БЖБ. Қайталау 134
Тоқсандық жиынтық бағалау(ТЖБ) 135
Қайталау 137
Мен не үйрендім? Нәтиже сабақ 138
Жылдық қайталау 139
I-ТОҚСАН
БЕЛСЕНДІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ – АҮМ
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5-сынып
Лексикалық тақырып: Қазақ отбасының дәстүрлері
Грамматикалық тақырып: Фонетика
Оқытушы: Урустемова Зейне Киргизбаевна
|
Фонетика гректің «фоно» сөзі «дыбыс» дегенді білдіреді. Фонетика ғылымы тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді, яғни, дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары адам пайда болғалы бірге өмір сүріп келеді. Тіл дыбыстары болмаса тіл өмір сүре алмайды. Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады.
1-шісі: оның сапалық сипаты. мыс: мал, тал, қал. Бұл сөздердегі дыбыстың саны бірдей , бір дыбысы өзгерген сайын, мағыналары да өзгереді.
2-шісі: сөздердің дыбыс саны әр түрлі болады.мыс: бала ,ала, ал.
3-шісі: сөздердегі дыбыстың орын тәртібі, яғни, дыбыстардың орын ауысуы. мыс: тас-сат, қас-сақ, қош-шоқ т.б.
Әліпби сөзі араб алфавитінің алғашқы екі әрпі-алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған. Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді.
Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиіне қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар (ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, h, і).
Қалғандары-орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.
Достарыңызбен бөлісу: |