Жаттығу. Төмендегі денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіздер. Өз ана тіліңіздегі баламасын табыңыз



Дата20.06.2018
өлшемі78 Kb.
#43578
Денсаулық – зор байлық
1-жаттығу. Төмендегі денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіздер. Өз ана тіліңіздегі баламасын табыңыз.

1. Ауру қалса да әдет қалмайды.

2. Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады.

3. Денсаулық – зор байлық.

4. Денсаулық кепілі – тазалық.

5. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.

6. Әлсіз денеге ауру ұялағыш.

7. Аман болса бұл басым, тағы шығар шашым.

8. Ауырып тұрдың, аунап тұрдың.

9. Жаның сау болса, сорлымын деме,

Тәнің сау болса, жарлымын деме.

10. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.


2-жаттығу. Ибн Сина төмендегі сөзді неліктен айтқан екен? Ойланып көріңізші...

Атақты Ибн Сина: « Дәрігердің қолында үш түрлі құрал бар. Біріншісі – сөз. Екіншісі – дәрі. Соңғысы – пышақ» - депті.


3-жаттығу. 1. Мәтіндегі ауыспалы осы-келер шақтағы етістіктерді теріп жазып,өткен шақта түрлендіріңіз. 2 . Ауру, белсенді, анықтама сөздерінің синонимдік баламасын жазыңыз.

Денсаулық – бұл күрделі ұғым. Көптеген ғалымдар оған әртүрлі анықтама береді, бірақ олардың бәріндегі негізгі көзқарас шамамен бірдей. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Профессор В.П.Казначеевтің айтуы бойынша «денсаулық деп, біз адамның белсенді өмірінің ұзақтығы жағдайындағы биологиялық және физиологиялық функциясын, еңбек қабілеті мен әлеуметтік белсенділігін сақтау және дамыту процесін түсінеміз».

Денсаулық күйіне қоршаған орта жағдайларының да ықпалы бар. Адам денсаулығына температура, жарық, ылғал, ауаның, судың құрамы және көптеген басқа заттар әсер етеді. Денсаулықтың негізгі қызметі адамның дамуы мен тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау жөніндегі дүниежүзілік ұйымның тұжырымдауы бойынша денсаулықтың мынадай анықтамасы қабылданған: « Денсаулық – бұл аурудың және дене кемістігінің болмауы ғана емес, ол толық тәндік, психикалық және әлеуметтік саулығы ».

4 -жаттығу. Сөйлемді аяқтаңыз.
жөтелу ашуланшақ

Темекі басы ауыру Темекі тез ренжігіш

тартқанда тартатындар

жүрегі айну ұмытшақ

Темекі никотин

құрамында шайыр

күйе


5-жаттығу. Мына жағдаяттар бойынша қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз.

1. Дос қызыңыз темекі шегуді сәндікке санайды.

2. Көпшілік ересек адамдар темекінің тұқылын қай жер болса, сонда тастай

салады.


3. Жолдасыңыздың темекі тартпаса көңіл-қошы болмайды.

4. Күніне 20 тал шылым шеккен кісі 90 миллиграмм шамасында никотин қабылдайды. Осы мәліметті негізге ала отырып, құрбыларыңызға үгіт жүргізіңіз.


6-жаттығу. Оқып, өз түсінгеніңізді қазақша баяндап беріңіз.

За год в Казахстане от заболеваний, вызванных курением, погибает 25000 человек. По данным статистического опроса, проведенного Национальным центром проблем формирования здорового образа жизни, курить начинают дети с 7 лет. В целом по республике в возрасте 15-17 лет употребляет табачные изделия каждый третий школьник, который к студенческим годам (18-19) уже становится регулярным курильщиком.

По употреблению табака среди студентов и молодежи г. Алматы занимает лидирующее положение по республике. Отсутствует или не в полном объеме реализуется антитабачная политика в школах, колледжах, вузах. Не соблюдается Закон о запрете курения в общественных местах, продаже табпчных изделий несовершеннолетним.


7- жаттығу. Мына сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңыз.

тәуелді –

ұяңдық –

батыл –

сенімді –

нашар –

жадырау –

әуес болу -

қатыгездік -

қоштасу -

Мына сөздердің синонимін табыңыз.

есірткі –

себеп –

адам –

жадырау –

тосын –

абырой –

жады –

төзімділік -

8-жаттығу. Мынандай жағдаяттар бойынша сөйлеңіз.

1. Досыңыз үнемі көңіл көтеру үшін арақ ішуді әдетке айналдырды. Қандай кеңес айтар едіңіз?

2. Транспортта/көлікте/ келе жатырсыз. Қасыңызға мас жүргінші отырды. Сіздің мазаңызды алып бітті. Не істейсіз?

3. Түрлі кештердің, отырыстардың сәні арақ-шарап ішуге айналып барады. Осыны тоқтату үшін қандай амал табар едіңіз?



9-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, дене мүшелеріне қатысты сөздерді теріп жазыңыз.

Алкоголь барлық организмге өз зиянын тигізеді, әсіресе ми, жүрек, қан тамырлары, асқазан және бауыр, осы аталған мүшелер қатты зардап шегеді. Ол асқазанның кілегей қабығын қабындырып, қарын сөлінің бөлінуін нашарлатады, ал бұл гастрит ауруының дамуына себеп болады. Алкоголь ақыл-ой және дене еңбегі қабілеттілігін төмендетеді, қимыл-қозғалысты нашарлатады, соның салдарынан жол-көлік апатына ұшырап, ауыр жарақат алуға және бақытсыз оқиғаларға душар етеді. Организмде ішімдікке тәуелділік дамиды, әсіресе оған бала организмі өте бейімделгіш болып келеді.(Р.Ә.Көзденова, Н.Қ.Сейтмамбетова. Медициналық валеология. «Бастау» ЖШС, Алматы,2004)


Өлеңді жаттап алыңыз.

Денсаулық – шексіз бақыт

Гүлбира Махамбетқызы



Уа халқым, назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сауда.

“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.

Денің сауда жетерсің арманыңа

Жоспарлап алға қойған мақсатыңа

Денің сауда көрерсің бұл дүниенің

Бар қызық, рахатын, жарығын да.


Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің

Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.

Қолда барда біл оның қасиетін

Күтіп, баптап аяла әр уақытта.

Р.Ә.Көзденова, Н.Қ.Сейтмамбетова. Медициналық валеология. «Бастау» ЖШС, Алматы,2004.

10- жаттығу. Дұрыс жауабын табыңыз.

1. Денсаулыққа залал келтіретін әсерлер:

2. Ұзақ өмір сүрудің биологиялық қағидалары:

3. Организмді шынықтыру негіздері:



Қажетті сөйлемдер: Аурудың алдын-алу, климат жағдайларына төзімділік таныту, иммунитетті көтеру; әр ұлттың қалыптасқан өмір салты, тұқым қуалау факторы, табиғи-географиялық орта жағдайлары, еңбек ету ұзақтығы; жалпы мәдениеттің төмендігі, тиімсіз және құнарсыз тамақтану, радиациялық факторлар, арақ-шараптарға әуесқойлық, шылым шегу, есірткі қолдану;
Білгенге маржан

Витаминдер, олардың құрамы және маңызы


Витаминдер (vita- өмір,amin- қажетті) – бұл организмнің тіршілігіне қажетті заттар. Витаминдер организмге қоректік заттармен бірге жеткізіледі. Олар организмде өтетін барлық процестерге қатысады: организмнің қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді, өсіп дамуы, қоршаған орта факторларының ықпалына тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Кейбір организмнің тіршілігіне қажетті вмтаминдердің түрлерін қарастырайық.



А витамині - өсу витамині деп аталады, ол көзге пайдалы, теріге де әсері бар. Ол жетіспеген жағдайда адамның көру қабілеті нашарлайды, адам жұқпалы ауруларға жиі ұшырайды. А витамині сүт тағамдарында, жұмыртқа, бауыр, сәбіз, бұрыш, итмұрын, шие, асқабақ, сары өрік, жасыл жапырақты көкөністерде болады.

С витамині (аскорбин қышқылы) – организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді, жарақаттардың, күйгеннің жазылуын жеделдетеді. С витамині жас жемістер, көкөністер, аскөк (укроп), әшкөк, цитрустардың құрамында болады. Әсіресе итмұрын, ұшқат, лимон, қара бүлдірген, аскөк, көк пияз С витаминіне өте бай.

В витамині. Витамин жүйке жүйесінің қызметін реттеуге қатысады, тері, шаш, тырнақтың сау болуына, адамның еске сақтау қабілетіне де әсер етеді. Организмге В витамині жетіспеген жағдайда қозғалу қызметі нашарлайды, бұлшық еттердің сіреспесі байқалады, жүйке жүйесінің аурулары қозады, қан аздық байқалады. В тобындағы витаминдер бауыр, қара құмық (гречка) және сұлы жармалары, ұрпақ ұн, кебек, балық, жұмыртқа, ірімшік, теңіз өнімдерінің құрамында көп болады.

Д витамині сүйектердің дамуына және қаңқаның қалыптасуы үшін қажет. Екі жасқа дейінгі балалар Д витамині жетіспеген жағдайда «рахит» ауруына шалдығады. Бұл ауру кезінде тірек- қимыл аппаратының дамуы бұзылады және ортаңғы жүйке жүйесі зақымданады. Д витамині адамның терісіне күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәулелері әсерінен түзіледі. Ол балық майында және сүт өнімдерінде көп болады.

Е витамині – организмде оттегін тасымалдауға қатысады, улы заттарды залалсыздандырады, көбею процесіне қатысады. Ол өсімдік майы, соя, қара құмық (гречка) жармасы, жұмыртқа, жаңғақтың құрамында кездеседі.

Тағамдық талшықтар- тағамның негізгі бөліктерінің бірі болып табылады, олар асқазан мен ішекте қоректік заттардың қозғалысын белсендіру үшін қажет. Олар улы заттарды байланыстырып сыртқа шығаруға қатысады. Тағамдық талшықтар тек өсімдік тағамдарында ғана болады.

Тағамның басқа бөліктеріне микробтарға қарсы қабілеті бар фитоцидтерді жатқызуға болады. Олар өсімдік тағамдарында- алма, пияз, сарымсақ, қыша, ақжелкен, әшкөк, орамжапырақ, қылша, лимон, апельсин, ұшқат, қарақат, құлпынай, ит бүлдірген және мүк жидегінде болады.

Қоректік заттардың ішінде көп мөлшерде зиянды әсер ететін заттар да болады. Мысалы, артық тұз организмдегі суды ұстап қалады, сондықтан зиян келтіреді.

Қантты шамадан тыс қабылдау организмде ұйқы безінің қызметін нашарлатады да, «диабет» атты ауруға шалдықтырады. Артық қант семіздікке ұшыратады. Қанттың орнына жеміс-жидек, бал, табиғи шырындарды қабылдаған жөн.



(Р.Ә.Көзденова, Н.Қ.Сейтмамбетова. Медициналық валеология. «Бастау» ЖШС, Алматы,2004)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет