Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тәрбие сағатының тақырыбы



Дата27.12.2016
өлшемі71,04 Kb.
#5718
Губайдуллина Бағдагүл Бақтығалиқызы

Атырау қаласындағы №31мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тәрбие сағатының тақырыбы:

Елді бірлігінен, ауылды тірлігінен айырмасын.

Мақсаты:

1.Оқушыларға ел бірлігі, ауыл тірлігі туралы мазмұнды пікір, тұжырым қалыптастыру.

2.Халық тағылымдарымен,шешендік сөздермен таныстыра отырып, оқушылардың өзіндік пікірін қорытуға дағдыландыру.

3.Топтық жұмыстарда оқушының өз ойын жеткізу шеберлігін, ойлау қабілетін дамыту.



Көрнекілігі: “Аққу, шортан һәм шаян” суреті, буылған шыбықтар, тапсырма жазылған слайдтар, бата-тілек бетшелері.

Жүрісі: 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бұқар жырау қартайғанда елдің жақсылары мен шешендеріне, ойшылдарына жұмбақ қойыпты:

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Отырғандар таң-тамаша болып қалыпты.Төсекте жатқан Бұқар жырау:

-Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады,Қазыбек,сен айтып берші?-деген екен.Сонда Қаз дауысты Қазыбек:

-Бір дегеніміз - бірлігі кеткен ел жаман,- деп бастап, жауабын шешіпті. Бұл жауапқа Төле би өте риза болған екен.(Н.Төреқұл «Даланың дара ділмарлары»Алматы, «Қазақстан» 2001.135-бет.)

Иә, бірлігі бар ел азбас. Елді бірліктен, ауылды тірліктен айырмасын дейік. Бүгінгі өнеге сағатымыздың басты тақырыбы да бірлік болмақ.


2. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» Крылов шығармасының Ахмет Байтұрсынов аудармасы бойынша “Аққу, шортан һәм шаян” мәтінімен таныстыру.

Сұрақ: - Жүк неге орнынан қозғалмады?

Бұл әрекетті қалай ұйымдастырар едік?(оқушылар пікірін тыңдау)

Сурет бойынша әңгіменің қорытындысын шығару.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.



2.”Бірлігі күшті ел тозбайды.


Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ ,ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады.Төле “Қалай еткенде бірлік болады,оның күші қандай болмақ?”дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

  • Балам, мынаны сындырып көрші.

Төле буылған шыбықты алай - бұлай сындыра алмайды.

  • Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы.

Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындырып береді.

Әлібек би:



  • Бұдан не түсіндің, балам?-дейді.

Сонда Төле бала:

  • Түсіндім,әке, бұл мысалыңыздың мәнісі ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші,бірлігі, ынтымағы жоқты жау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.

  • Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл.“Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын” дегеннің мәнісі - осы,- депті.(Н.Төреқұл «Даланың дара ділмарлары»Алматы, «Қазақстан» 2001.106-бет.)

(Әнет бабаның іс-әрекеті арқылы оқушылармен тікелей жұмыс жүргізу)

Қорытынды шығару: “Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын.”
3. Бірлік бақытқа бастайды. Ертегі бойынша рольдер оқу.

«Ақыл, ғылым, бақыт» тақырыбындағы ертегісі бойынша көрініс

Қатысушылар:1-оқушы - Ақыл,

2-оқушы - Ғылым,

3-оқушы - Бақыт,

4-оқушы - Сарапшы.

Ақыл, ғылым,бақыт-үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып, таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті:

Бірінші-бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен байланыс, сонда көп жасайсың,-депті.

Екінші-ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бірақ та бар ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбағанды демде әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен байланыс. Сонда абыроймен ұзақ жасайсың,-депті.

Үшінші –ақылға: дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ. Бірақ та ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп шығасың да, кетесің. Ашу бүлдіріп-бүлдіріп кеткен соң, кіресің де, ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді.

Барыңдар, ақыл, сен адам бол, ғылым, сен ат бол, бақыт, сен қамшы бол. Үшеуің біріксең, ешбір мұқтаждарың болмайды, - депті.


Қорытынды: “Бірлік түбі - тірлік.”
4.Іскерлік ойын

Біз бірге жүреміз” (жылы сөздері арқылы айналып пікір айту.Мысалы:Мен сен үшін мақтанамын; Біз тату достармыз; Сен өте тапқырсың; Күйді керемет тартасың! т.б.)


5.Шығармашылық тапсырма

Жәнібек би ауыл ақсақалына

Ел берекесі қайтсе кетеді?-деп сұрақ қойған екен.


Сұрақ: Ауыл берекесі қайтсе кіреді?

Ақсақалдың жауабын пайдаланып, өз ойыңды білдір



Сонда ақсақал:

- Ауыл ақсақалы шала болса.



Жігіттері ала ауыз ала

болса,

Ә” десе, “мә” дейтін



Жасы үлкеніне кішісі

Сыйламайтын көңілі қара

болса

Сол ауылдың берекесі

кетеді,- деген екен.





Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы» жауапты редактор Шаяхметов Ш.Ш. Алматы, Рауан»1994ж.63-бет ) Әр оқушының пікірін тыңдау, саралау.

Шешендік сөздермен мұғалім қорытындысы.



1. Байжігіт би

Берекесі кеткен ауылдың-

Айтқаны өсек болар,

Жатқаны төсек болар.

Берекелі ауылдың –

Айналдырғаны шаруа болар,

Еккені тары, жегені жарма болар... (Н.Төреқұл «Даланың дара ділмарлары»Алматы, «Қазақстан» 2001.294-бет.)
2. Досбол шешен

Ел азарында есірік болар

Адамда бір-бір кеңсірік болар,

Елдегі адал арам болар

Елдегі жақсы қазан болар.

Жігіт кеселші болар,

Әйелі өсекші болар.

Елдің шынары болмас,

Үлкеннің ұғары брлмас.

Кішінің тұрағы болмас,

Ел тозып, ығыр болар,

Ер қажып тұғыр болар

Баққаны базар болар,

Айтқаны азан болар.

Пәле түбі-жұт,

Жақсы мінез-құт.

Күндердің күнінде

Ел бір жақсыға зар болар.

(«Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы»Жауапты редактор

Шаяхметов Ш.Ш. Алматы, Рауан»1994ж.67-бет)
6. Шешендік сөздерден көрініс (оқушылардың орындауында)

Қызылбөрік Мақсот Қашағаннан:

-Елдің бірлігі неден бұзылады?-деп сұрайды.

-Өсек пен көре алмаушылықтан,-деп жауап беріпті би.
Сырлыбай датқа Қашағаннан

-Дүниеде не жаман?-деп сұрайды.

-Ынтымағы жоқ ел жаман. Бәрінен де халқына қадірсіз болған сол жаман,-деген екен тоқталмастан.
Қашағанның қартайған шағында:

-Еліңізден не тілер едіңіз?-деп сұрайды Солтанбек болыс.

-Абылайдай білігі болса, Райымбектей қорғаны болса,Төле бидей ғұламасы болса, бейбіт өмір тірлігі болса, Құдайдан осыны тілер едім,-деген екен. (Н.Төреқұл «Даланың дара ділмарлары» Алматы, «Қазақстан» 2001.424-425-беттер.)
7. Тәрбие сағатын қорытындылау.

Бата-тілек бетшелерін тарату (Мүмкіндігінше барлық оқушыларға таратқан жөн)



1.Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен, өз Отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің.

(Орхон жазбаларынан)

2. Балаларыма өсиет:

Қылмаңыздар кепиет.

Бірлігіңнен айырылма,

Бірлікте бар қасиет! (Ақтамберді жырау)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет