Қазақ тілі мен әдебиетінің ӘБ 014-2015 оқу жылының тоқсан жұмысының талдауы



бет4/5
Дата11.09.2024
өлшемі220,5 Kb.
#204156
1   2   3   4   5
Қазақ тілі пәні бойынша
білім сапасының сараптамасы.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Қаленова А.Ғ.












11

1тоқсан

70%

50%

57%

50%

58%

2 тоқсан

70%

50%

57%

50%

75%

Бақылау







25

42

100

1,2 тоқсанның қорытынды бағалардың салыстырмалы сараптама жүргізу барысында төмендегідей өзгерісті аңғаруымызға болады:
4 «б», «в» , 7 а,7б сыныптарында білім сапасының көрсеткіші тұрақты болғанын байқауға болады. Оқушылар қосымша тапсырмаларды үнемі орындаумен қатар үй тапсырмасына көбірек көңіл бөлді. Сабақта оқушылар белсенділік танытып, пәнге деген қызығушылықтары арта түсті. Оқушылардың сабаққа үнемі дайындықпен келетіндері байқалады. Үй тапсырмасын орындау барысында ата- аналар тарапынан қатаң қадағалау жүргізілетіні көрінеді.
7а, 7б сыныптардың бақылау үзігінің көрсеткіші төмен болды. Бұның себебі, бақылау үзігінде 5 оқушының болмағаны. Тест құрамындағы логикалық сұрақтар қиындық туындатты.
11 сыныпта білім сапасы 17 % көтерілді. Бұның себебі, 1 тоқсанды «3» бағамен оқыған Аймурзин Т, Линк И. 2 тоқсанда оқушылар сабаққа белсенділік танытып, пәнге деген қызығушылықтары арта түсті.
Нәтижелерді жақсарту үшін қосымша сабақ жүргізіледі.Сабақта грамматиканың 4 саласы бойынша лексика, морфология, синтаксис, сөзжасам түрлерімен тереңірек оқушыларға түсіндіру жолдары айтылады.
Оқушыларымызға осы көрсетілген грамматиканың әр саласындағы қиыншылық тудыратын тақырыптарға тоқталдық. Мысалы, фонетика саласы бойынша үндестік заңын дұрыс айыра білмеуі, құрмалас сөйлемнің түрлерін толық жан – жақты меңгерту, морфология бойынша әр сөз таптарға тоқталып, соның ішінде оқушыларымыздың қиындық тудыратын тақырыптары шылау сөздерге, одағай сөздерге, етістік тарауы бойынша мәліметтер беріледі.

Туындаған қиындықтар:
1. Кейбір оқушылардың оқу материалдарын, қиын тақырыптарды игере алмауы.
2. Үй тапсырмасының тұрақты түрде орындалмауы
Шешу жолдары: нашар оқитын балаларды қадағалауды, қосымша жұмыс жасауды жалғастыру, күнделікке үй тапсырмасының жазылуын қадағалап, ата-аналармен тығыз байланыста болу.
Диктанттар сараптамасы бойынша оқушылардың жіберген келесі орфографиялық, пунктуациялық қателері анықталды: әріптерді тастап кету немесе ауыстырып жазу,сөйлемдердегі сөздерді бөліп жазу, дұрыс тасымалдамау,қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды немесе жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың орындарын алмастырып, ауыстырып жазу.
Шешу жолдары:
Өткен, толық игере алмаған тақырыптарды қайталау;
«2» баға алған оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу;
қатесіз жазып үйрету мақсатында алдын-алу жұмыстарын жүргізу; орфографиялық, пунктуациялық қателерді жібермеу үшін жаттығу жұмыстарын орындау;
жаңа сөздерді өту барысында олардың жазылуына оқушылардың назарын аудару;
бағдарламада қарастырылған бастауыш сыныптардың негізгі тақырыптарын мақсатты түрде қайталап отыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет