Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытуда жаңа әдіс- тәсілдердің тиімді жолдары



бет5/5
Дата06.02.2023
өлшемі1,24 Mb.
#167616
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1574421723-Акгуль Баяндама

Оқулықпен жұмыс.
Келесі кезекте өлең жолдарындағы сөздермен жұмыс жүргізілді. Мағынасын айтып, дәптермен жұмыс жүргізді. Дәптерлеріне жазып алды.
Диқаншы- егінші, егін кәсіпкері
Зейнет-еңбек рахаты, жемісі, игілік
Бейнет-азап
Жасық-1) семіз емес, өте арық ет;
2) жігерсіз, ынжық, былжыр.
3) ЖЖ
Шығармадан автордың «Мен» бейнесін басшылыққа ала отырып, Адам мен нағыз Адам бейнесін ашып, мысалдар арқылы анықтау.



Адам

Нағыз адам









Дескриптор:
Адам мен Нағыз адам арасындағы айырмашылықтарды ажырата алады.
Өз ойларын білдіреді.
Жұптарын бағалай алады.


Сабақтың соңы

ЖЖ
Шығармадан автордың «Мен» бейнесін басшылыққа ала отырып, Адам мен нағыз Адам бейнесін ашып, мысалдар арқылы анықтау.



Адам

Нағыз адам









Дескриптор:
Адам мен Нағыз адам арасындағы айырмашылықтарды ажырата алады.
Өз ойларын білдіреді.
Жұптарын бағалай алады.



Мәтіндер оқылып болғаннан кейін,



Сабақты қорытындылау

Кері байланыс.

Топ оқушыларына рефликсия ретінде сұрақтар қойылады


Сабақта үйренгендерім өмірде қажет деп... немесе қажет емес деп ойлаймын. Себебі: ?????????????


Сабақта мен үшін ең қызық болған не ???????????
Сабақтан алған әсерім?????





Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістер - оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Жаңа- әдіс-тәсілдер бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді..


Жалпы айтқанда, жаңа әдіс –тәсілдер сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолданған кезде:
– қызығушылықты ояту;
– мағынаны тану;
– ой толғаныс
Әдіс-тәсілдерді қолданған кезде бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа әдіс-ілдерді қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру.
Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.
Сондықтан оқытушы үшін сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу – тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс. Жалпы жаңа әдіс-тәсілдерді әдебиет сабағында қолдану барысында ұққаным, оқушыларға әрқашан, үнемі сабақ барысында кеңейтілген тапсырмалар, оқушылардың ой-өрісін дамытатындай әдіс-тәсілдерді түрлендіре қолданып, тиімді пайдаланып отыруымыз керек екендігін ұқтым. «Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» деген тұжырымда айтылғандай, мұғалім өзіндік ойлау қабілетін қалыптастырып алған жағдайда ғана жаңашыл идеялар мен тың бастамалардың жаршысы бола алады. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылар әрқашан жаңалыққа бейім болып келеді, көркем шығармаларды талдап, саралап, салыстыра жүріп проблемаларды шынайы шешуге тырысады. Әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, топтық, жұптық жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылардың өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер:


1.Садуова Ж.Н. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2012ж.
3.Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар» Тараз 2003ж.
4.Орта білім берудің мазмұны: Дәстүрлер мен өзгерістері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мақалаларының жинағы. Астана 2012ж.

Атырау облысы


Мақат ауданы
Доссор поселкесі
Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп
Рақымғалиева Ақгүл Ақылбекқызы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет