Модульдік оқу бұл - .......
*a) білім мазмүнын әр қырынан жетілдірудің, ұйымдастырудың құралы мен әдісі
b) оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты үнемі толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отыратын іріленген мазмұнды дидактикалық бірлік
c) дидактикалық жетісітіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелік жүйесі бар аяқталған ақпарат блогы
d) әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
Лирика бұл - ......
*a) көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді
b) өлеңі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады
c) аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыстырып, немесе, бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекеше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру
d) әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы.
Пейзаж бұл - .....
*a) (франц. – ел, жер) - әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі.
b) (француз тілінен бейнеленген ) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін,
кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.
c) (латын тілінен - қарастыру, тексеру) – көркем өнер немесеәдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту
d) (орыс тілінен баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қарасөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі.
Рецензия бұл - ......
*a) (латын тілінен - қарастыру, тексеру) – көркем өнер немесеәдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту.
b) (француз тілінен бейнеленген ) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.
c) (орыс тілінен баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қарасөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі
d) (грек тілінен үлгілі, өнегелі, ғибратты) ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар.
Өмірбаяндық әдіс.......
*a) жазушының шығармашылығын жеке өмірлік тәжірибесінің көрінісі ретінде қарастырып, оны шығармашылығындағы өзекті мәселе етіп қоятын зерттеу тәсілі.
b) аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыстырып, немесе, бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекеше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру
c) әр түрлі табиғат құбылыстарына, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл
d) қаламгердің көркем туындылар тудырудағы еңбек процесі.
Стиль дегеніміз не?
*a) өмірдің белгілі бір саласында қолдануда танылып, тарихи қалыптасқан тілдік тәсілдердің жүйесі
b) әрбір адамның сөйлеу өнері
c) белгілі бір аймақтағы адамдардың сөйлеу ерекшеліктері
d) ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.
Бақылау жұмысын алуға қанша уақыт беріледі?
*a) 25-30 минут
b) 15-20 минут
c) 10-15 минут
d) уақыт шектелмеген.
Достарыңызбен бөлісу: |