8-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығына арналған жұмыс дәптері



Дата25.12.2016
өлшемі139,85 Kb.
#4636
8-сыныптың « Қазақ тілі» оқулығына арналған жұмыс дәптері

Кіріспе


«Тілдің арқасында біреуді –біреу танып, бір халық екінші бір халықты таниды»,-деп Р.Ғамзатов айтпақшы, тілсіз адамзат өмір сүре алмаған болар еді. Тіл- адамға ғана біткен байлық. Тіліміздің бай қорын кең пайдалану -бүгінгі ұрпақтың еншісінде.

Қазақ тілі сабақтарында талдау, түсіндіру, оқыту,әңгімелеу т.б жұмыстары жүріп жатады. Мұғалім тек оқулықта берілген жаттығулармен ғана шектелмей, әдістемелік құралдарды пайдаланады. Сөйтіп оқушының тілін дамытуға, ой-өрісін арттыруға, теориялық ұғымдарды практикалық тұрғыда меңгертуге тырысады.

Мұғалімге аса қажет тағы бір құралдың түрі- түрлендірілген тапсырма үлгілері бар, тәрбиелеуге, дағды қалыптастыруға көмек бола алатын жұмыс дәптерлері. 8- сыныптың «Қазақ тіліне арналған жұмыс дәптерінде» тапсырмалар сатылай кешенді талдауға, мақал-мәтелдерге зер салуға, тарих тереңіне үңілтуге, шешендік сөз айтуға т.б арналған. Теориялық мәліметтерді өткен соң, сабақтың ыңғайлы бекіту кезеңінде ұсынуға болады.

Бұл жұмыс тапсырма орындау барысында оқушының зейінін арттырады,теориялық тақырыпты жете меңгерте алады деген сеніммен жасақталған. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.



8-сыныптың қазақ тіліне арналған жұмыс дәптері.

І. Фонетика тарауы бойынша

1- тапсырма. Мақал –мәтел –сөз мәйегі

Мақал-мәтелдерді оқып, мазмұнын айт,қалаған сөзіңді математикалық талдаумен өрнекте.

Қонақ келсе, құт келер.

Асыққан жолаушы атына теріс мінеді.

Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді.

Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

Ата мұраң-асыл қазынаң.

2- тапсырма. Бесік жырын оқып,тағы қандай түрін білетініңді айт. Белгіленген сөзді математикалық талдаумен өрнекте.

Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама, бөпем, жылама,

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.



Зерделі сөзге зер сал.

3- тапсырма

Жеті қазынаға не жатады? Осы жеті сөзге фонетикалық талдау жаса.



Ата салтыңды сақта!

4- тапсырма.

Төменде берілген тыйым сөздерді жаттап алыңдар. Асты сызылған сөздерді математикалық талдаумен өрнекте.

Тұзды, күлді баспа.

Отты, күлді шашпа.

Бөркіңді теріс киме.

Бос бесікті тербетпе.

Шапанды желбегей жылама.

Үйде ысқырма.



Зерделі сөзге зер сал.

5- тапсырма.

Оқып, мазмұнын аш. Өзіңе ұнаған сөздерді дәптеріңе жазып ал да, жатта. Қалаған сөзіңді математикалық талдаумен өрнекте.

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашар. Б.Момышұлы

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Абай

Сөз көңілге сипат жағының көркемділігімен, мағына жағының күштілігімен жағады. А.Байтұрсынұлы



Мақал -сөздің мәйегі.

6- тапсырма. Мақал –мәтелдерді жаттап ал, мағынасын түсіндір. Дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсет.

Екі тентек елге сыймас.Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.

Арыстанның ойынынан түлкінің мойны үзіледі.

Аттан тай озады, атадан бала озады.

Ас-адамдың арқауы.

Шешенің судай төгілген.

7- тапсырма. Шешендік сөздерді оқып, мазмұнын айт. Асты сызылған сөздерге фонологиялық талдау жаса.

Алда келе жатқан Исатайға Жәңгір хан бірде:



  • Қара тазыдай сумаңдап алға шыға бермей, қатарда жүрсең не етеді?- депті. Сонда ханның жанындағы жарамсақ билердің сыртынан ханға шағыстырып келе жатқанын сезген Исатай батыр:

  • Алдыңда қыран бүркіттей қылаңдап мен келе жатқанда, артыңда қарғылы төбеттей сүмеңдеп төрт биің келе жатқанда көктен құдай, жерден құмай алар деп қорқып келесің бе?- деген екен.

Өтірік өлең айтып ел қараттым......

8- тапсырма

Өтірік өлеңдерді оқып, жатқа айтып беруге дағдылан, көп нүктенің орнына қандай сөз қойылатындығын тап та, сол сөзге матаматикалық талдау жаса.

« Малдың бәрі семірді....

Ерледім,- деп қуанды шопан-дағы-

Сиыр болып ешкілер мөңіреді,

Түйе болды қой өсіп қотандағы.»

Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы.

9- тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап ал.

Асты сызылған сөздерді буын түрлеріне талда.

Бір ғылымнан басқаның

Кеселі көп асқанға

Одан үміт, кім қылар,

Жол табар деп сасқанда?

Үйтіп асқан жолығар,

Кешікпей –ақ тосқанға.

Абай

Табиғат –тылсым дүние

10- тапсырма

Жылдың қай мезгілі суреттеліп тұрғанын айт, өзіңе ұнайтын жыл мезгілі туралы әңгімеле, қалаған сөзіңе математикалық талдау жаса.

Сонсоң дүниені мәңгі жастыққа бөлеген маужыр мезгіл басталады. Маужыр мезгіл Алтай өңірінде бөлекше ғой. Білесіз бе, мұндайда бұл мезгіл әлдеқайда ерте түседі де, созалаңдап жатып қалады. Шіркін, сары алтындай шағылысқан табиғаты қандай керемет!

О.Бөкеев

Тарих соқпақтарынан

11- тапсырма

Берілген даталарды есте сақта, қосымша қандай мәлімет қоса алар едің? Асты сызылған сөздерге математикалық талдау жаса.

1690 жыл шамасы-Әз-Тәуке хан Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолы» заң үлгілерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» аталатын заң жүйесін енгізді.

1698 жылы-Дүрбің –Ойрат қалмақтар, Шу, Талас өзендері бойына басып кіріп, Қазақ Ордасын шайқалтып кетті.

1710-1711 жылдары-қалмақтардың жаңа жорығы басталды.



Ойлан, тап!

12-тапсырма

Берілген жұмбақтарды жаттап, шешуін табыңдар, шешуі болған сөзге фонологиялық талдау жаса.

  1. Ана ауылдың бурасы,

Мына ауылдың бурасы

Желкілдейді шудасы.



  1. Тізіле өскен тісі бар,

Көп істеген ісі бар.

  1. Ойдың аяқталуын күтпейді,

Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.

Ұлылардан ұлағат

13-тапсырма

Ұлағатты сөздерді оқып, дәптеріңе көшіріп жазып, естеріңе сақтап жүріңдер.

Авторына математикалық талдаудың белгісіздік түрімен өрнекте.

Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шақырады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер»,-дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады.

Ғ.Мүсірепов



Мақал-сөздің мәйегі

14-тапсырма

Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндір. Асты сызылған мақалдағы сөздерді буын түрлеріне талда, дыбыс үндестігіне талда.

Ырыс ауысады, білім жұғысады.

Жігітке жетпіс өнер де аз.

Достың ақымағынан, дұшпанның ақылдысы жақсы.

Фонетика жыр жолдарында

15-тапсырма

Төменде берілген үлгі бойынша өлең шумақтарын құрастырып көр. Әдебиет теориясын еске түсір. Дауыстыдан бірөңкей басталған өлең тармағы, бірөңкей дауыссыздан басталған өлең тармағы не дап аталады?

Ана деген ардақты ат,

Ананы жүр ардақтап.

Ана есімі тұрады,

Асқарлы шыңдай асқақтап.

ІІ. Лексика тарауы бойынша

1 –тапсырма

Берілген мақалдарды аяқтап, олардың тақырыбын айтыңдар.

Жақсы сөз-............................

Жылы –жылы сөйлесең,.................................

Басқа пәле-.............................

Аңдаусыз сөйлеген..............................

2- тапсырма

Қарамен берілген сөздер қандай сөздер? Қандай шығармадан екенін айт.

Бадана көзді ақ сауыт,

Бекітіп соққан Ер Дәуіт.

Шығыршығы шираған,

Бадана көзді кіреуке.

3- тапсырма

Мына сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдаланып, лексикалық мағынасы бар сөздер құрап жазыңдар.

Үлгі: сандық-сан, дық,мас, ық, нық, саны,т.б

Арғымақ,балалық, тазарту, арманшыл, Ақшұқыр.

4- тапсырма

Мәтінді көшіріп жазып, мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беріңдер.

Синоним, антонимдерді көрсет.

Адам баласына адам баласының бәрі –дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың,қайғың,қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, өлуің, көрге кіруің бәрі бірдей. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Бір –біріңе қонақ екенсің, өзің дүниеге қонақ екенсің. (Абай)



5- тапсырма

Төмендегі сөздерді сәйкестендіріңдер.(синоним, антоним)

Анайы алып

Құпия сыпайы

Ұсақ тұрпайы

Су жүрек жария

Дөрекі қорқақ

Жомарт мырза

Тас жүрек ауқат

Тамақ қатыгез

6- тапсырма

Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасына назар аударыңдар.

Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді теріп жазыңдар, мағынасын түсіндіріңдер.

Бүтін тұрғанды бүлдірмес болар.

Өрттің өзінен түтіні бұрын көзге түседі.

Әр елдің жауына қарай жауынгері бар.

Кешірімнің ең үлкені- кек сақтамау.

Өсектің өртінен де дерті жаман.

Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.



7- тапсырма

Дұрыс жауабын белгілеңдер.

  1. Тұрақты сөз тіркесін табыңдар.

А) Көркем ой

Ә) Көзі ашық

Б) Қара көк

В) Көп түкірсе көл

Г) Кең жайлау төрі

2. Қай сөз жалпылама қолданылатын сөзге жатады.

А) Бұрыш

Ә) Квадрат

Б) Теңдеу

В) Су


8- тапсырма

Мәтінді оқып ат қойыңдар. Тұрақты тіркесті табыңдар.мәтінді әрі қарай толықтырып жаз.

Индира сабақтан келгенде, анасы тамақ дайындап жатыр екен.



  • Кішкенеден кейін тамақ та піседі. Ас піскенше, жүрегіңді жалғай тұрсайшы, қарың ашты ғой. Бауырсақ же!-деді.

Индира ағыл –ғұпыл шешінді де, үстел басына отыра кетті. Дәмді бауырсақ оның ішіне ел қондырды.

9- тапсырма

Үлгі бойынша берілген сөздерге омонимдік талдау жасаңдар.

Бытыра І з.е-мылтықтың оғы.

Мерген бытыраны қорғасыннан жасауды тапсырды.

Бытыра ІІ етістік-шашылу, жан-жаққа жөнелу.

Жаяу әскер тау-таумен бытырай келеді.

Біз, жел, қаңтар, қал.



10- тапсырма

Біліп жүріңдер.

Бір санына мағынасы жақын сөздер.

Жалғыз, жалқы, жеке, дара, сыңар, саяқ.

Білікті бірді жығады.

Жалғыз ағаш орман емес.

Жалғыздық құдайға жарасқан.

Жалқы тал. Жалқы жігіт.

Жеке тұлға. Дара басшылық.

Егіздің сыңарындай.

Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар.



11-тапсырма

Екі санына мағынасы жақын сөздер: жұп, қос, егіз, пар.

Жұбын жазбады, қос бармақ, қос етек, қос нүкте, егіз қозыдай, егіз туғандай. Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар.

12-тапсырма

Сатылай комплексті лексика-грамматикалық талдау жасаңдар.

Үш тоқтам.

Ақыл -арқан Ой-өріс Адам –қазық

13-тапсырма

Сөздердің омоним, антоним, синонимдерін табыңдар.

Үш тәтті


Жан Мал Жар

14-тапсырма

Синонимдерді тауып сөйлем құраңдар.

Бес аспап, бес батпан, бес биенің сабасындай, бес күндік, бес саусақтай, бес тиынға тұрмайды.



15-тапсырма

Шешендік сөздердің мәнін ашыңдар.

Тыңдалмаған сөз жетім,

Киюсіз тозған киім жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім.

Замандасы қалмаса- бәрінен де сол жетім.

(Төле би)

16-тапсырма

Сөздерге лексикалық талдау жасаңдар.

Ит-жеті қазынаның бірі.

Жеті атасын білген ер.

Жеті жұрттың қамын жер.

Бала жетіге дейін жерден таяқ жейді.

17-тапсырма

Берілген идиомаларды топтап,мағынасына қарай баламасын табыңдар. Мұрнын көкке көтеру, қара қылды қақ жарған, ала жіпті аттамау, көз еті өскен, төбе шашы тік тұрды, салы суға кетті, жігері құм болды, ит терісін басына қаптады, сай-сүйегі сырқырады.

18-тапсырма

Мына сөздер қатысқан фразалық тұрақты тіркестерді тауып, толықтырып жазыңдар.

Тайпалған......................... Сүттей...........................

Табан ет............................ Түймедейді.......................

Мақтамен .......................... Бұғанасы.............................

Сыртым бүтін........................ Сау басына............................

Үмітсіз................................... Құралайды................................

Ауырдың үстімен....................... Бас десең..................................

19-тапсырма

Мына сөзедердің идиомалық баламаларын тауып, сөйлем құраңдар.

Жылдам, лезде; момын, араз; нанымсыз, қисынсыз; зорға, әрең; батыр, ер; қирату, сындыру; тату, дос; қоқу, аяу, ашулану;



20-тапсырма

Әр түрлі ғылым саласына байланысты термин сөздер жазыңдар, олардың бас әріптерінен «Терминдер» деген сөз шығатын болсын.

Т-
Е-

Р-
М-
И-
Н-
Д-
Е-
Р-

21- тапсырма

Мәтіннен көнерген сөздерді табыңдар. Қандай шығармаларда жиі ұшырайтындығын айтыңдар.

Алтыбақан Сүйіндік ауылынан қашаңдау жерде екен. Ойынға жиналған жастар қалың көрінеді. Кәмшат бөрік, мақпал шапан, киген қыздар көп. Шолпылары тоқтаусыз шылдырлайды. Ақ шаршы, кестелі кимешектерін әсем ғып салған күлкішіл келіншектер көп.

М.Әуезов

22- тапсырма


  1. Мәтінді оқып, синоним сөздерді теріп жазыңдар.

  2. Синоним және синонимдік қатар туралы айтып беріңдер.

Күн артынан күн келеді. Бірақ жаңғырар дүние жоқ. Қалың жұртың қорлықта, зарда,ит кешуде жатса, қасқырдай шауып, жауша тонап, тойымсыз, тынымсыз бүліктер жүр. Базаралыдан әмір күтіп жатқан жігіттер келіп болмады. Сол себепті Базаралының белгісіз ісі әлі аз күн аял күтіп, іркіліп тұрған-ды. М.Әуезов

23-тапсырма

Мына сөздердің тура мағынасын табыңдар:

  1. Тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті...........

  2. Ашық мінез, ашық әңгіме, ашық............

  3. Иненің көзі, байлықтың көзі, көзі.................

  4. Өткір ой, өткір мінез, өткір.................

  5. Алыс арман, алыс туыс, алыс..................

  6. Қалың ел, қалың ағаш, қалың...................

24-тапсырма

Сөздердің синонимдік қатарын толықтырыңдар.

Әңгімелеу,.........................

Аяқтау,.........................

Ауыру,.........................

Әрең,............................

Басқару,.........................

Көмек,.........................

Оқымысты,....................

Тынығу,......................

25- тапсырма

Мақал-мәтелдерде айтылмай тұрған сөзді табыңдар, ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды?


  1. Арқанның ұзыны жақсы,

Әңгіменің........... жақсы.

  1. Дұшпанға тастай қатты бол,

............. балдай тәтті бол.

  1. Ақыл- дос, ашу-.............

  2. Ақымақ ішкен-жегенін айтады,

............. көрген- білгенін айтады.

  1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен болмаса, кішіден сұра.

  1. Жалқауға жатса да-мейрам,

................... да мейрам.

26-тапсырма

Омонимдерді бір бөлек, көп мағыналы сөздерді бір бөлек жазыңдар.

Әңгіменің басы, қолдың басы, сөздің басы.

Ауыр жүк, ауыр сөз, ауыр мінез.

Қара шаш, балапанға жем шаш, кеш батты, суды кеш.

Есікті аш, аш мал, әдемі жаз, ыстық жаз.

Арыстан ақырды, ақырды тазала.

8-сыныптың «Қазақ тілі»оқулығына арналған жұмыс дәптері

Төлеуова Анар Қаражігітқызы

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясының



жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет