«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде емес)
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
(жаратылыстану-математикалық,
қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
10-сынып
2020-2021 оқу жылы
БҰЛ ТБЖБ ВК @10synypbjb группасынан алынган!!!
Тіркел!!! vk.com/10synypbjb
Тіркел!!! vk.com/10synypbjb
Тіркел!!! vk.com/10synypbjb
ББЖБ ТБЖБ ЖАУАПТАРЫ БАР!!!
↓↓↓
Nur-Sultan, 2020
МАЗМҰНЫ
1.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3.Күтілетін нәтижелер 3
4.Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5.Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
6.Модерация және балл қою 6
I ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
ІІ ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 18
III ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 26
IV ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 34
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт).
Күтілетін нәтижелер
1) тыңдалым:
білім алушы қарым-қатынастың әртүрлі аяларындағы мәтіндердің мазмұнын, коммуникативтік мақсатты, сонымен қатар, сөйлеушінің әлеуметтік және эмоционалды-экспрессивті сөйлесім ерекшеліктерін толық түсінеді; ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну деңгейінде қабылдайды; тыңдалған мәтінді айқындылығы мен бейнелілігі жағынан бағалайды;
2) айтылым:
дәлелді монологтік немесе диалогтік сөз дайындай отырып, коммуникативтік мақсатқа сәйкес түрлі тіл құралдарын тиімді қолданады; көркем шығармалардың тақырыбы бойынша пайымдайды, шығарма кейіпкерлеріне және олардың әрекеттеріне деген өзінің қатынасын білдіреді; әртүрлі айтылған сөздерді сыни тұрғыдан бағалайды; тіл нормаларын, сөйлеу тәртібі мен әдеп нормаларын сақтайды; проблеманың себептері мен салдарларын болжайды; мәселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік-рухани, патриоттық, тарихи-мәдени дамуымен байланысты идеяларды жинақтайды;
3) оқылым:
жасырын мағынасын таба отырып, тұтас және тұтас емес мәтіндердің мазмұнын толық түсінеді; мәнмәтіннен бейтаныс сөздердің мәнін анықтайды; оқытылатын тақырыптар шеңберінде академиялық мәтіндердің ерекшеліктерін айқындайды; түрлі дерек көздерінен ақпаратты іріктейді; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсінігін талдай отырып, әдебиет туындыларын өнердің басқа түрлеріндегі бейнесімен салыстырады; қойылған міндеттерге байланысты оқылымның әртүрлі стратегияларын қолданады;
4) жазылым:
тақырып, мақсат, мәселелер жиынтығы және тілдесу жағдаятына сәйкес орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып, түрлі типте және стильде мәтіндер құрайды; алынған ақпаратты зерттеу және жинақтау негізінде түрлі тақырыпта тұтас немесе тұтас емес мәтіндер құрайды; мәтіндерге жоспардың әртүрлі түрлерін құрастырады; мәдениет пен тілдің көпқырлылығы, патриотизм және тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы мәселелерін бағалай отырып, көркем әдебиет шығармалары бойынша шығармашылық жұмыстар жазады; ойы мен сезімін анағұрлым дәлме-дәл жеткізу үшін көркемдеу құралы – троптар мен стилистикалық тәсілдерді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |