Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытуда жаңа әдіс- тәсілдердің тиімді жолдары



бет1/5
Дата06.02.2023
өлшемі1,24 Mb.
#167616
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1574421723-Акгуль Баяндама
ботаника ашықтұқымдылар, құқық бжб 3 тоқсан, 7 - сынып Сүйіспеншілік пен достық тарауы бойынша Екі дос тақырыбындағы ҚМЖ, әдебиет ТБЖ, Казахский Национальный Женский Педогогический Университет

Баяндама

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытуда жаңа әдіс- тәсілдердің тиімді жолдары




Жоспар:

  1. Кіріспе




  1. Негізгі бөлім

1.Көркем шығарманы оқытуда жаңа әдіс- тәсілдердің тиімді жолдары
2. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы әдебиет сабақтарында көркем шығарманы оқытуды үйрету тәжірибемнен



  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер




  1. Кіріспе



Әдебиет - ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы (З.Қабдолов)
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа әдіс-тәсілдердің қолданудың маңызы зор.
Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кезкелген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр.Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз.
Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы»(М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев), әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен оқытудың жаңа технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми – әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің әдіскерлік шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер мол. Сондықтан түпкі нәтижені таңдаудың, оны мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды. Қазіргі заманның әлеуметтік экономикалық жағдайында оқушылардың білім деңгейін көтеру белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өзін – өзі жан – жақты танып білуі мен қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған. Осыған орай оқушылардың білімін тереңдету мақсатында колледжімізде жаңа технологиялық бағдарламалар қосылуда.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдер пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін енгізіп жүрсе, білім сапасына елеулі әсер етеді. Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал.
Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы жаңа әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айтсақ, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық технологияларды пайдалану жақсы нәтижелер бергенін көрудемін. Кез келген сабағымда тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналды. Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп. Мен қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс сыныптарында қазақ тілі пәндері бойынша дәріс беріп келемін. Әр түрлі әдістерді сабағымда қолданып тиімді – тиімсіз жақтарын зерттеп, ізденіп жүрмін. Сол себепті қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне басты назарды аударамын. Мысалы, «Өрмекшінің өрмегі», «Планшет», «Қораптағы сұрақ», «Серпілген сауал» әдіс-тәсілдерін қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының арттатындығын аңғардым. Сабақ барысында ресурстарды молынан қолдануға тырысамын.
Дәстүрлі сабақ үрдісінде — өзімнің әдістерім, яғни, мұғалім әрекеті.
1.Тақырыпты түсіндіремін.
2. Кейіпкерлер туралы мінездеме бере отырып меңгертемін.
3. Шығарманың идеясын анықтап беремін, талдаймын.
4. Шығарма жазуды тапсырамын
Оқушының әрекеті :
1.Мазмұнын айтып береді.
2. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
3.Тақырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
4. Тақырып бойынша шығарма жазады.
Жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақ үрдісінде өзімнің іс-әрекетім:
1.Топқа бөліп, ой қозғадым.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым.
3.Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым.
4.Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым.
5.Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым.
6.Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.
Оқушы белсенділігі:
1.Топтарда жұмыс жасады.
2. Мәтінмен өздері танысты.
3. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралады.
4. Жеке кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді.
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсірді

Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдердің элементтерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлемін. Өйткені, бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Ғалымдар Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин т.б. осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған.


Сабақ барысында қандай оқушы болмасын І деңгей тапсырмасын орындайды, Әрбір оқушы І деңгей тапсырмасын орындауға міндетті және одан жоғары деңгейдің тапсырмаларын орындауға құқылы.
Деңгейлеп – саралап оқытудың тағы басты қажеттілігі, оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту. Жеке тұлғаның қалыптасып, ой – өрісінің дамуы, белсенділігіні, білім алу қажеттілігі, оны өмірде іс – тәжірибеде қолдану, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі – оқушылардың өзіндік жұмысы болып табылады.
Қазіргі қазақ тілі, тіл біліміне кіріспе пәндері бойынша шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді. Әсіресе, әдебиет сабағында сөйлесу бөлімінде топтық, жұптық жұмыстарды шебер ұйымдастыра білу оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді.
Өзім сабақтарымда қолданып жүрген жаңа әдіс-тәсілдердің ішінде атап айтар болсам, «Миға шабуыл» әдісі қандай да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу, оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді, пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады. Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет