«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



бет2/8
Дата16.11.2016
өлшемі1,39 Mb.
#1880
1   2   3   4   5   6   7   8

Дүние тегіс түрленіп


Бұлт көшеді тау жаққа

Мен құстармен бір келіп

Бірге ұшамын аулаққа-

-дейді Т.Молдағалиев.



Дәрісті қорытындылау: Ақын көктемге деген сағынышын қарапайым тілмен жеткізуде. Ақын көңілі көктеммен бірге келіп, бірге кетеді, мұнан артық жыл мезгілін сүю мүмкін де емес.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Әдебиеттегі көркем бейнелердің заттық сипаттан адалығы

  2. Шарттылық

  3. Шығармашылық елес.

  4. Шығармашылық сезім.

  5. Шығармашылық қиял.


Әдебиеттер: 1-12,16,31,34,35,39,43,47,49,51,52,53,55,57,58.

9 Дәріс. Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі

Ауызекі, әдеби және поэтикалық тіл мәселесі. Автор сөзі мен персонаж сөзі. Көркем сөздің құрамы.

Мақсаты:

Жоспар:



  1. Теориялық поэтика ғылымы.

  2. Антикалық риторика

  3. Шығарма әлемі.

  4. Психологизм

  5. Көркем туындыдағы заттар әлемі

  6. Уақыт пен кеңістік.

  7. Сюжет пен тартыс

  8. Композиция.

  9. Стилистика

  10. Өлең сөз бен қара сөз.

Нормативті және жалпы поэтика. Теориялық поэтиканың міндеттері. Тарихи поэтика. Көркем шығармашылық әлемінің дискреттілігі. (Үзілмелілігі) Өлең дестелері(цикл). Прозадағы іліктес туындылар. Фрагмент немесе бөліктің дербес сипаты. Музыкадағы сөз мәтіндері, поэма, өлең, әдеби сындағы эпизодтар. Жарияланымдар, ішінара өзгерістер. Форманың үш қыры. Антикалық риторика мен формалистер көзқарасындағы үндестік. Көркем мазмұнға лайық жаңа терминдер, оның синтездік қасиеті.

Кез келген көркем шығарма өмір шындығынан алынады. Әдеби шығарманың мазмұны дегеніміз - өзінің эстетикалық толғамынан өткізген, жазушы таныған өмір шындығы.

Ал, шығарма пішіні – сол өмір шындығындағы көркем образдар жүйесі. Мысалы, “Ақбілек” романының мазмұны – ХХ ғасыр басындағы азамат соғысы жылдарындағы қазақ елінің тағдыры, ондағы қазақ қызының өмір жолы. Ал, пішіні – осы романдағы Ақбілек, орыс офицері, қазақ белсенділері Ақбала, Балташ т.б. образдар арасындағы қым-қиғаш тартыс. Осылардың арасындағы күрес, сезім т.б. шытырман өмірі – шығарманың пішінін құрайды. Мазмұн мен пішін бр-біріне сәйкес, үйлесімді болуы шарт. Белгілі бір мазмұн алынып, оның ішкі пішіні ашылмаса шығарма сәтті шықпайды.

Мазмұн мен пішінге тән бірнеше сипаттарды атауға болады.


  1. Бір мазмұнның бірнеше пішіні болады. (Мысалы: бас киім: бөрік, тымақ, тақия, қалпақ, қырғыз қалпақ деген сияқты)

Мазмұн: Ұлы Отан соғысы туралы Қ.Аманжоловтың “Ақын туралы аңыз”, “Қазақ солдаты”, Б.Момышұлы “Москваүшін шайқас” т.б.

ХХ ғасыр басындағы қазақ қызының тағдыры: Бақытсыз Жамал, Қамар сұлу, Қалың мал, Шұғаның белгісі т.б.



  1. Әдебиетте де, өмірде де мазмұнға қарағанда пішін өзгерімпаз болады. Бұл, әсіресе, адамдар арасындағы қарым-қатынас сезім, сыйластық , достық, махаббат мәселесіне арналған туындыларда ерекше байқалады. Мысалы: Ертедегі “Қыз Жібек” , “Айман-Шолпан”, Қозы мен Баян арасындағы махаббат хикаялары бүгінгі шығармаларға пшін бола алмайды. Бүгінгі шығармалардың пішіні “Мөлдір махаббат”, “Махаббат қызық мол жылдар” т.б. шығармалардың пішіні өзгеше.

Өткен ғасырдағы шығармаларда кездесетін ата-ана мен бала арасындағы қатынастар бүгінгі туындыларда басқаша пішінге көшеді. Мамырбай мен Ақбілек, Құнанбай мен Абай арасындағы қарым-қатынастар бүгінгі прозада кездеспейді.

  1. Мазмұн да, пішін де тарихи категория. Жаңа дәуірде жаңа мазмұн туып, өз пішінін дүниеге әкеледі.

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ хандығының құрылуы өз елінің бірлігін аңсаған жыраулар поэзиясын әкелді. ХІХ ғасырдағы отаршылдық зар заман ақындарын туғызды. Қазан төңкерісі қаншама тың мазмұндағы шығармаларды дүниеге әкелді. (Советстан, Ботакөз, Оянған өлке, Аьбатрос, Раушан Коммунист т.б.). Тың пішін келді кедейлер – белсенді болды, колхозшы, бай-кулак, болшевик, ақтар т.б. образдар дүниеге келді.

Демек, шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр-тартысына негізделген сюжеті мен композициясы, жазушының көркем тілі.

Тақырып және идея. Тақырып - өнер туындысының іргетасы. Тақырып ең алдымен пайда болады. Өмірдегі кез-келген құбылыс тақырып бола бермейді.Мәселен, С.Мұқановтың “Мөлдір махаббаты”, Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі” т.б.

Тақырып дегеніміз – жазушының шындық болмыстан таңдап, толғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейміз.

Жазушы өмір құбылысын таңдап алғанда,енді соған өзінің көзқарасын білдіріп, бағасын береді. Демек, идея дегеніміз жазушының өзі суреттеп отырған өмір құбылыстары туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылыстарына берген бағасы. Жазушы өзі бейнелеп отырған көркемдік шындық арқылы оқырман назарын неге аудартса , сол – идея! Идея мен тақырып тығыз бірлікте. Шартты түрде шығарманың тақырыбы – сауал да, идеясы – жауап деуге болады. Бір тақырыптан бірнеше идея тууы мүмкін. Тақырып бір – қазан төңкерісі және одан кейінгі қоғамдық жағдай: Ал, әр жазушының идеясы әр түрлі С.Мұқановтың “Ботакөзі”, Ә.Нұрпейісовтің “Қан мен тері”, Б.Майлиннің “Раушан коммунисі” әр түрлі идея береді. Тақырыптың үлкені, кішісі немесе жақсысы, жаманы болмайды. Сол тақырыпты қалай жаза білуінде автордың. Мәселен, Мағжанның “Толқын” өлеңінде үлкен философиялық түйін бар. Сондай-ақ, Шәңгерейдің “Ұрық” өлеңі:

Ағаш едің құрма өскен,

Ұршық болдың шуда ескен.

Бір қалыпта тұрмақ жоқ

Шығармалық мұны естен,

-дейді. Қарапайым сағатты ұлы Абай өлеңге қосып, үлкен идея тудырады.

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек – ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Көлемді шығармаларда негізгі бір тақырып пен идея бар да оларды қоршап, құрап тұратын бірнеше идея мен тақырыптар болады. Мәселен, “Абай жолындағы” Абайдың елге қайтқан шағы: тақырыбы – туған жер, идеясы – сағыныш, туғандарымен кездесу, тақырыбы – туыстар, идеясы – мейірім т.б.

“Ақбілекте” – бірінші бөлім: тақырыбы – Ақбілек, идеясы – жастық, ұлулық, пәктік. Сондай-ақ тақырып – ақтардың ауылды басып кіруі, идеясы – қорқыныш, үрей. Дегенмен осы кіші идеялар бірігіп – идеялық бірлікті құрайды. Бұл негізгі идея.

Ал, Сәбит Мұқановтың “Мөлдір махаббат” (Алғашында «Адасқандар») романының тақырыбы аяқ астынан кезінде бай тұқымы болған Бүркіттің Мүсәпірді көшеде өлтіруінен ұшқындаған. Бұл тақырыпқа кезінде М.Әуезов те, М.Дулатов та қызыққан…

Сондай-ақ, бір тақырыпты – “Еңлік-Кебекті” Шәкәрім де, Мағауия да М.Әуезов те (драма) көркем шығарма еткен. Бірақ олардың идеялары әр басқа. Бір ғана Абылай бейнесі немесе Ленин бейнесі прозада да, поэзияда да мол орын алған. Ал, идеясы, ақынның берер ойы әрқилы.

Мәселен, табиғат тақырыбына өлең арнамаған ақын жоқ. Бір ғана көктемді алсақ, Абайдан төмен құлдилайық:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет