Қазақ тілі мен әдебиеті


Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері



бет4/13
Дата08.02.2022
өлшемі127,49 Kb.
#118819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
dstemelk brlestk 1421064504 79557

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері
әдістемелік бірлестігінің мүшелері
Мұғалімдердің аты-жөндері

1.
2.


3.
4.


ІІ бөлім

2014-2015 оқу жылында әдістемелік бірлестіктің атқарған жұмысының есебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің


әдістемелік бірлестік жұмысының талдауы
Мектеп атауы 2014 – 2015 оқу жылы

Оқу жылы бойы жетекшілік, бақылау сұрақтары, әдістемелік – ұйымдастырушылық сұрақтары қаралған бес әдістеме бірлестік отырысы өткізілді. Отырыста мындай сұрақтар қаралды:


- қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім сапасын көтеру;
- қазақ тілі сабағында модульдік технологияны қолдану және одан әрі дамыту;
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
- қазақ тілі апталығын өткізу;
- мектепішілік пән олимпиадасын өткізу;
- 9 сынып оқушыларының МАБ-ға дайындығы;
- 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ге дайындығы;
- дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс;
- оқу кабинеттерімен жұмыс;
- 5-8, 10 сыныптардың көшпелі емтиханға, 9 сыныптың мемлекеттік емтиханға дайындығы;
Оқу жылының басында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша күнтізбелік жоспар құрылып, әдістемелік бірлестік отырысында қаралып, бекітілді. Басқару-бақылау жұмыстары бойынша ІІ санатты мұғалімге жоғары санатты, санаты жоқ мұғалімге ІІ санатты мұғалім тәлімгер етіп бекітілді. Қазақ тілі мұғалімі Ә.Ө.Тапишева І санатты иеленді. Қазақ тілі мұғалімдері тәжірибе алмасу арқылы жұмысты нәтижелі жүргізуге тырысты. Қазақ тілі модульдік оқыту технологиясымен жүргізілді. Нәтижесінде төмендегідей білім сапасына қол жеткізді.
оқу жылының басында оқу жылының аяғында
қазақ тілі 59,77 % 63,5 %
қазақ әдебиеті 61,6 % 59,7 %
Оқу жылының басында 22 қыркүйек ҚР Тілдер күніне орай қазақ тілі апталығы өткізілді. Апталыққа мектептегі барлық оқушылар тартылып, олар алуан сайыстар мен байқаулар арқылы өз білімдерін сынады.
Қараша айында мектепішілік пән олимпиадасы 3 -11 сыныптар арасында өткізілді. Олимпиада екі турдан тұрды. Жеңімпаз оқушылар марапатталды.
Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында жыл бойы мұғалімдерге арналған үйірме жұмыс жасады. Пән мұғалімдері әр түрлі аудандық, облыстық семинарларға қатысып, пікір және тәжірибе алмасып тұрады және байқауларға, олимпиадаларға қатысты. Мәселен, қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Е.Бердалиева аудандық «Ең үздік флипчарт» байқауынан І орынды иеленді. Қазақ тілі пәні мұғалімі Д.Т.Қартқалиева Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған мәнерлеп оқу сайысында белсене қатысқаны үшін марапатталды.
11 сынып оқушылары қазақ тілінен ҰБТ тапсыруға дайындалуда. Апта сайын қосымша сабақ өткізіледі. Алдын –ала тестілеудің қорытындысындағы оқушылардың орташа балы – 20 б.
Пән мұғалімдері дарынды оқушылармен жұмыста жоспар құрып, жыл бойы жұмыс жүргізді. Нәтижесінде олар мектепішілік, аудандық байқауларға қатысып, өз білімдерін көрсетті. Мәселен, 10 сынып оқушысы Кисикова Анастасия аудандық аудандық пән олимпиадасына қатысты. 9 сынып оқушысы Романтеева Елизавета аудандық пән олимпиадасында қазақ тілі пәні бойынша қатысты. Камен ЖОБМ оқушылары облыстық «Полиглот» байқауына қатысты.
Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жоспары құрылып, жұмыс жүргізілді. 5- 8, 10 сынып оқушылары қазақ тілінен көшпелі емтихан, 9 сынып оқушылары мемлекеттік емтихан,
11 сынып оқушылары ҰБТ тапсырады.
Жыл бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері тәжірибе алмасу мақсатында төмендегі тақырыпта ашық сабақтар өткізді.
1. Ү.Ә.Жұманиязова. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Баяндауыш пен оның құрамдық
түрлері». 9 сынып.
2. Ж.Е.Бердалиева. «Сирек кездесетін жануарлар. Сын есімді қайталау». 6 сынып.
3. Д.Т.Қартқалиева. «Математика пәні. Жуан және жіңішке дыбыстар». 3 сынып.
4. Ә.Ө.Тапишева. «Жиренше мен қыз. Омоним, синоним, антоним сөздер». 10 сынып.
Сыныптан тыс шаралар да назардан тыс қалған жоқ. Жұмағали Саинның
100 жылдық мерейтойына орай «Жұмағали жырлары» атты кеш, Мұхтар Шахановтың 70 жылдық мерейтойына орай «Мұхтар шыққан мұнар» атты кеш өтті.
Жыл бойы екі оқу кабинеті жұмыс жасады. Кабинеттерде оқушыларға және мұғалімдерге аналған бұрыш жасақталды.
Әдістемелік бірлестік мұғалімдері жыл бойы қазақ тілін дамытуда және білім сапасын көтеруде белсене жұмыс жасап, өз үлестерін қосты.

Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Мұғалімнің аты-жөні

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша
дарынды оқушылармен жұмыс есебі
Мектеп атауы 2014 – 2015 оқу жылы

Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері оқу жылының басында дарынды оқушылармен жұмыс жоспарын құрып, жыл бойы сол жоспар бойынша жұмыс жасауда.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Д.Т.Қартқалиева 3 сынып оқушысы Русакова Аленамен жеке жұмыс жүргізуде. Әр түрлі мектепішілік байқауларға қатыстырып, қазақ тілін тереңірек үйретуде. Қазақтың ақын – жазушыларының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырып, көркем әдебиеттерді өз бетімен оқуға үйретуде. Қазақ тілінде ән үйретіп, шығарма, мазмұндама жазғызады. Қазақ тілі пәні бойынша жұмыстарын арнайы папкаға жинатты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Ж.Е.Бердалиева 6 сынып оқушысы Уварова Иринамен жеке жұмыс жүргізуде. Мектепішілік байқауларға қатыстырып, пән олимпиадасынан оқушы І орынды иеленді. Өз бетімен ертегілерді, мақал-мәтелдерді оқып, жұмбақтарды шеше біледі. Қазақ тілінде мүдірмей оқи алады, жазуы жақсы. Мұғалім қазақ тілі бойынша жұмыстарын арнайы папкаға жинатуда.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Ү.Ә.Жұманиязова 9 сынып оқушысы Романтеева Елизаветамен жеке жұмыс жүргізуде. Елизаветаны әр түрлі мектепішілік, аудандық жарыстарға қатыстырып, өз білімін сынатты. Елизавета қазір өз бетімен шығарма, мазмұндамаларды жаза алады. Қазақ тілінің грамматикасын тереңірек меңгертуде мұғалім жұмыстануда. Елизавета қазақ тілі пәнінен аудандық пән олипиадасына, облыстық «Полиглот» байқауына қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жұмыстарын арнайы папкаға жинатуда.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Ә.Ө.Тапишева 10 сынып оқушысы Кисикова Анастасиямен жеке жұмыс жүргізуде. Іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді үйретіп, мектепішілік байқауларда, кештерде қазақ тілінде жүргізуші қылып тағайындады. Қазақ тілінде өз бетімен шығарма, мазмұндама жазғызып үйретті, қазір ол шағын көркем шығармаларды өзі оқып, талдай алады. Анастасия қазақ тілі пәнінен аудандық пән олипиадасына, облыстық «Полиглот» байқауына қатысты. Мұғалім қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жұмыстарын арнайы папкаға жинатуда.
Дарынды балалармен жұмыс бір ғана оқушымен шектеліп қоймай, алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Әдістемелік бірлестік жетекшісі:

2014 - 2015 оқу жылы қазақ тілі мен әдебиеті кабинетіне
жүргізілген жұмыстардың қорытынды есебі
Мектеп атауы

Қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттері талапқа сай жабдықталған. Кабинетті безендіруде, жабдықтауда алдымызға мынадай мақсаттар қойдық:



    • қазақ тілі мен әдебиетін дамыту;

    • мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру;

    • оқушылардың лексикалық және грамматикалық сауаттылығын арттыру;

    • мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру;

    • ауызша сөйлеу тілін дамыту.

    • қазақ әдебиетіндегі ұлы ақын-жазушылар шығармашылығын насихаттау;

Қазақ тілі кабинетінде төмендегідей қабырға көрнекіліктері ілінген:

    • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті мен сөзі

    • Қазақ тілінің грамматикасы

    • Қазақтың ұлы тұлғаларының порттері

    • Іс қағаздарын жүргізу

    • Мемлекеттік рәміздер

Қазақ тілі кабинетінде оқушыларға арналған «Сыр шертер», «Оқушыға көмек», мұғалімдерге арналған «Әдістмелік көрсеткіштер» бұрыштары жыл бойы жұмыс жасады. Кабинет қазақтың ұлттық киімдері, музыкалық аспаптары, киіз үй қаңқасымен жабдықталған. Сабаққа қажетті сөздіктер, көркем әдебиеттер, әдістемелік журналдар мен мерзімдік басылымдар жинақталған. Кабинетте жаңа заман талабына сай компьютер және интерактивті тақта бар. Мұнда әр түрлі кештер, аудандық байқаулар өткізілді. Оқу кабинеті 5-11 сыныптарға арналып жабдықталған. Пән кабинетімен арнайы жоспар бойынша жұмыс жасалынды.
Қазақ әдебиеті кабинетінде төмендегідей қабырға көрнекіліктері ілінген:

    • Ұлы тұлғалардың порттері

    • Қанатты сөздер

    • Әдебиеттің тектері

Кабинетте ақын –жазушылардың мерейтойына арналған бұрыш, «Әдеби тұлғалар» бұрышы, «Бас қатырғыш» бұрышы, «Ақпарат көздері» бұрышы жабдықталған. Сонымен қатар қазақтың ұлттық киімдері мен ұлттық аспаптары, қазақ тілінің грамматикалық көрсеткіштері бар. Кабинет 5 – 11 сыныптарға арналып жабдықталған. Пән кабинетімен жұмыс барысында арнайы жоспар бойынша жұмыс жасалуда.

ӘБ жетекшісі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет