зерттеу тәсілдерінің жан-жақтылығы.


Әдебиеттану ғылымы – көркем әдебиет туралы ғылым. Бұл негізінде үш саладан құралады: әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны. Бұлар қашан да болсын бір-бірімен нық байланысты.
Әдебиет тарихы белгілі бір халықтың әдебиеті қай кезден басталады, шығармасымен қоса авторлық аты сақталған ең алғашқы ақыны кімдер, олардан қандай мұралар қалды, олардың өзара байланысы қандай, бірі себебі, екіншісі нәтижесі бола алды ма, қандай жүйеде дамыды, қандай тарихи кезеңде туды, онда қандай таптардың көзқарасы, тартыстары суреттеледі, міне, осы мәселелерді зерттейді.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің әлеуметтік мәнін, өзіне тән ерекшеліктерін, әдеби құбылыстардың қоғамдық негізін, әдебиеттің даму заңдарын, әдебиеттік метод, бағыт, олардың себебін, әдебиет тектері (жанр), оның түрлері, көркем шығарманың композицясы, тілі, өзіне тән ерекшеліктері, өлең құрылысы тәрізді мәселелерді қамтиды.
Әдебиет сыны өз кезіндегі әдебиеттің даму жолдарын бақылайды. Оның жетістіктерін жұртшылыққа түсіндіреді, жақсыларын үлгі етеді, кемшілігін сынға алады. Қысқасы, шын мәніндегі сын өз тұсындағы көркем әдебиеттің дұрыс бағытта ілгерілеуіне жөн ілтеп, жол көрсетеді. /Әдебиет теориясы Қ. Жұмалиев/
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасым мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып білуге болады.
Әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қтысын білу, әдебиеттің өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, керек десеңіз, бүкіл ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатын тану мүмкін емес. /Сөз өнері З. Қабдолов/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет