«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Жазғытұры қалмайды қыстың сызы



бет3/8
Дата16.11.2016
өлшемі1,39 Mb.
#1880
1   2   3   4   5   6   7   8

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы


Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Жан-жануар, адамзат анталаса

Ата–анадай елжірер күннің көзі.

Қ.Аманжолов:


Жер күліп, аспан төніп құшақтасып,-


Бейне бір қосылғандай екі ғашық

Асқандай аясынан айдын шалқып,

Кербез бел күнге қарап қойнын ашып.

Т.Әббдікәкімов:

Болмаса да сондайлық орындар түк,

Ерте тұрған (төлдегі тәлім-тәртіп)

Қаңқылдаған әуеде сарала қаз

Бара жатқан секілді горн тартып.

Тақырып біреу болғанман әр ақынның көктемі өзінше суретпен келеді. Әр ақынның берер ойы әрқилы.

Тақырып жүйрік жылқы болса, Ілиястан (Құлагер) кейін әр жазушы санқилы жүйріктер, өз үйірін қасқырдан қорғаған (Ақжамбас “Өмір мектебі”), Жүйрік боп, кейіннен қартайған жылқы психологиясын беру (Ә.Кекілбаевтың Бәйгеторысы), Қ.Жұмаділовтің Сәйгүліктері) бір тақырыптың әр қыры танылады. Бір ғана қасқыр тақырыбы Ж.Айтматовтың “Жан пида”, М.Әуезов “Көксерек” бүгінгі Д.Рамазанның “Көкжал” (Қаз.әд. қыркүйек 2000) жазушы тақырыбы мен идеясының өзіндік ерекшеліктерін ашып береді. “Қасқырды қанша асырасаң да далаға қарап ұлиды” деген ортақ идеяға сайғанмен, әр жазушы осы идеяға әр қырынан, әр-түрлі жолмен келеді…

Тақырып белгілі бір қоғам өзгерісіне байланысты жаңарып, жаңғырып отырады. Мәселен, төңкеріс, тап тартысы, азамат соғысы, тың игеру, өндіріс, егемендік, тәуелсіздік т.б. тақырып таңдау саясат ықпалына бағынбай еркін таңдалып, шыңдалуы қажет. Саясат ықпалымен жазылған шығармалардың көбі өміршеңдігін жоғалтып, бүгінгі ұрпақты қызықтырмайды. Ондай шығармалар өзінен-өзі тарих сахнасынан сусып түсіп қала береді.

Көлемді шығармаларда күрделі тақырыпты құрайтын бірнеше кішкене тақырыптар болады. Олар кейде тараумен бөлінеді. Абай жолы, Өмір мектебі, Д.Исабековтың “Қарғын”, Қ.Жұмаділовтің “Дарабоз” т.б.

Т.Әбдікәкімов “Боранды түнде” тақырыбы Боран да, идеясы ауыл үйдің қорқынышы, үрейі, көңілсіздік т.б.

Тақырып жазушыны әрқилы қарекетке жетелейді. С.Мұқанов “Аққан жұлдызды” жазу барысында, материал жинау барысында “Халық мұрасы”. Ш.У»лиханов пьесасы, Шоқан туралы очерктер жазып қалдырды. Әуезов те солай. Тақырып іздеу – саяхат. Суреттер нәрсені көзбен көріп, қолмен ұстау. С.Мұқановтың Балуан Шолақпен кездесуі, Ақанның Құлагерінің қу басын ұстауы. Мұхтардың Абай еліне өмір бойы сүзілуі т.б.

Фабула – көркем шығарманы қысқаша баяндап, әңгімелеп беру.М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» немесе Ж.Аймауытовтың «Ақбілегі». Кез келген оқиғада

фабула бар. Фабула – көркем емес жай ауызекі әңгімеде бола береді.

Сондықтан да, фабула сюжет те, композицияда емес тек оларға фон ғана.

Шығарма әлемі.

а) Шығарманың көркемдік әлемі қамтитын аялар: предметтік бейнелеу жүйесі, кейіпкер іс-әрекеті, кейіптемесі, психика құбылыстары, қоршаған болмыс фактілері.(заттар, табиғат суреттері, т.б.).

Психологизм. Адамның ішкі өмірін кестелеу.



ә) Қаһарман пішіндемесінің көркемдік қызметі. Тұрақты кескін белгілері. Дәріптей кестелеу.Жанр сипатымен сабақтастық.Статикалық, динамикалық келбет нышандары.

б) Кейіпкер сөздері.Диалог пен монологтың эстетикалық тұрғыдан қажеттілігі.Әр түрлі функционалдық мағыналары.



в) Көркем туындыдағы заттар әлемі.Олардың психологиялық жағдай тудырудағы ролі.Дүние, мүлік, жиһаздың поэтикалық астары, мінез, өмір салтын танытудағы маңызы.

г)Табиғат көріністері.Әдебиеттегі пейзаждың жан-жақты қызметі.Мәселеннің тари-

хы, эстетикалық сипаты.

Әлем және шығарма:

а)Уақыт пен кеңістік. Сөз бейнелілігінің уақытпен сабақтасуы.Физикалық уақыт, перцепуталдық уақыт,концепуталдық уақыт.Фольклор мен әдебиеттегі уақыт пен кеңістік.Автор уақыты, кейіпкер уақыты, сюжеттік уақыт.

ә) Сюжет пен тартыс. Сюжет туралы А.Веселовский, В.Шкловский, Б.Томашевский пікірлері. Фабула ұғымы.Сюжеттің XIX ғасырдағы анықтамасы.Сюжет оқиғалары-

ның өмір құбылыстарымен байланысы. Сюжет табу жолдары.Сюжет түрлері.



б) Композиция.Композицияның шығармадағы реттілік,үйлесім тудырушы қызметі. Эстетикалық әсері. Айшықтылығы.Қайталаулар.Өзгерте қайталау.Сарын ұғымының сюжеттік жүйедегі ролі.Сөздік сарындар.

Бейнелеудің детальдық түрі. Жасыру тәсілі. ану тәілі. Ой астары. Ишара. Монтаж немесе ой арқылы алыстан қиыстыру.Қосымша әңгіме, лирикалық шегі-ніс, уақыт барысындағы алмастырулар. Көркем сөз бен мәтін:

а)Стилистика. Лингвистикалық поэтика мен стилистиканың айырмашылығы.В. Виноградов: лингвистикалық және әдебиеттанушылық стилистика тарминдері. Көркем сөз қабаттары: лексико-фразеологиялық амалдар, сөздік семантика,фонетикалық деңгей. Сөз әуені. Дыбыс мәні. Интонация. Дауыс ырғағы. Өлең сөз бен қара сөз. Даму жолдары. Құрылымдылық, эмоционалдық ерекшеліктері.

ә)Мәтін. Текст ұғымының әр алуан мағыналары.Лингвистика мен әдебиеттану аяларындағы мәтін туралы түсініктер.Текстология ғылымы. Мәтінді семиотикалық және мәдениеттану тұрғысынан бағалау.Сөзсіз мәтіндер. Текст-толғамдар. М.Бахтин және Ю.Лотман пікірлері.Мәтіндегі диалогтық қатынас.Текстегі әртілділік.Мәтіннің мәдени әрі қарым-қатынас субъектісі ретіндегі маңызы. Мәтін шексіздігі(Ж.Деррида, Р.Барт.)жайлы постмодернистік тұжырым.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


  1. Нормативті және жалпы поэтика

  2. Статикалық, динамикалық келбет нышандары.

  3. Диалог пен монологтың эстетикалық тұрғыдан қажеттілігі

  4. Сюжет туралы А.Веселовский, В.Шкловский, Б.Томашевский пікірлері.

  5. Лингвистикалық поэтика

  6. Мәтінді семиотикалық және мәдениеттану тұрғысынан бағалау мәселелері

  7. Текст-толғамдар.


Әдебиеттер: 1-12,13,23,24,28,31,32,35,39,41,42,45,46,47,48,49,52,58,59.

10 Дәріс. Өлең сөздің теориясы.

Мақсаты


  1. Жоспар: Өлеңдегі ырғақ, бунақ, ұйқас

  2. Негiзгi антикалық өлшемдер.

  3. Силлаботоникалық өлең

  4. Поэтикалық мәтiндi талдау

  5. Ұлттық өлең өлшемдерінің ерекшеліктері

Өлеңтанудың негізгі бөлімшелері. Өлең сөздің ерекшелік мәселесі. Өлеңдегі ырғақ, бунақ, ұйқас мәселесі. Көркем прозаның ритмы. Өлең проза ұғымы. Негiзгi антикалық өлшемдер. Стоптың классификациясы. Âизантиялық поэзия. Арар поэзиясы. Түркi поэзиясы. Қазақтың силлабикалық поэзиясы. Өлең сөздегi реформа процесс дәрежесiнде.

Қазақ өлеңiнiң фольклорлық тамыры. Қазақ өлеңiнiң дәстүрi. Силлаботоникалық өлең сөздiң iшкi құрылымы: корей, тровей, ямб, спондеем, дактиль, амфибравин, анапест, кретик, амфимакром, баквий, антибаквий. Дольниктер, акценттi өлең. Тактоâик. Дольниктiң, акценттi өлеңнiң, тактоâиктiң генезисi. Екi жолды өлең (дистив), үш жолды өлең (терцет), төрт жолды өлең (катрен). Қара өлең, жыр, толғаудағы ұйқас пен буын т.б.

Ырғақ (ритм)-қимылдық құбылыстың, үннiң жүйелi, мерзiмдi, мөлшерлi қайталанады. Метрикалық, тоникалық және силлабикалық жүйелер. Поэзия - өлеңдi шығармалар. Өлеңдегi әр сөз адамның жан жүйесiмен, көңiл күйiмен, сезiм толқындарымен өзектi байланыста; ұйқас пен ырғақ та, шумақ пен бунақ та – бәрi де осыдан туған. Өлең сөздiң теориясы. Өлең сөздiң негiзi. Поэтикалық мәтiндi талдау. Лирика-шығармашылықтың ерекше түрi.

Өлең – еркін сөйленетін қара сөз емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі бір қалыппен

айтылып, шумағы мен тармағында тәртіп нақтылы өлшем болады. Ұйқас пен

ырғақ та, шумақ пен бунақ та осы өлеңнен туындайды.

Өлең ырғағы дегеніміз (ритм) – қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мөлшерлі белгілі бір тәртіппен қайталануы. Ырғақ бүкіл табиғат тылсымына тән құбылыс. Ырғақтық қайталаулар (күн мен түн, жаз бен қыс) толқынның жағаға ұруы сияқты өлеңнің де өзіндік ырғағы бар, Ырғақ – қара сөз бен өлеңнің өзіндік ерекшелейтін бірнеше ерекшеліктердің бірі.Ырғақ - өлең жазудың негізгі құралы, ақындық өнердің басты шарты. Поэзияның, яғни, өлеңнің прозадан негізгі ерекшелігі де сыртқы пішінінде, құрылымында, сұлбасында да.

Өлеңдегі әр тақта, бөлшектенген ой түйдегі шумақ. Шумақ төрт жолдан, үш немесе екі жолдан, көп жолдан бола береді. Шумақтың әр жолы – тармақ, ал әр тармақтағы дауыс толқынының соқпа-соқпалы, түйдегі –бунақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет