Дәрісті қорытындылау: Әдеби процесс - адамзаттық эстетикалық, рухани құндылықтарының толығуының тарихы. Әдеби процесс - жеке тұлғалар өзінің әкелген айырықша қарап, бағалау қажеттігін туғызатыны анық. Бірақ сол бағалаудың өзі, әдеби туындының құны мен мінін анықтап пікір қорыту әр кезде, әр жағдайда әр түрлі болды. Ауыз әдебиеті жағдайында өлең-жырды, дастанды, ертегі-аңыз, хикаяны тыңдаушылардың бағалауы, ауызша пікір білдіруі болашақ әдеби процестің тек алғашқы адымдары деуге болады. Жазба әдебиет қалыптасып, баспасөз, газет-журналдар пайда болған кезде нағыз толық мағындағы әдеби сын өрбіп-өркендей бастайды.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Әдеби процесс - адамзаттық эстетикалық, рухани құндылықтары
Импрессионизм
Абай дәстүрінің кейінгі буын өкілдері шығармашылығында көрініс табуы
Дәстүр, дәстүр жалғастығы мәселесіне байланысты ғалымдардың ой-пікірлерін жинақтап, қорыту
Экзистенциализм. Өмірдің мәнін мансұқ ету.
Әдебиеттер: 1-12,15,16,18,19,21,22,23,33,34,35,36,37,39,43,45,46,47,
49,50,52,53,55,56,57,59.
4-модуль. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық.
№13 Дәріс. Әдеби дәстүр мен жаңашылдық.
Мақсаты:
Жоспар: Дәріс жоспары:
Дәстүр мен жаңашылдық.
Миф, аңыз, ертегі жанрлардағы дәстүрдің жазба әдебиеттегі шағын эпикалық жанрлардан жалғастық
Көркемдік әдіс - әдебиеттану ғылымындағы маңызды ұғым
Дәстүр мен жаңашылдықтың ажырамас бірлігі. Дәстүр жалғастығы – аралық буын. Жаңашылдық – талант пен шеберліктің жемісі.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің ортақ міндеті.Дара жанрлар.Жанрлық құрылым,баяндау жүйелеріндегі өзгерістер. Миф, аңыз, ертегі жанрлардағы дәстүрдің жазба әдебиеттегі шағын эпикалық жанрлардан жалғастық табу мәселесі.Автор мәселесіне байланысты ауыз әдебиеті мен ақындар поэзиясы,кәсіби әдебиеттің айырмашылығы. Фольклорды тудырған орта мен қазіргі жағдай.Бүгінгі романдағы полифонизм элементінің фольклор жанрларындағы баяндау ағзасымен тамырластығы.
Көркемдік әдіс (грек тілінде methodos – зерттеу жолы) – суреткердің өзі танып-білген ақиқат дүниеге шығармашылық қарым-қатынасының жалпы ұстанымы, яғни ақиқат дүниені қайта жасауы. Көркемдік әдіс - әдебиеттану ғылымындағы маңызды ұғымдардың бірі. Ол көптеген қаламгерлер шығармашылығында қайталана отырып, өнердегі өмірді бейнелеудің ортақ ерекшеліктерін айқындап, сол арқылы бір немесе бірнеше елде әдеби ағым (бағыт) туындатады. Мысалы, реализм, романтизм, символизм т.с.с. Өмірді көркем бейнелеу сипаты, ең алдымен, қаламгердің өмірді бейнелеу үшін таңдаған әдісінің негізінде пайда болады. Әдебиетттану қырынан алғанда, стиль – жазу машығы, жазушының, жеке шығарманың, әдеби бағыттың, ұлт әдебиетінің өзіндік сипатын танытатын образдар жүйесінің, көркемдеу құралдарының тұрақты жиынтығы. Әр жазушының стильерекшелігін оның шығармасындағы көркем компонентерін тану арқылы айқынлаймыз. Әр жазушының өзіне ғана тән суреттеу стилі, сөз саптау мәнері бар. Ол сол жазушының барлық шығармаларында көрініс беріп отырады.
Көркемдік әдіс - әдеби процесті, әдеби қүбылыстарды, көркем шығарманы зертгеудің жүйелі принциптері. Әдебиетгану саласында әр кезде орын тепкен зерттеу эдістерінің ғылыми дәрежесі эр деңгейде болып келді жэне әдіс деген ұғымның өзінің мағыналық ауқымы да әр түрлі болып, кейде кең көлемде, кейде тар көлемде алынды. Әрине эдебиетті зерттеудің амал-тәсілдері, жолдары сан қилы болады. Зерттеу эдісі деген ұғым мейлінше кең көлемде алынып, Ә.ә-н жалпы ғылыми зерттеу әдісімен үштастыра, ең негізгі жүйелі принциптер деп түсінген дүрыс. Әдеиеттану әдісі - көркем әдебиеттің табиғатына, бейнелілік, көркемдік секілді өзгешелік сипаттарына сәйкес қалыптасады. Әдеби процесті, оның заңдылықтарын, көркем шығарманың идеялық мазмүйын, кұрылысын, көркемдік ерекшеліктерін теориялық жолмен түсіну әр түрлі болуына орай эдеби процесті, шығарманы, жазушының шығармашылығын зерттеудің бірнеше әдісі қолданылып келді. Мысалы, мәдени-тарихи мектептің өкілдері зерттеуі еңбектерінде әдебиеттің жалпы мәдениетпен жалғастығына, әдебиеттің географиялық, тарихи, нәсілдік сипаттарына көбірек мән береді. Ал формалист зерттеушілер керкем шығарманың ішкі құрылысы, жекеленген көркемдік компоненттеріне айрықша назар аударды. Сондай-ақ салыстырмалы әдісті немесе психологиялық мектеп әдісін алсақ, бұлардың да өз артықшылығымен қатар осал жақтары да аз емес.
Орыс революцияшыл демократтары В. Г. Белинский, Н. Г, Чернышевский, Н. А. Добролюбов еңбектерінде Ә.ә жаңа сатыға көтерілді. Олар эстетика мен әдебиеттанудағы Гегель сияқты ірі ғалымдардың озат пікірлерін тірек ете отырып, жаңаша зерттеу принциптерін қалыптастырды. Ол принциптердің бастылары - әдебиетті қоғам өмірімен тығыз байланысты қарастыру, әдебиеттің халықтық сипатын, бейнелілік қасиетін ашып көрсету, шығарманы шыншылдығы, керкемділігі тұрғысынан бағалап талдау. Қазір әдебиет тарихын ғылыми зерттеу принциптері айтарлықтай жетілдіріп, жүйеге түсірілді, әдеби процесті, елеулі әдеби құбылыстарды айқын танып-білуге мүмкіндік береді деп айта аламыз. Алайда әдебиеттану ғылымында орныққан зерттеу әдісінің кемшіліктері де аз емес екені әсіресе соңғы кезде айқын байқалып отыр. Солардың ең үлкені - әдебиетті тұрпайы социологизм тұрғысынан қарап тексеру, таптық принциптерді орынсыз, шектен тыс қолданушылық зерттеу еңбектерде орын алып келгендігі. Соның нәтижесінде көптеген ақын-жазушылардың шығармашылығы жасанды идеологиялық қағидалар тұрғысынан қаралып, біржақты халықтық сипаты, көркемдік құндылығы жете бағаланбай келді. Қазіргі әдеби процесс, әдебиет тарихы, әдебиеттің теориялық проблемалары неғұрлым терең танылған сайын, Ә.ә. зерттеу принциптері де шыңдала түсетіні заңды құбылыс.
Дәрісті қорытындылау: Бүтіндей алғанда, методологиялық мәселелерге, яғни, зерттеу әдісін, оның басты принциптерін тексеріп, жүйелеп айқындауға қазіргі әдебиеттану ғылымы ерекше көңіл методологиясының (зерттеу әдісін тексеретін ғылымның) басты міндеті - әдебиеттану саласындағы қалыптасқан зерттеу әдістерін, негізгі принциптерін саралап, ғылыми ұғымдарды жүйеге келтіру, қазіргі ғыльши ойдың, философия мен эстетиканың, және басқа ғылым салаларының жетістіктерін толық ескере отырып, әдебиеттану ғылымының зерттеу әдісін бүгінгі мақсаттарға сай айқындай түсу.
Әдебиеттер:
1-12,15,16,18,19,21,22,23,33,34,35,36,37,39,43,45,46,47,
49,50,52,53,55,56,57,59.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Абайдың ақындық дәстүрі мен әдеби ортасы
Қазіргі әдебиеттегі фольклорлық дәстүр сипаты
Дәстүр мен жаңашылдық.
Миф, аңыз, ертегі жанрлардағы дәстүрдің жазба әдебиеттегі шағын эпикалық жанрлардан жалғастық
Көркемдік әдіс - әдебиеттану ғылымындағы маңызды ұғым
№14 Дәріс. Халықаралық әдеби байланыс.
Мақсаты:
Жоспар: Әдебиеттану ғылымы, салалары.
Әдеби дамудың кезеңдері
Әдебиеттің ұлттық, аймақтық және әлемдік ерекшелігі.
Классикалық стиль
Даралық стильдің табиғаты
Әдеби дамудың кезеңдері. Әдебиеттің ұлттық, аймақтық және әлемдік ерекшелігі. Әдеби процесс теориясының негізгі ұғымдары мен терминдері. Классикалық стиль. Классикалық стильдің табиғаты. Классикалық стильдің элементтері мен факторлары. Даралық стиль. Даралық стильдің табиғаты. Даралық стильдің элементтері мен факторлары.
Әдебиеттану ғылымы, салалары. Әдебиеттану ғылымына тоқталмас бұрын әдебиеттің қоғамдық мәні, әдебиеттің халықтығы мен таптығы, әдеби-эстетика мәселесіне шолу жасалық. Суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүреді, ол қоғамның яғни осы ортаның бір бөлшегі. Абай мен Мағжан, Махамбет пен Бұхар, Әуезов пен Мұқанов ең алдымен дәуірінің перзенттері. Яғни, Бальзакты оқымай француз тұрмысын, Толстойды оқымай орысты, Әуезовты оқымай қазақ қоғамын білу мүмкін емес. Сондықтан да әдебиеттің қоғамдық мәні өте күшті. Қоғамдық ортаға әсер еткен әдеби қаһармандарға өмірдегі адамдардың еліктеуі соның айғағы. «Абай жолы», «Ботакөз», Махамбет өлендері қоғамның бет пердесіне айналуы. «Махаббат қызық мол жылдар», «Мөлдір махаббат» жастардың сезіміне үлкен әсер қалдырды.
Әдеби эстетика дегенге келсек, әдемілік, әсемдік. Яғни, көркем шығарманың эстетикалық әсері адамды қуантады, сүйіндіреді, күйіндіреді, таңдандырады. Бір сөзбен айтқанда адамды баурап алар күші.
Әдемілік, әсемдік – эстетикада қолданылатын негізгі бір ғылыми ұғым, ғылыми категория, көркем өнердегі адамның эстетикалық биік толғамына ләззат берер нәрселер.
«Әдемілік – өмірдің өзі» - дейді Г.Чернышевский.
Әдебиеттің – адамзат біршілігінің алуан түрлі қатпарларын зерттеп жіктогенде ең алдымен алға қоятын қарызы. Эстетикалық санасын ояту, әдемілік сезімін қалыптастырып, өрістету.
Әдебиеттің халықтығы деп шығарманың халықтың тілек – мүддесіне толық сәйкес келер идеялық–көркемдік сапасын айтамыз.
Шынайы халықтық әдебиет заманның ең озат арман-мұраттарын бейнелеп көрсетеді. Халық, ел жазушыдан өзіне керекті шығарма күтеді. Сол халықтың көңілінен шыға білсе, ол жазушы халықтық әдебиеттің қалыптасуына зор үлес қосқан деген сөз. У.Шекспир, Л.Толстой, М.Әуезов шығармалары халықтық сипаттағы туындылар. Халықтық деген алғашында тар мағынада айтылды, қарапайым шаруалар арасынан шаққан орыс жазушысы халық жазушысы болса, бертін келе ауыз әдебиетінің бейнелеуімен, сюжетімен жазғандарды жатқызды.
Келе-келе халықтық ұғым ұлттық ұғыммен астасты. А.Пушкиннің, Н.Надеждиннің пікірлері соған саяды. Дегенмен, халықтық ұғымды ұлттық деп түсінбеу керек. Мәселен, қазақтың өмірінен үлкен сыр шертер «Абай жолы» басқа халыққа қаншалықты қажет болса, Толстойдың романдары бізге де керек. Халықтық деген ұғымды алғаш П.А. Вяземский ұсынды (1825). Оған анықтама ьеріп тереңдеткен В.Г.Белинский еді. Әдебиеттің халықтығы – оның халықтық ірі мәселелерді халыққа жетімді түрде шебер, халық мүддесіне са жинақтау болып табылады.
Ал, әдебиетттің партиялылығы деген кеңестік кезеңде қалыптасқан ұғым. Оның орнына әдебиеттің ұлтттық және интнрнационалдық сипаты деген тіркесті қолданған жөн. Әдеби шығарма – ұлттық тіл мәдениетінің жемісі. Шығарма қай тілде жазылса сол тілдегі халыққа қызмет етеді. Бұл арада ұлттық дүниетаным, салт-дәстүр, тыныс-тірлік, рухани және материалдық жағдайдың бәрі кіреді. Пушкинді оқысаң орыстың, Абайды оқысаң қазақтың, Байронды оқысаң ағылшындар келбеті, мәдениеті, тұрмыс-тылсымы көз алдыңа келеді.
Алайда бір халықтың әдебиеті оқшау дамымайды, басқа халықтың әдебиетімен сабақтаса, араласа дамиды. Мәселен қазақ әдебиеті ертеректе шығыс әдебиетімен тығыз байланыста өркендеп келеді.
Әдебиеттің таптығы деген ұғым да таптық қоғам болған құбылыс. Кеңестік кезеңде таптық ұғым әдебиеттегі ең негізгі тақырып, тартыстың ең қажетті құралына айналды. Қоғамдағы таптық тартыс, сол таптық психология, әдебиетке де таптық көзқарасты әкелді.
Әдебиеттану ғылымы – сөз өнерін зерттейтін ғылым. Ғылымды үшке бөлеміз. Әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны.
Әдебиет тарихы көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдар мен дамығандығын зерттейді. Қай халықтың болмасын жазу-сызуы болмаған балаң шағында ауызша әдебиеті қалыптасты. Көркемдік дамудың ең алғашқы сатысынан бастап бүгінгі күнге дейінгі жолын әдебиет тарихы зерттейді.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің ерекшеліктерін талдап таныту арқылы оны зерттеудің тәсілдерін, негізгі ұстанымдарын айқындайды. Көркем шығарманы талдап, оған баға беру, негізінен, әдебиет теориясының міндеті. Әдеби жанр, оның түрлері, өлең жүйелері, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін әдебиет теориясынан танып білуге болады.
Зерттеу нысаны - әдеби шығармашылығының табиғаты мен қоғамдық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі. Әдебиет теориясы зерттейтін мәселелер негізінен 3 циклдан тұрады: жазушының өмір шындығын образды түрде бейнелеу ерекшеліктері жөнінде ілім: шығарманың әдеби көркемдік құрылымы жөніндегі ілім; әдеби процесс жөніндегі ілім Бірінші циклда шығарманың көркемдік образдылығы, эстетикалық идеал, дүниетаным және әдеби шығармашылықтың өзін тұтастай алғанда — оның халықтығы, шыншылдығы мен шынайылығы] жөніндегі ұғымдар қарастырылады. Екіншіде шығарманың тақырыбы мен идеясы, тип пен характер, сюжет пен композиция, өлең құрылысы, әдеби тіл мен стиль мәселелері қамтылады. Үшіншіде - жалпы көркемдік дамудың тарихтық сипаты, әр дәуірдегі бағыт-бағдары, әдеби ағымдар мен әдістер, жанрлар және жанрлық түрлер талданып, тексеріледі.
Әдебиет теориясы өзіне тән теориялық және тарихи бастаулардың тамырластығын, жалғастығы мен заңдылығын байыптайтын ғылым Ал Н. Веселовскийдің "Тарихи поэтикасы" дәл осы саладағы Аристотельден кейінгі ірі адым. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ топырағында туып өзіне қалыптасқан әдеби терминдер мен қисын-қағидаларға қосқан айрықша үлесін де осы тұрғыдан танып, бағалаған жен.
XX ғасырдың 60-жылдары КСРО-да тарихи-логикалық негізде жасалынған 3 томдық әдебиет тарихы жарық көрді. "Әдебиет теориясының негізгі проблемаларды тарихи түрғыдан түсіндіру" (1-3 кітаптар, 1962 ж.-65 ж. ж.) атты ұжымдық еңбектің авторлары жоғарыда атап өтілген негізгі 3 циклдан тұратын проблемаларды қамти отырып, образ, әдіс, тип, характер, стиль, әдеби процесс, әдебиетгің тектері мен жанрлары сынды теориялық категорияларды тарихи тұрғыдан қарастырады.
Әдебиет теориясының мәселелері сонау Көне дүниеден бастау алады әрі ол Үнді, Қытай, Жапония (бұл жайында "Поэтикадан" мағлұмат алуға болады) елдерінде өзіндік дамуды бастан өткерді. Әдебиеттің дамуы барысында әр алуан әдеби ағымдардың алмасып отыруына орай және олардын көркемдік тәжірибесін түсіндіруге байланысты, әсіресе классицизм (Буало), романтизм (В. Гюго), реализм (А. С. Пушкин) бел алған кезде және В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбовтардың тұсында солардың көзқарастарының жүйесін бейнелейтін әдебиет теориясының мазмұны қалыптасқан.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әдебиет теориясы поэтикалық ойдың қалай жүзеге асатыны жөніндегі зерттеулерге баса назар аударды. Американдық "Әдебиет теориясының" авторлары Р. Уэллек пен О.Уоррен (1949 ж. орысшаға аударылған) әдебиет теориясы мен поэтиканы синонимдер ретінде қарастырады. Ал кеңес әдебиеттанушысы Б. В. Томашевский өзінің "Әдебиет теориясы. Поэтика" (6-басылымы, 1931 ж.) кітабында бұл түсініктердің бір мағынада ғана қолданылғандығын ескертеді.
Бұл күндері әдебиетті әдебиет теориясының негізінде өзара орайластыра отырып, комплексті түрде зерттеудің өзі бірқатар күрделі пәндерге тікелей қатысы бар. Әдебиеттің көркемдік мәні сөз өнерінің бейнелілік, суреттілік қасиеттерін туындайтын адамның эстетикалық ой-сезімін қалыптастыруға үлкен әсер ететін ең басты сипатының бірі. Әдебиеттің қоғамдық маңыздылығы оның танымдық тәрбиелік және көркемдік мәніне негізделеді. Сондықтан көркемдік қасиеттің мол болуы - әдебиетке қойылатын басты талаптардың бірі. өркем әдемі, тартымды болып келмесе, ешбір шығарма құнды тартымды болмайды. Жалпы көркем әдебиетке қойылатын бірден шарт көркем шығарманың көңілге қонымды болуы. Әдебиеттің көркемдік әсері, ықпалы болмаса, қызығарлық, қызықтырарлық, баурап әкетерлік өтімділігі, сұлулығы болмаса, оны көркем әдебиет айтудың, оған табынудың қажеті болмас еді. Абайдың:
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы,—
деп көркемдік, әдемілік талаптарын тереңнен қозғауы тектен тек емес. Фирдоуси, Низами, Жәми, Науаидан, Гете, Гейне, Пушкин, Толстойдан бастап қазіргі көркем сөз шеберлеріне дейін бұл жайында ойланбағандары жоқ. Көркемдік, сонымен қатар, әрине, жай сылдыр сұлулық, жалтылдақтық емес, мағынамен, мазмұнмен тығыз байланысты. Әдеби шығарма санаға, ақылға ұқсайтын болған соң, ол алдымен, әрине, мазмұнға, ойға бай болуы тиіс. Көркемділік сол мазмұнды тартымды түрде жеткізудің амалы, тәсілі. Сонымен бірге жалаң мазмұн да, уағыз, ақыл да көркемдік-эстетикалық сипатқа ие болмас еді, көркем туынды аталмас еді, егерде өзіне сәйкес бейнелілік, суреттілік сипат таппаса.
Дәрісті қорытындылау: Мазмұн мен көркем түрдің ара қатынасы, бірінсіз бірінің дара өмір сүруі мүмкін еместігі туралы қағида шығады. Мазмұн мен түр сәйкес келмесе жалаң уағыз, дидактикаға, не болмаса жалтылдақ, жылуы жоқ, тек сырты сұлу сөз тізбегіне душар болар едік. Мүндай да туындылар ұшырайтыны анық. Көркемдік мәні жоқ деп осыны айтуға тура келер еді. Нағыз тапқырлық, шеберлік терең оймен, мазмұнмен қабыспаған жағдайда әдебиеттің көркем туындысы жайында әңгіме қозғау мүмкін емес.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Ұлттық ситиль.
Ұлттық стильдің табиғаты, элементтері мен факторлары.
Әдебиеттер: 1-12, 16,17,18,21,26,29, 36,37,38,44,45,46, 50,53,54,57,59.
№15 Дәріс. Әдеби шығарманың тілі мен стилі.
Мақсаты:
Жоспар:
Стиль ұғымы.
Әдеби шығарманың тілі.
Тума дарыны бар суретші алғашқы кезде көзі мен қолын мектеп үлгілерінде жаттықтырып алып табиғатты бейнелеуге кіріскенде ықылас, пейілмен тұлғалармен бояуларды көшіріп дәл түсірсе, ондай суретшіні әрқашан құрметтеу керек, өйткені оның еңбегі шындықтан алыс жатпайтын сенімді, қуатты және көпмағыналы дүние болып шықпауы мүмкін емес.
Бұл жағдайды пайымдағанда шектеулі дарыны бар адамның өзі нысанды әжептәуір көрсете алатынын байқайсың.Мұндай нысандар әрқашанда көз алдыда болу керек, оларды ықшам түрде салқын сабырмен, сеніммен, бейнелеу керек.
Сөйтіп, мұндай бейнелеу - әдістеріне сабырлы, ынсапты, қанағатшыл адамдар кірісіп, өлі және жылжымайтын нысандарды көрсетеді ләзім. Өз табиғатында бұл тәсіл биік шеберлікке жетуге шідер салмайды...Бірақ мұндай тәсіл суретшіні қымсындырады, толық разы ете алмайды. Бір картинаға – сиғызуға болатын көптеген заттардағы келісімнің жеке бөлшектерін түсіріп тастап табиғаттың ұлы әліппесінің жеке әріптерін қалдырып кеткеніне өкінеді, сөйтіп талай рет салған, тіпті көрмеген, ұмытылған нысандарды өзі тапқан ыңғайда, өзі шығарып алған тілмен бейнелеп береді.Сонда өзін-өзі ұрымтал көрсететін тіл пайда болады. Әрбір ойлы жан адамгершілік турасында жеке пікір толғайтыны секілді. Мұндай бағыттағы әрбір суретші де дүниені өзінше көріп, қабылдап, қайта бейнелеп, құбылыстарды сергек оймен ұғынып, терең де жан-жақты көрсетеді.
Біз бейнелеудің бұл тәсілі ұсақ бөлшектерден тұратын ұлы нысандарды көрсетуге лайық деп білеміз. Нысанды толымды айқындау үшін майда-шүйдені қуып кетпеу керек. Мәселен, бір атырапты /ландшафты/ бейнелеген суретші ұсақ-түйекті шұқыламай, толық елестетуге күш салады...
Табиғатқа еліктеу, өзіндік тіл табу, нысанды дәл және жан-жақты зерттеу арқылы заттардың барлық қасиетін біліп алып, өнер бейнелер байланысын анықтап, санқилы тұрпаттарды дәл көрсете алатын деңгейге көтерілгенде адамзаттың ең үздік рухани сатыларының бірі – стиль қалыптасады.Егер жай еліктеу салқын түрде, ыждағатпен көрсетсе, мәнер – дарынды қолдың шабытынан шықса, стиль – дүние табиғатын ашатын терең білім беретін, көз алдыңа түс, мұрныңа иіс, құлағыңа дыбыс әкелетін бейнелерге толы туындылар жасайды...Cонымен, жай еліктеу стильге дейін қызмет етеді. Еліктеуші неғұрлым көргенін салқын қабылдап сабырмен бейнелеп, тиянақты, тыңғылықты болса, көлденең ойға берілмей, ұқсас, әртүрлі нәрселерді екшеп жинақтап берсе, көп нәтижеге жетеді.Егер бұдан кейін мәнерге ден қойсақ, ол шырқап шыққанда, жай еліктеу мен стильдің ортасында тұра алады. Неғұрлым еліктеу тәсілдері дәлді болып, заттардың етене белгілерін дөп түсіріп берген кездерде мәнердің қуаты арта береді.Суретші табиғаттан қол үзіп, бос қиялға берілсе, өнер тамыры суалып, еліктеуден де, мәнерден де айрылып, стильден жұрдай болып, айдалада қалады. Мәнер сөзін биік және қастерлі мағынада қолданатынымызды қайталамай-ақ қояйық. Өнердің жеткен, жететін ең биік тұғыры – стиль, сондықтан ол сөзді ерекше құрметпен айтамыз. Шеберліктің бұл биік сатысын ұғу, білімпаздармен ол игілік туралы әңгіме-дүкен құру қандай рахат сезім десеңізші, әрқашан сол күйді кешу қандай ғанибет.Шығарма тілі екі түрлі болатындығы жоғарыда айтылған еді. Оның бірін ақын тілі деп, екіншісі әншейін тіл деп аталады деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекі, әуезді болу жағын да талғайды.
Шығарма сөз өңді, ұнамды болу туралы талғаудың қоятын жалпы шарттары мынау:
Сөз дұрыстығы
Сөз дұрыс айтылуы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек:
Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді біліп әрқайсысын өз орнына тұтыну.
Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру.
Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс ойрайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орындастыру.
Тіл тазалығы
Тіл тазалығы – дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.
Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мынау түрлі сөздерден қашқан:
а. Ескірген сөздерге жоламаған.
ә. Жаңадан шыққан сөздерден қашқан.
б. Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан.
в. Жергілікті сөздерге яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған.
Қазақ әдебиеті қатып-пісіп жетпеген уақытта біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз екен деп, ол жағынан қатал қарап. Қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ біздің мықтап қашатынымыз жатшылдық (жат сөзшілдік).
Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған болады.
3. Тіл (лұғат) анықтығы
Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық мағыналы болу үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болу керек. Адам анық танитын нәрсесін анық атайды да, көмескі танитын нәрсесін көмескі, күңгірт атайды. Сондықтан біреудің айтқан сөзін анық түсінеміз де, біреудің сөзін анық түсінбей, жорамалдап, жорып, ұйғарып қана қоямыз...
Тіл дәлдігі
Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады. Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл дәлдігін бұзатын көбінесе амәндес сөздер.
Амәндес сөздер деп мағынасы жақын сөздер айтылады. Мәселен: батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттік деген сияқты сөздер. Мұның бәрі жүректілікті көрсеткенмен әрқайсысының өз алдында өңі бар. Өңін танымай яки аңғармай бірін бірінің орнына айтса лұғат дәлдігіне кемшілік келтіреді. Және де тіл дәлдігіне мынадай орындарда кемшілік келеді.
1. Сөйлем ішіне орын алып, оралғы болудан басқа қажеті жоқ сөздер кірсе.
Мысал:
а. Кейбіреулер дүние қуғыш, мал жиғыш, пайда қылғыш келеді.
б. Өз көзіммен көріп, көз алдымнан атқарып келіп отырмын.
П.Оның қалыптанған ерте тұратын әдеті бар еді.
Бұл үш мысалдың ішінде алып тастаса, орны ойсырамайтын сөздер: “Мал жиғыш”, “Пайда тапқыш”, “Көз алдымнан атқарып”, “Қалыптанған” деген лебіздер. Бұлар сөйлем ішінде тұрғанда да толық болуына келтіріп тұрған пайдасы жоқ.
т. Ойы қарайлас сөйлемдер қатар айтылғанда, мәселен, “Мен қартайған шағымда, байы жоқ деп баққан жоқ, күйі жоқ деп күйген жоқ, қайраты жоқ деп қарасқан жоқ, әлі жоқ деп асыраған жоқ” деген сияқты. Бұлай айтудың сырты көркем сияқты көрінсе де, ішкі мағынасы пікірді толықтырмай, тек сөздің, сөйлемнің қарасын көбейтеді.
Тіл көрнектілігі
Достарыңызбен бөлісу: |