«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін «Әдебиет теориясы» пәні бойынша студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені



бет14/60
Дата07.02.2022
өлшемі377 Kb.
#97446
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
Байланысты:
« аза тілі мен дебиеті» маманды ы шін « дебиет теориясы» п ні

Дәрістің мақсаты: Әдебиет теориясы ғылымының қалыптасу тарихына шолу жасай отырып, көркем шығарманың теориялық талдамасын жасауға үйрету.


Тірек сөздер: Классицизм эстетикасы, романтизм, субъективтілік ақиқат, методология


Дәрістің жоспары:
Әдебиет теориясы методологиясының ғылым ретінде қалыптасуы
1. Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары.
2. Ғылыми-сын мұрасы. Ағартушы-демократтардың ғылыми көзқарастары.

Уақытқа диалектикалық көзқарас. Марксшілдік, маркстік-лениндік деп аталған әдебиеттану мен өнертану қағидаларын, басым пафосына қарап, шартты түрде халықшылдық эстетика деп таңбалау. Маркстік, материалистік дүниетанымның адамзат дамуында елеулі роль атқарғанын біржақты жоққа шығармай, тарихи факт ретінде түсіну. А.Герцен, В.Белинский, Н.Чернышевский,Н.Добролюбов, Д.Писарев. Орыс революционер-демократтарының ғылыми-сын мұрасы.В.Плеханов: әсемдіктің объективті мәнін ашу. Оның адам тіршілігімен тамырластығы. Өнердің шығу тегін, даму жолын қоғамдық сананың өсу жолымен тығыз қарастыру. А.В. Луначарский. «Жылжымалы эстетика» туралы. Формалистік, тұрпайы социологиялық бағдарлармен арадағы тартыс.


Россия топырағындағы эстетикалық байыптаулардың басын сөз өнерін зерттеушілер сонау Х ғ. библиографиялық жазбалардан іздеп, кейінгі «риторикалар» мен «пиитикаларға» көшіп жүр. Бірақ біз бұл жерде осы мәселені мұншалық егжей-тегжейлі тексеріп жатпай-ақ, әдебиет пен өнерді шын мәніндегі материалистік тұрғыдан түсініп, сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теориялық жағынан айта қалғандай жарқырата ашқан орыс революционерлерін ғана атап өтпекпіз. Өйткені олардың эстетикалық ой-пікірлері тек орыс қоғамында ғана емес, Маркске дейінгі бүкіл дүниежүзілік парасат әлемінде теңдесі жоқ биік болып табылады.
Данышпан, сыншы, даңқты философ Виссарион Григорьевич Белинский (1811-1848) самодержавиелік-крепостниктік правоның қатал айыптаушысы, езілген шаруалардың мұң-мүддесі мен ой-арманының жалынды жаршысы болды. Оның «Әдеби арманнан» басталып, «Александр Пушкин шығармаларына» дейін өрлеп келетін, одан саф таза саяси өсиеті «Гогольге хатқа» шалқып шығатын барлық «қимыл-қозғалыс үстіндегі эстетикасының» өткен ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихынан алатын орасан зор орны негізделген. Идеологиялық қарсыластары оны «алаңда орын болмағандықтан журналда бүлік шығарып жүрген әдебиет сойқаны» (Вяземский) десе, бұл «қайсар Виссарионның» күрескерлік кейпін танытса керек. Орыстың әдеби – көркем сыны мен әдебиеттану ғылымында бүтін бір дәуір болып қалған баға жетпес бай эстетикалық әрі философиялық туындыларында Белинский сөз өнерінің шыншылдық, халықтық қасиетін, қоғамдық-өзгертушілік маңызын ту ғып көтерді; ғасырдың ұлы мақсаттарына қызмет етуін, адамды құлдық бұғаудан босатар, күрес пен бостандыққа шақырар құдіретті күш болуын талап етті. Әрбір жаңа шығарманы «орыс өмірі үшін қажет мәніне қарай бағалады. Бұл идея оның бүкіл әдеби қызметіндегі пафос болатын. Белинскийдің өзіне тән ғажайып күшінің сыры да сол пафоста жатыр» (Чернышевский)
Александр Иванович Герценнің (1812-1870) эстетикасындағы ең өзекті нәрсе Белинский секілді, суреткер атаулыны өз дәуірінің үні, өз заманындағы озат идеялардың жаршысы болуға шақыруы. Ол үшін, Герценнің ойынша, суреткер өзі өмір сүріп жатқан мезгілдің мұң-шеріне, көкейкесті мәселелеріне терең бойлап, жанымен тебірене, толғана білуі шарт. Шын мәніндегі көркем шығарма, Герценнің пікірінше, қилы-қилы халық тағдырынан ғана тумақ, «ақын мен суреткер өздерінің шын мәніндегі көркем шығармаларында әрқашан халықтық болып қалмақ» («Өткендер мен ойлар»)Бұл ретте Герценнің «Россияда революциялық идеалардың дамуы туралы» деген кітабында ұлы талант тек өзінің ұлттық топырағында ғана туатынын айта келіп, «жан түкпіріне дейін тап-таза ағылшын Байрон мен жан түкпіріне дейін түп-түгел орыс Пушкинге» әрқайсысының келешекке көзқарасы тұрғысынан творчестволық мінездеме беруі – оның терең және білгір эстетик екеніне куә.
Кемеңгер жазушы-философ, ғалым-сыншы Николай Гаврилович Чернышевский (1828-1889) өткен ғасырдың екінші жартысындағы орыс революционерлер-демократтардың көсемі болды.Ол әдебиет пен өнердің қоғамдық қызметі туралы Белинский пікірлерін одан әрі өрістетіп, өзінің тамаша эстетикалық ілімін ұсынды. Чернышевский жауынгер материалистік философияның программалық документі ретінде танылған «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатысы» атты тамаша диссертациялық еңбегіеде көркем әдебиеттің өмірдегі орнын, мақсаты мен міндетін белгілеп берді. Оның пікірінше, суреткер өмірдің тек күнгей бетін, жақсылық жағын ғана суреттеп тынбау керек. Өмірдің өзі қандай жан-жақты болса, өнер де сондай жан-жақты болуы керек. Өнер адамға керек нәрселерді, адамды қызықтырар құбылыстарды толық қамтуға және дұрыс көрсетуге міндетті. Шындықты адамдарға ғылым қандай дәрежеде түсіндіріп танытса, өнер де солай етуі керек. Өнер «өмірдің оқулығы» болуы шарт. Ол үшін Чернышевсийше, өмірдегі кез-келген ұсақ-түйекті жіпке тізе бермей, жинақтау тәсілі қолданылуға тиіс. Бұл арада сыншының тип туралы ұғымы жатыр.
Адам өмірді танып-білумен тынбай, оны өз мүддесіне сай өзгерткісі келеді. Демек, суреткер өз творчествосы арқылы адамның осы мақсатына ат салысуы қажет; ол үшін өз шығармасында «суреттеліп отырған өмір құбылыстарына үкім шығаруы қажет».
Чернышевский эстетикасы бойынша, жазушының көркемдік әдісі – реализм. Ал өмірді шыншылдықпен суреттеу – сұлулыққа барар жол. Бұл арада сыншының әлеуметтік идеал туралы ұғымы жатыр.
Чернышевскийдің эстетикалық принциптері мұнымен бітпейді. Басқасын айтпағанда, оның әдемілікке берген анықтамасының өзі – Гегелдің идеализмін төңкеріп түсірген терең материалистік түсінік: «әдемілік – адам, адамдағы әдемілік - өмір; адамның бақыты, адам өмірінің рақаты не болса», соның бәрі – адам үшін әдемі. Демек, әдемілікті көктен емес, жерден іздеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет