«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Сұр бұлт // түсі суық // қаптайды аспан



бет4/8
Дата16.11.2016
өлшемі1,39 Mb.
#1880
1   2   3   4   5   6   7   8

Сұр бұлт // түсі суық // қаптайды аспан


Күз болып // дымқыл тұман // жерді басқан

Білмеймін // тоңғаныма //, тойғаныма

Жылқы ойна //, бие қашқан //, тай жарысқан

(Бір шумақ, төрт тармақ, әр тармақта үш бунақ бар).

Сонымен, шумақ, тармақ, бунақтарды өлеңнің ырғағы туғызады.

Өлең жүйелері. Әлем әдебиетіндегі өлеңдер әр халықтың тіл ерекшеліктеріне қарай әр түрлі жүйеде жазылады. Мысалы дауысты дыбыстарының өзі ұзынды, қысқалы болатын тілдер бар. Мысалы: араб, парсы, латын тілдерінің өлең құрылысы метрикалық өлең құрылысына жатады. Метрикалық жүйе - әуезді жүйе, оның арқауында ән жатады, іштей бірнеше бөлікке бөлінеді.

Ал екінші бір тілдерде буын екпін заңымен құрылады. Бұған славян халықтарының тілдері жатады. Мұндай өлең құрылысын тоникалық өлең құрылысы деп атайды. Орыс өлең құрылысы силабо-тоникалық өлең құрылысы деп аталады.

Силабикалық өлең өлшемінің негізгі ерекшелігі – буын. Ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де буынға негізделеді. Силабо–тоникалық өлеңнің өлшемі - әрі буын, әрі екпін. Мұнда буын мен екпін бірдей есепке алынады.

Орыс поэзиясында силлабо-тоникалық өлеңнің басты-басты бес түрі бар. Ямб - әр тармақтың екпін түсетін буындары – 2, 4, 6, 8 т.с.с (вода), Хорей - әр тармақтың екпін түсетін буындары – 1, 3, 5, 7 (воды), Дактиль – 1, 4, 7, 10. Амфибрахий – 2, 5, 8, 11. Анапест – 3, 6, 9, 12.

Ал силабикалық өлең – қазақ өлеңдеріне тән қасиетке ие буынға негізделеді дедік.

Қазақ өлеңдерінің өңделуіне реформа жасаған Б.Кенжебаевтың айтуынша “Абай 17 өлеңнің шумағын, ұйқасын жаңаша, өзінше қиыстырды.

1. Он бір буынды өлең:

Сұр бұлт // түсі суық // қаптайды аспан

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

2. Он буынды өлең

Бардың пайдасы тиер тар жерде

Жоқтың залалы тиер әр жерде

3. Тоғыз буынды өлең:

Жолдағы төбелер // жоғалды.

Көк орман күзетті // арнаны

4. Сегіз буынды өлең туған кезі тым әріден келе жатыр.

Ақ қоян қашар жотадан

Ақ тайлақ өсер ботадан

5. 7,6, буынды өлеңдер кездеседі

Аралас буынды өлең кездеседі.

Бойы бұлғаң

Сөзі жылмаң

Кімді көрсем мен сонан!

Бетті бастым

Қатты састым

Тұра қаштым жалма-жан.

Өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі ұйқас деп аталады.

Қазақ өлеңдерінің ұйқастарының Қ.Жұмалиев мынадай басты түрлерін атап көрсетеді.

1. Қара өлең ұйқасы:

Неменеңе жетістің бала батыр а

Қариялар азайып бара жатыр а

Бірі кетіп келместің келмесіне б

Бірі күтіп әнекей жағада тұр а


2. Шұбыртпалы ұйқас:

Құланнан атты қодықты а

Көлден тартты борықты а

Арада неше қоныпты а

Жетемін деп зорықты а

3. Ерікті ұйқас:

Сіздер кейін тұрыңыз а

Барайын жалғыз мен деді б

Әуелі алла анайым в

Хақ жаратқан құдайым в

Мал шыдамас жауырға г

Ер шыдамас бауырға г

4. Кезекті ұйқас:

Еділдің бойы ен тоғай а

Ел қондырсам деп едім б

Жағалай жатқан сол көлге в

Мал толтырсам деп едім б

5. Шалыс ұйқас:

Желсіз түнде жарық ай а

Сәулесі суда дірілдеп б

Ауылдың маңы терең сай а

Тасыған өзен гүрілдеп б

6. Егіз ұйқас:

Азамат, жүнжіме, жүрме бос а

Қол ұстас, бірігіп тізе қос а

Ту ұстап дұшпанға барайық б

Теңдіктің ұранына салайық б

7. Аралас ұйқас:

Көзінен күлкі өшпейтін а

Өнер мен ойы өспейтін а

Осы бір ағаң, ағаң-ақ б

Сеннен артық досы жоқ, в

Кебісін қойсаң ағалап б

Сеннен артық қасы жоқ в

Мінін айтсаң шамалап б

8. Қаусырмалы ұйқас:

Телміріп терезеге қаратқаның а

Шуақ құйған дидарың көңіліме б

Баспалдақ боп тізілдің өміріме б

Көтеріліп келемін санап бәрін а


Дәрісті қорытындылау:

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


  1. Қаусырмалы ұйқастың синтаксистік-композициялық ерекшелігі

  2. Он бір буынды қара өлең ееркшелігі

  3. Өзіңіз қалаған қазіргі бір қазақ өлеңіне құрылысы, көркемдігі тұрғысынан талдау жасаңыз

  4. «Жыр-десте» жинағындағы қазақ ақын қыздарының туындыларына талдау жасау

  5. Қазіргі ән-өлеңдерінің мәтіні: сыни көзқарас

  6. Абай Құнанбаевтың қазақ өлеңіне енгізген жаңалығы


Әдебиеттер: 1-12,15,16,20,21,24,25,30,32,34,35,39,42,51,53,54,57,58

11 Дәріс. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері.



Мақсаты:


  1. Жоспар: Жазу кезеңдері.

  2. Қаламгердің еңбек тәртібіне тән еркіндік.

  3. Эпос, лирика, драманың шығу тегі.

  4. Лирикалық экспрессияның синтаксистік-ырғақтық құрылымы.Әсер тұтастығы.

  5. Жанрлық дәстүрлер және уақыт.

  6. Повесть пен поэманың ұқсастығы һәм айырмашылығы.

  7. Қазақ өлеңінің ұлттық болмысы.

Белгілі бір схема, ереженің болмауы. Шығармашылық процестегі ой өзегінің ролі. Оның пайда болу, қызмет ету түрлері.Кездейсоқтық факторлар. Мақсатты ізденіс. Шығармашылық үшін жазушы өмірбаянының елеулі маңызы.Өмір материалын іздеу,табу,қоршаған ортаны, адамдарды зерттеу. Жоспар құру. Қосымша деректер жинастыру, фактілерді анықтау.Түптұлғаны таңдау, іріктеу.

Әр суреткердің күй таңдау, жұмысты жүргізу, аяқтау ерекшіліктері. Әдеби тек. Бұл ұғымның күрделі болмысы. Тарихи сипаты.Терминді анықтаудағы шартты пікірлер.

Эпос, лирика, драманың шығу тегі.Тұрмыс-салт жырлары;өнердегі синкретизм. а) Эпос. Өткенді баяндау. Уақыт алшақтығы.Автолық толғам.Адамның ішкі өмірі. Баяндаушы тұлғасы.Баяндаушы монолог. ә) Драма. Эпоспен қарайластық. Әрекет құдіреті.Автор сөзі. Кейіпкер сөздері мен монологтар. Уақыт межесі.Театр шарттары.Сахна талаптарына бейімделу. Актер ойыны, режиссер шешімдері. б) Лирика. Жекелік сана мен сезім көріністері.Көңіл күй ахуалы. Лирикалық әсер. Лирикадағы сыртқы әлем. Шағын формалар ұтымдылығы. Ықшамдылық. Толғану сәттері. Лирикалық экспрессияның синтаксистік-ырғақтық құрылымы.Әсер тұтастығы.Әнге ыңғайлас сипат.

Шартты түрдегі қосымша әдеби тектер. Очерктер, колжазбалардағы шынайылық пен автор толғаныстары. «Сана тасқынының»әдебиеті. Ой мен әсер хаосы. Әдеби жанрлар. Жанр жіктемесінің күрделі сипаты.Жанрды анықтайтын сапалардың неғұрлым тұрақтылығы. Жанрлық канондар. Жанрлық дәстүрлер және уақыт. Жанр мен композицияның төркіндестігі. Роман. Кең тыныстылық. «Жүрек поэзиясы» мен «тұрпайы тіршілік» (Гегель) арасындағы тартыс.Қаһарманның жан-жақтылығы (Белинский).Романдағы адам мен тағ-

дырдың «сәйкессіздігі» (Бахтин). Повестьаралық жанр.Повестің тарихы. Тақырыбы. Баяндау ауқымы.Мазмұн тереңдігіне мән арту. Повесть пен поэманың ұқсастығы һәм айырмашылығы.



Әңгіме және новелла. Алғашқы мағыналары мен қазіргі сипаты.Әңгімедегі көлем мен айтар ойдың жарасымды өрімі. Лирика жанрлары.Баллада. Баллада мен өлең сөзге құрылған мысалдың лиро-эпикалық жанрларға тән сипаты.Сюжеттегі жаңалықты тыныс пен қуатты ширығыс. Қазақ өлеңінің ұлттық болмысы. Арнау лирика, толғау лирика, баяндау лирика.

Трагедиядағы жеке мүдде мен сыртқы күштердің арасындағы шешілмес қайшылық. Көне дәуір шығармаларындағы тағдыр үкімімен күрес сарыны. Кейінгі дүниелерде мистикалық сипаттың жоғалуы.

Драмадағы қайшылықтың тұрмыстық, қарапайым тілек-мұрат ыңғайындағы мағына алуы. Қаһарманның әлеуметтік

белсенділігі.Өз дәуірінің рухани адамгершілік мәселелерін көтеру. Шектеулі дәрежедегі, ымыраға келетін қақтығыстар.М.Әуезов, Ж. Аймаутов,Т.Ахтанов, т.б. туындылары. Комедияның дүниеге келуіндегі тарихи алғышарттар.Сахна өнері, сайқымазақшылармен тығыз байланыс.

Әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма.

Эпос – (грекше – баяндау, әңгімелеу) – көркем әдебиеттің көне, негізгі тектерінің бірі. Өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кеңінен суреттейді. Адам мінезін мүмкіндігінше жан-жақты танытатын көлемді жанр.

Адамның көңіл күйінен туатын лирика мен қимыл - әрекетіне негізделетін драмадан эпостың негізгі айырмасы, оның ерекшелігі – мұнда шындық кең көлемдегі баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Эпостағы басты нәрсе – оқиға. Эпоста – адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыры мен тірлігі толық жинақталады, оқиғалар кеңінен суреттеліп , іс-әрекеттер тұтас алынады.

Эпикалық жанр көлем жағынан шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді эпикалық түр болып үшке бөлінеді.

Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда өмір құбылысы ықшам түрде, жинақы бірер оқиға, көрініс негізінде баяндалады.

Оның бірі – миф, ежелгі көне түрлердің бірі. Өмір құбылысы – қиялға айналып баяндалады. Миф яғни қазақ әдебиетінде аңыз. Аңыздың мифтен айырмашылығы – аңыздың негізінде шындық жатады. Тіпті өмірдегі құбылыстар, халық жадындағы оқиғалар бар. Мысалы, Асан Қайғы, Қорқыт ата турасындағы аңыздар.

Шағын көлемді эпиканың тағы бір түрі – ертегі. Аңыз бен мифке ұқсас, адам өмірінде, не хайуанаттар дүниесіндегі әрқилы қызық та, тартымды, ғажайып оқиғалардың өсіре әңгімеленуі. Үш түрге бөлінеді. Хайуанаттар жайындағы ертегілерден туындап шығып, шағын эпостық өзгеше түріне айналған эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі – мысал.

Көркемдік дамудың жаңа кезеңдерінде бұрынғы эпостық шығармалардың түрі өзгеріп, жаңарып отырады. Феодализм мен капитализмнің тұсындағы шағын эпостың түрі – новелла, бұрын –соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шынайы суретті шығарма. Бүгінгі күні новелла мен көркем әңгіменің ара жігі жойылып, екеуі бір-бірінен ажырағысыз болып бара жатыр. (Оқшау шиеленіс, оқыс шешім тән).

Әңгіме – новелладан кейінірек туған ұғым болғанымен, екеуінің табиғаты бір. Әңгіменің көлемі шағын. Тартымды, сюжеттік желісі қызғылықты, кейіпкерлер жинақы, түсінікті, әбден дараланған типтік биіктен көрінуі шарт. Әңгіменің негізгі қасиеттілігі – қысқалығында , жинақылығында.

Шағын эпостың әңгімеге жақын бір түрі – очерк. Әңгімеге ұқсас. Очерктің әңгімеден бірнеше ерекшеліктері бар.

Очерктегі оқиға әңгімедегі сияқты ойдан шығарылған емес, өмірден алынған құбылыс. Қаһарманы да - өмірден алынады. Очерк кешегі немесе ертеңгіні емес, тек қазіргіні жазады. Өз кезінің үні, бүгінгінің жаршысы.

Шағын эпостық шығарманың бірі – фелетон. -Әрі әдеби, әрі газет жанры. Әдеби қасиеті мол, жақсыны бағалап, жаманды сынайды.

Орта көлемді эпикалық түрдің бір үлгісі – повесть. Повесть – ұзақ әңгіме, не қысқа роман дегенді айтып келеді ғалымдар. Мұнда шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, біршама құбылыстар кеңірек, біраз дамытыла суреттеледі. Әңгімеге қарағанда, повестің көлемі үлкен, сюжеті күрделі, оқиғалар мен образдарға бай болып келеді.

Орта көлемді – поэма - өлеңді повесть. Өмірдегі құбылыс пен адам образдарын, заман шындығын белгілі бір оқиғалық желіде өлеңмен беру.

Кең көлемді эпикалық түр. Кең қамту, жан – жақты тәптіштей беру бар. Тек бір адам басындағы оқиғалар жүйесі емес, бүкіл дәуір тынысы қопарыла көрсетіледі. Роман – көлемі үлкен, мазмұны қат-қабат, сюжеті мен композициясы орасан күрделі әдеби жанр. Эпикалық көлемді түрдің шыңы эпопея. Т.Нұртазин: “Бір романның кемеріне бірнеше роман иіндесе сыйысады" дейді эпопеяға анықтама бере келіп. Эпопеяның негізгі қаһарманы – халық, суреттер шындығы – сол халықтың сүрген дәуірі, заманы, қоғамы.



Лирикалық жанрдың түрлері.

Лирика (лиро-ежелгі гректер үніне қосылып жасалған музыка аспабы)-әдебиеттің ертеден келе жатқан үні түорлерінің бірі. Лирикалық тәсіл өмір-болмыс сырн-сырлы сөзбен бейнеленген адамның көңіл күйі арқылы көркем танытуды көздейді.

Лирикада поэтикалық сөз, яғни өлең негізгі міндет атқарады.Лирика эпосқа қарағанда әлдеқайда ықшам. Сюжетті лирикада аз. Оқиғадан гөрі сезім басымдау, күллі сюжет сол сезім маңында жинақталады.

Лириканың бас қаһарманы –ақынның өзі. Ақынның айтыс отырған сырмен сезімі оқырманның сыры менен сөзін айтады.

Ф.Оңғарсынова:

О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең

Саған көңіл бұлқынар күш ағынмен

Сағынышымда қанат қып саған қарай

Балапандай толпынып ұшамын мен

Кешір мені

Жай қылықпен жаныңды жараласам

Бар сырымды бүкпесіз соған ашам

Мен ол кеім кетермін отансыздай
Осында лирикалық қаһарманның тған жеріне деген сағынышы көңіл-күй, сезімі, қуанышы т.б қыр-сыры ашылды. Қаһарман мінезі танылады. Лириканың күші, басымдауда емес, яғни әсерлігінде.

Лирикада романтикалық эпос пен драмадағыдай қарама-қарсы екі жақтың қиян-қилы түрі тартысты және тартыссыз жазылатын өлеңдер болады. Сәтті шыққан өлеңде әр ақын дарындық мінез болады. Әр ақынның өлеңі басқа. Бірі - Абайға таңырқаса, екіншілер - Мұқағалиға құмартар.

Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетімен байланысты жатыр. Қазақ ауыз әдебиетіндегі жырлар мен тұрмыс салт өлеңдерін атауға болады.

Осындай ұзақ тарихы бар лирикалық жанрдың өзіне тән түрлері де қалыптасқан. Орта ғасырда роман елдері, яғни француз, испан, итальян елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі – баллада –лиро эпостың сипаттағы, шағын сюжетті өлең.

Ақын өзінің көңіл-күй толғанысын ғана жырлап тынбайды сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдырып суреттейді. Мазмұнында тарихы шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет жатады.

Баллада даму тарихында төмен өзгерістерге түсті. Хормен бір топ адамдар қосылып, билеп жүріп айтатын ән түрінде көрінсе кейін сыршыл толғау содан арнау болып құбылды.

Қазақ поэмасында баллада жазу дәстүрі С.Ерубаевтан басталды. Ж.Нәжімеденов, К.Мырзабеков, М.Шахановтың осы жанрдағы шығармалары төл поэзиямызға үлкен орын алды.

Лирикада антика әдебиетінен келе жатқан байырғы түрлердің бірі-идиллия. Әлдебір парықсыздау салтанат, қарекетсіз қызық, уайым-қайғысыз қызғылт өміржайындағы өлең. Идилиялық өлеңнің тақырыбы мал баққан, шөп шапқан егін салып, балық аулаған адамдардың табиғат арасындағы қам-қарекетсіз той-думан, сауық-сайраны.

Көне гректерден кейін бұл өлдеңді француз ақындары жаңғыртты. Идилияны орыс әдебиетінде Сумараков, Херасков, Жуковскилер қолға алғанмен, тек қана қызық, қуанышты жыр етуді талап етудің бұл жыр кейінгі әдебиетке тіпті жеткен жоқ. Сондықтанда 14 ғасырдағы француз әдебиетдегі идилия мадригалға ауысты.Бұл да бсаында жым-жырт, ың-шыңсыз әдемі тірлікті суреттеп, кейіннен әйел қауымына арналған альбомға айналды.

Тарихы көне әдебиетінен басталатын лирикалық жанрдың бірі-ода. Көне Гректерде ода деп хормен айтылатын салтанатты, көтеріңкі лепті өлеңді атайтын.Уақыт өте келе адам, қоғам өміріндегі айрықша оқиғаларды мадақтайтын өлеңді атаған.Оданың тілі бояулы, көтеріңкі рухтағы жалынды жыр.Орыс әдебиетінде бұл жанрдың қалыптасу,жетілу тарихы Ломоносов пен Державин шығармашылығына тікелей қатысты.Қазақ поэзиясында мадақ жырлар сонау Орхон-Енисей жазбаларынан–ақ кездеседі.

Бертінгі 15 ғасырдағы жыраулар поэзиясында озық үлгілерін кездестіруге борлады. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры»:

Бұдырайған екі шекелі

Мұздай үлкен көбелі

Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті

Адырнасы шайы жібек оққа кірісті

Айдаса қойдың көсемі

Сөйлесе қызыл тілдің шешені

Ұстаса қашағанның ұзын құрығы

Қалайлаған қасты орданың сырығы,-

деп кетеді.

Бұл Қазтуғанның өзін-өзі мадақтап, танытыру өлеңі. Тек өзін ғана мадақтау емес, өзгені мадақтау атауға борлады.

Лирикалық жырдың келесі түрі–элегия. Адам көңілінің жабырқау мұңлы–сырлы күйін танытатын шағын көлемді лирикалық түр. Элегияда өмірдің тұрақсыздығы, тағдыр, болмыс туралы өкінішті ой-толғаныстар, өмірде бастан кешкен сәтсіздік, жалғыздық айтылады. Көне грек әдебиетінде пайда болған.Орыс әдебиетінде сантиментиализм мен романтизм дәстүрлерінде кең өрістеді. Пушкиннің, Лермонтовтың шығармашылығында кездеседі.

Қазақ әдебиетінде эллегиялық сипат Махамбет,Абай,Сұлтанмахмұт, шығармашылығында кездеседі. Махамбеттің «Мұнар күн» , «Жалғыздық», Абайдың «Жүрегім менің қырық жамау», «Жүректе қайрат болмаса ,»Көк ала бұлт сөгіліп» т.б ауыр ойға құрылған жабырқау жырларын айтуға болады.

Жүрегім менің қырық жамау

Қиянатшыл дүниеден

Қайтып аман қалсын сау

Қайтқаннан соң әрнеден,-

деп басталатын өлеңі шерлі, ақын таргедиясын айқын аңғарады. Лириканың ең әдемі түр-сонет. Белгілі бір дәстүрлі өлшеммен жазылатын түрі. Сонеттің тақырып аясы да мейлінше кең ол қуаныш, қайғы, өмір, махаббат, Отан туралы сырлы сазды өлең.

Сонет өлеңі 17 ғасырда Италияда туған, жанрдың дамуына Данте, Петрарка, сондай-ақ кейіннен Шекспир, Лицкеевич көп үлес қосты.Сонет қазіргі қазақ әдебиетінде Е.Әукебаев, К.Салыков, Х.Ерғалиев т.б ақындар шығармашылығын атауға болады.Сонеттің арнаулы өлшемі 14 жол. Алғашқы 8 жолы–бірінші бөлімі - катрен деп аталады. Ақырғы 6 жолы екінші бөлімі –терцет деп атлады.

Мысалы К.Салықовтың сонеті:

Елдің зары тебірентсе төңіректі

Көкірегіңді шыдатпай жегі жетті

Кісен ашып түрмеден қашып шықсаң

Тіл күрмеулі домбыра еңірепті

Көшпенді елді шақырып дауылдарға

Еркіншіл үн ойсалды ауылдарға

Күй атасы, бейнеңді солай ұқтым

Басқа шалсам ой-сезім қабылдарма

Карнет

Мұхит асып сан елден төр төрлетіп



Ат дүбірін ұлғайтып өркендетіп

Оркестр жүр «Сарыарқа»; «Серлетіп»

Қай теңеуге тұлғаңды теңесекте

Бара жатыр күйлерін келешекте

Тыңдаған жан көңілін көркемдік
Терцет

Бұл екі өлең ара жігін ажырату қиын.

Келесі бір топ сатиралық лирика. Сатиралық лириканың түрлері эпиграмма, памфлет т.б

Эпиграмма - жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сықақ өлең. Ертеректегі грек, рим әдебиетінде туған нұсқаларында тақырып ауқымы айтқаны, Абайдың Көжекбайға айтқаны М.Жұмабаевтың Райымжан Мәрсековке арналған эпиграмманы.

Қаны ысылып

Жаны қысылып

Рай-Мәрсек

Қашқар барды

Сәлде салды

Міңді есек

Лириканың бұдан да басқа түрлері бар. Арнау-кейде арнайы шарықтау, кейде көлемді лиро-эпикалық шығармаға беташар, кейде жеке адамдарға бағыштау түрінде жазылған өлең.

Ой - әр тақырыптағы философиялық толғау. Концонетта - баяғы серпін әуенге құрылған мадақ өлең. Романс-жеалт еткен бір жақсы сезімді, көбінесе сүюді жырлау. Пастораль – мадригал тәрізді малшы сазының бір түрі. Эпиталама - жаңа қосылған жас жұбайлардың жарастығын құттықтайтын көне өлеңдердің түрі. Эклога - идилия тәрізді селодағы сауық жырының бір түрі. Эпитафия –жоқтау жыр. Дегенмен бұлардың бәрін түрлеп-түстеп бөле беру жемісті әреукет емес. Көбінесе ғалымдар лирикалық өлеңдерді тақырыбына қарай саяси, философиялық, табиғат, махаббат лирикасы деп көрсетеді. Осы топтастырудан ақынның көзқарасын тануға болады.

Арнау - шығыс әдебиетінде үлкен эпикалық туынды кездеседі. Низамидің «Ләйлі –Мәжнүн» дастаны соны жазып шығуын қалаған патшаны, оның баласы Минужихрді тұқымдарымен мадақтаудан басталады. Арнаудың жаңаша үлгісіне Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының басында берілген төмендегі жолдардан көруге болады.

Ел үшін күйген

Еңбекті сүйген

Ізгі тілек

Ер жүректі

Жұртшылық көсемі

Жолымды жастарға арнаймын.

Романс - роман тілдерінің әнге қосылып айтқан өлең. Бұл халықтық әуен мақамдағы өлең мағынаны білдіреді. Романс терминінің мағынасы ғасырлар бойы өзгеріп, ауысып отырады.

Эклога - бақташылардың арасындағы, бақташы мекеннің өкілдері арасындағы диалог, көңіл-күй айтылады. Эклоганы Италиядағы қайта өрлеу ақындары театрлық қойылымдарда қолданды. Спенсер 16 ғ. 12 эклога қалдырды.

Драмалық жанр және түрлері.

Драма - грекше қимыл-әрекет - әдебиеттің үшінші тегі. Шындықты шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзімен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр. Басқа жанрдай емес, драмада шарттылық, белгілі бір өлшем көп. Біріншіден, драмаға көлемі жағынан шек қойылады. Қандавй пьеса болсын 70-80 минуттан аспауы керек.

Екіншіден, драмалық шығарма тек қатысушылар сөзінен құралады.Шындық образ тек диалог пен аналогтан негізделеді.

Демек, драмадағы некгізгі нәрсе - тіл. Пьесаның күші мен мән-мағынасы тілінде. Драма тілі тұжырымды, қысқа, түйінді болуы керек.

Үшіншіден, драманың негізгі қимыл-әрекетте. Тартыс атаулының ең шиеленіскен, шым-шытырық күрделі тұсы пьесада кездеседі. Әрекетсіз -пьеса жоқ. Мысалы, ойланып отырған адам немесе қиялданған бейнені үнсіз көрсету мүмкін емес.

Төртіншіден, драмадағы шындық көркемдік шешімін сахнада табады. Саханасыз драма жанры жоқ. Драманың ең жеткен биігі – ол сахнада қойылып, көрермен көңілінен шығуы.

Драмалық шығарманың ең байырғы түрі трагедия. Грекше трагедия –текенің әні. Сол кездегі Дионис құдайына құрбандыққа шалынған текенің әні уақыт өте келе жанрдың бір түріне айналады. Б.э.д 5 ғ. Пайда болған грек драмасы жүзім мен шарап құдайы Диониске мереке-сауық өткізіп, құрбандыққа теке шалынып, ритуал кезінде би, ән болған.Трагедияның жанрлық ерекшелігі - ол өмірдегі шиеленіске күрес-тартысты, бір-біріне қарсы күштердің ешбір ымыраға келмейтін тартысын, күресін суреттейді. Оқиғалар қатерлі болып, бас қаһармандары қазаға ұшырайды. Драматургияның бір түрі (грекше күлкілі қызық ән)-комедия.Өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды адам бойындағы қасиетсіздікті, келекеге айналдыратын күлдіргі пьеса.

Дәрісті қорытындылау: Комедия трагедияға керсінше өмірдің ең биік поэзиялық сәттерін емес, күнделікті өмірдегі ұсақ-түйекті суреттейді.

Трагикомедия – драмалық шығармашылықтың бір түрі. Трагедияда қатты қақтығыс суреттеліп, шығарма әдетте кейіпкердің қазаға ұшырауымен аяқталса, комедия күлкілі, әзіл-оспақ бар. Ал осы екі түрге де келмейтін, басқа сахналықты беретін драма. Трагикомедияда –т рагедиялық пен комедияға тән өзгешеліктер кездеседі. Грибоевтың «Горе от ума» (Ақылдан келген қайғы).



Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Драмалық жанр және түрлері.

  2. Байтұрсынов драмалық тек, драмалық бейнелеу тәсілі жайлы

  3. М.Әуезов драма туралы («Драматургия заңы туралы кейбір ойлар» еңбегі негізінде)

  4. Ертегілердегі көркем шарттылық мәселесі

  5. М.Мақатаевтың лирикасындағы элегиялық өлеңдер

  6. Қазіргі қазақ сатиралық әңгімелері («Қазақ әдебиеті», 2004)

  7. «Ақбілек» романындағы әке мен бала мәселесі

  8. Ығылман Шөрекұлының «Исатай-Махамбет» дастанынынң тарихилығы

Әдебиеттер:1-12,18,21,26,28,29,32,33,34,35,37,39,51,53.

12 Дәріс. Әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер.


Мақсаты:

  1. Жоспар: Әдеби процесс

  2. Көркемдік әдісті анықтаудағы өмір шындығы

  3. Модернистік дүниетаным

  4. Классицизм

  5. Қайта өрлеу дәуірінің реализмі.

  6. Сыншыл реализм

  7. Экзистенциализм.

Бұл ұғымның әлемдік ауқымды. Көркемдік даму заңдылықтары. Дүниежүзі әдебиеттеріне тән ортақ мезеттер. Салыстырмалы әдебиеттану ұстанымдары.Халықаралық әдеби байланыстар. Көркемдік бағыт.

Әдіс пен бағытты тудыратын объективті және субъективті факторлар.Көркемдік бағыттардың уақыт жағынан еркіндігі, әртүрлі деңгейде қайталанып отыруы. Көркемдік әдіс Көркемдік әдісті анықтаудағы өмір шындығы, жазушы дүниетанымы және көркемдік ойлау жүйесінің маңызы. Негізгі шарт – идеялық- эстетикалық мәселелер бірлі-

гі. Көркемдік әдістің ойлау типі тұрғысынан жіктелісі:реализм мен романтизм.



Стиль. Суреткер талантының даралығына хас белгілер. Стиль – көркемдік форманың қасиеті. Стильдік принциптер. Көркемдік тәжірибе. а) Алғашқы өнер туындыларындағы шынайылықтың өзгеше бітімі.Гуманистік реализм. Көне дәуір өнеріндегі мифологияның басым қызметі.Антикалық реализм. Орта ғасыр. Қоғам мен салт – санадағы шектелушілік.Қасіретті адам. Бойкүйездік. Орта ғасырлық символизм. Ояну дәуірінде әлеуметтік және рухани өмірдегі батыл серпілістердің ізгілік мұраттарын қалыптастырудағы мәні.Дара тұлға. Мінез бен әрекет.Тарихи көзқарас. Қайта өрлеу дәуірінің реализмі. Барокко, ояну дәуірінің дағдарысын жинақтау. XII ғ. абсолюттік монархия тәртіптері. Классицизм қағидалары: әсіресе асқақтық, үш бірлік ұстанымдары.Шынайы өмірден алшақтау. ә) XVIII ғасырда іргесі қалана бастаған ағартушылық реализм. Білім, парасатты дәріптеу. Тәрбиелік рухтағы романдар.Сентиментализмнің осы бағытпен байланысы. Романтизм - әрі әдеби бағыт, әрі көркемдік әдіс. Феодалдық дүниетанымға қарсылық. Айрықша жағдай, мінездер. Сезімшілік. Сыншыл реализм өмір шындығын қамтуға мімкіндіктері. Талдау рухы. Әлеуметтік ұстанымдардың беріктігі. «Кішкене адам» мәселесі. Бейнелеу обьектісінің кеңдігі.

Ұлттық әдебиетіміздің даму, қалыптасу ерекшіліктері. Батыс Еуропа әдебиеті мен қазақ әдебиеті тарихындағы ортақ жағдаяттар мен өзгешіліктер. Социалистік реализм аталатын тұтас әдеби дәуірге мейлінше жан-жақты, шынайы көзқарас. Арзан ұраншылық пен талантты дүниелердегі айырмашылық. Қазіргі кезеңдегі мифологиялық реализм аталатын бағыттың қыр-сыры.

Г., А. Карпентьер, М.,М.Льоса, т.б. б) Қазіргі терминология бойынша реализмге жатпайтын әдеби бағыт,бағдарлар. Натурализмнің философиялық негізі – позитивизм. Тәжірибие, ғылыми дәлелділікті ұнатудың себептері. Э. Золяның «Тәжірибиелік роман» теориясы. Модернизм ұғымындағы әдебиетке жататын экспрессионизм, сиволизм, футуризм, сюреализм, абстрационизм, т.б. тенденциялары. Символизмнің үздік өкілдері. Дж. Джойс, Ф.Кафка, А.Камю, Ж-П. Сартр, А. Сент – Экзюпери сияқты дара талант иелерінің көркемдік ізденістеріндегі ой ағымын жеткізу , адамның жан дүниесін бедерлеудегі, уақыт пен кеңістік диалектикасын игерудегі табыстары.

в)Модернистік дүниетаным: Импрессионизм. Ағайынды Гонкурлер мен Э. Зояның импрессионистік қиялдары. Көру , сезіну және оны жеткізудегі қаламгердің өз табиғатына адалдығы. Тек қана суреттеу , бірақ баға бермеу идеясы. Поль Верлен әуезділік туралы. Рене Гильдің еркін өлеңді қолдауы. Символизммен туыстық. Ішкі монологтың (Э. Дюжарден), «сана тасқынының» (М. Пруст) импрессионизм эстетикасынан өрбуі.Жан тарихы. Даралық сапалар, көріністерді іздеу.Естелік, әсерлер толқыны. Субъективтілікті дәріптеуші кубизммен (Г. Апполинер) үндестік. Интуитивизм мен фрейдизм және романтизм мен символизм эстетикасы-

нан өріс алған сюрреализм. Өмір шындығы емес, оны көру шындығының маңызы. 1924 жылғы «Сюрреализм» журналындағы манифест. П.Элюар үшін «сапырылыс пен ойсыздықтың» «ақиқаттығы» (А. Бретон).Екінші манифест (1929).Революциялар мен «ғажайыптарға» ғашықтық аңсары. Лирика – негізгі жанр.Антироман өкілдерінің (Ф. Соллерс) сюрреализммен тамырластығы.



Экзистенциализм. Өмірдің мәнін мансұқ ету. Тіршіліктен мағына таппау.

Әдеттегі құндылықтардан жатсыну. Ар-ождан тазалығына сенбеу. А.Камдің «Бөгде адам», Ф.Кафканның «Өзгеру» романдарындағы қалыптасқан тәртіпке қарсылық.

Өткен бір ғана жылдың жалпы әдеби өнімі, сөз жжжоқ, бұл бағытта ойландыртайқоймайды. Бірақ, ең алдымен, өмірім өкінішке айналмасын деп үлкен жанрдың – роман жанрының жалынан мықтап ұстап, жанының жылуын жаққан қазақ қаламгерлерінің ізгілік шырағы үшін қуана білу керек, сырына бойлап, байыбына бару керек. Өзгелерге сабақ бола ма деп, алдамшы әдеби ермектің де түрін түстеп, аударып-төңкеріп, тұлдырсыз тіршілігін дәлелдеу де оңай емес.

Рамазан Тоқтаровтың «Сусамыр» романында өзім дегенде өзгеге үзіліп, дос мерейі үшін терісіне сыймай, қызғаныштан жарылып кетейін деп жүрген бір адам күндердің күнінде, жерорта жасқа жеткенде бір жаңалық ашады. Тағдыр шырғалаңында сілікпесі шығып, өмірі қыл үстінде тұрған жан жолдасының бірінің қолынан келе қоймайтын көзсіз ерлікке барып, бүйрегінің біреуінбөліп беруге жұлынып шыққан сәтңнде ол шын мағынасында адамгершілік ырысын табады. Ертең бармын ба, жоқпын ба деп өз тағдыры безбенге тартылғанда мынау жарық дүниеде жарты күн бе, жарты ғасыр ма, пешенеңе бұйырған ғұмырға дақ түсірмей, ар тазалығы үшін күресу адам баласының парызы екенін ұғады. Жылтыраған тіршілігінің бәрін... бәрін талақ етіп, өзіне-өзі үмітін кесті дегеннен гөрі, дәлірегі, талшық дәмін дос пейілмен бөлісіп, екі жарты, бір бүтін күйінде де адамша керемет өмір сүруге болатынын дәлелдейтін, ел көзіне ұялмай қарайтын биік тұғырына көтеріледі.

Роман бізге жаңағы қылмыс «құнары» - қоздырғыш бактериялар өсіп-өнетін қарабас қамы, пендешілік, дүниеқоңыздық тіршілігін індете отырып, адам тағдырыүшін күрестің әлеуметтік қуатын тиянақтап береді.

Адам жаратылысымен жараспайтын, жұрт көзінен таса әділетсіздіктерді әшкерлеу парызын жете сезінген жазушы қашан да алдымен осындай дерттің жолын кесу күресінен көрінуге тиіс. Әдеби үрдіс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы. Әдеби үрдіс – адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толығуының тарихы. Әлемдік деңгейдегі үрдіс қоғамдық-тарихи үрдістің бір бөлшегі болғандықтан, оған тікелей тәуелді екені анық. Қазіргі әдебиеттануға жүгінсек, әдеби үрдіс – мәдени-тарихи өмірдің бір тармағы. Демек, әдеби үрдісті жалпы мәдениеттен тыс қарауға болмайды. Әдебиеттің дамуында әдеби дәстүрлер маңызды роль атқарады. Көркемдік идея, түр, тақырыпты жалғастыру дәстүрі қаламгерлердің көзқарастарынан туындап, қаншалықты маңызды болғанымен, әдебиет дамуында тек қосалқы мән иеленеді. Өмірге қарым-қатынастың әр кезде кезедесетін тарихи идеялық-эмоционалдық түрлері (трагедиялық пен комедиялық, сатиралық пен патетикалық), жалпыадамзаттық адамгершілік және философиялық проблемалар (ізгілік, ақиқат, сұлулық), өнердің «мәңгілік тақырыптары», сондай-ақ ғасырлар бойына екшеліп, жинақталған көркемдік түрлер (бірінші кезекте жанрлық түрлер) әдеби үрдістің тіршілік етуіне қажетті дәстүрді құрайды.



Әдеби процесс - бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезендерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи - заңды қозғалысы. Ә.п. әрбір тарихи кезеңде әлеуметтік, идеологиялық және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сападағы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген қара дүрсін шығармалардан -көпшілікке арналған әдебиеттерге дейін өз бойына үздіксіз сіңіріп отырады. Мұның қатарына олардың жиі жарық көретін жарияланымдар мен басылымдары, әдеби сын, естеліктер, әдеби эпистолярлық жанрларда жазылған окырмандардың үн қатысуы да жатады.

Әдеби процесс термині XX ғасырдың 20-30 ж.ж. пайда болып, 60 жылдары кеңінен қолданыла бастады.

Әдеби процесс - әдебиет тарихын тарихи-әдеби түрғыдан қарастыру барысында маңызды проблеманың бірі саналады. Егер өмірбаяндық әдістің жақтаушылары классикалық және романтикалық эстетиканың ізінше бір өңкей кемеңгерлердің туындылары мен үздік үлгілеріне ғана ден қоятын болса, онда XIX ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми әдебиеттану әдебиетті зерттеу ісіндегі әсіресе талғампаздықтан бой тарта отырып, жазушы туындыларының көркемдік деңгейіне, идеологиялық бағыт-бағдарына қарамастан, мұны зерттеу пәні ретінде қарастырады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет