Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің әдістемелік тақырыбы:
«Мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесін арттыру» тақырыбын басшылыққа алып, жұмысын істеді.
Әдістемелік бірлестіктің мақсаты: Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру.
Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің әдістемелік білім деңгейі мына мақсаттары арқылы қалыптасады:
Оқытушылардың әдістемелік шеберлігін мемлекеттік стандарт талабы бойынша жетілдіру
Мемлекеттік білім стандарты арқылы пән бойынша білім бағдарламасын енгізу, нормативтік құжаттарды оқып, практикалық түрінде қолдану.
Жаңа педагогикалық технологияларды жаңа оқу бағдарламасында оқытудың әдіс-түрлерін енгізе отырып, әрі қарай дамыту.
Қорытынды аттестаттау мен ОЖСБ-ға дайындық үстінде мұғалімдердің жақсы нәтижеге жету тәжірибесімен бөлісу
Педагогтардың оқушыларын жүйелі және сапалы түрде олимпиадаға, байқауларға, ғылыми жобаны қорғау жұмыстарына қатыстыру үшін белсенділіктерін арттырып, жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |