4. Болжалдық сан есім – заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап көрсетеді. Сұрақтар: қанша? неше? қай шамалы?. Болжалдық с.е. -лаған/-леген,-даған/-деген,-таған/-теген,-лап/-леп,-дап/-деп,-тап/-теп,-дай/-дей,-тай/-тей қосымшаларын қосу арқылы жасалады: отыздаған, он-он бестеп, қырық-елудей. Кейде көптік жалғауын жалғап та болжалды сан есім жасауға болады: қырықтарда т.б. Шамалы, қаралы, шақты, таман, таяу, тарта, жуық, жақын сөздері тіркесіп те болжалдық сан есімдер жасайды: он шамалы, елуге тарта т.б.
5. Топтау сан есім – заттың санын топтап көрсетеді. Сұрағы: нешеден? Шығыс септігі жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: үштен, үшеу – үшеуден, сексеннен.
6. Бөлшектік сан есім – заттың бөлшектік санын білдіреді. Сұрақтары: қанша? неше? Мысалы: бір жарым, бестен екі, төрт бүтін оннан бес.
Glossary
Достарыңызбен бөлісу: |