ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдайды;
әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды;
ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) бойынша салыстырмалы (жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы) талдау жасайды;
мәтін тақырыбына байланысты қосымша материалдар негізінде ортақ қорытындылар жасайды;
мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді және оны бағалайды.
Оқылым негізінде қысқа жауапты, толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазылым және тілдік бағдар
публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, баспасөз парағы, тезис, интервью жазады;
қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе);
шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазады;
тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсынады;
ғылыми-көпшілік және көркем мәтіндердегі негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін құрастырады;