Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Стоматология Мейірбике ісі Курс: І семестрі: І



бет3/8
Дата10.03.2017
өлшемі1,91 Mb.
#11239
1   2   3   4   5   6   7   8

Ескендір дастаны

.“Ескендір ”поэмасы – Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманистік ой- пікірлерін тереңірек танытатыны.

Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған, Еуропа Александр Макендонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)


  1. Әлемді қаһарымен сескендірген Ескендірге кімнің сөзі тосқауыл болды?

  2. Білек күшінен білім мен даналық күшінің басымдылығы дастанда қалай суреттелген?

  3. Тарихи тұлға әрекеттерін алға тартуда Абай нені айтпақ болған?Бүгінгі заман үшін өнегелік жағы неде?

  4. Сюжет дегеніміз не ?


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

2. Өлеңдерін оқу
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ескендір» дастаны



14-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға»
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығынан хабар беру. Ол ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер екендігін айту. «Жастарға» деген өлеңінде ол ұстазы, ақылшысы Абай дәстүрін жалғастырушы екенін көрсетті. Абай жиренген қулық, арамдық, өтірік, жалқаулық кесіріне тосқауыл білім деп білді. «Еңлік-Кебек» дастанын оқып талдау. дастандағы кейіпкерлер бейнесіне тоқталу.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: әдеби сөйлеу тілдерін дамытып, ой-өрістерін кеңейту, ұзақ дастандарды қиналмай оқып түсіну, жеткізе білу, шығармашылыққа жетелеу, мәтінмен жұмыс түрлеріне жаттықтыру;


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

2. «Әсемпаз болма әрнеге», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңдері

3. «Ескендір» дастаны


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)

Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер.

Ол бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы, 11 шілдеде дүниеге келген.

Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың бәйбішесі Күнекейден туған. Құдайберді 37 жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған.

Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады. Шәкәрім өз бетімен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін игеріп, шығыс, орыс классиктерінің шығармаларынан нәр алады. Әртүрлі өнер түрлерін игереді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі терендеп өседі.Ақындық өнерін де таныта бастайды. Жиырма жасында сайлауға қатысып, болыс болады. Осы билік басын жүріп, халықтың қасірет-қайғысының түп-төркіні қайда жатқанын ұғады. Ру мен ағайын аласы, жер мен жесір дауынан өршіген өшпенділік пен кек отын өзінің өлең-жырына өзек етеді.

Абайдың «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген пікріне парасатты үн қосады. Абай қайтыс болған соң, ақын аға өсиетімен 1905-1906 жылдары қажылық сапармен Араб, Түрік, Еуропа елдерін аралайды. Әлем кітапханаларында білім қазыналарымен танысады. Дін мен философия, ғылым салаларын игереді.

Ел тұрмысындағы бұл кеселді құбылыс қоғам денесіне дендеген дерттен екенін де Шәкәрім жақсы ұға білді. Ол дерт – отарлық жүйе, Ресей империясының аз халықтарды алым-салықпен ғана емес, жерін жаулап, малын тонап, жанын жеп жатқан зорлық пен зомбылығын өз көзімен көрді.

Ақынның алғашқы жазған өлеңдері жастық, махаббат тақырыбына арналады. Бастапқы өлеңдерінен- ақ ол Абадың тіл мәдениетін, ақындық үлгісін пайдаланады. Абай ағасынан ғылым – білім үйреніп, ақылын тыңдап қана қоймай, кісілікке де, азаматтыққа да үйренеді. Оның сынына түсіп, шығармашылық жаттығудан өтеді. Абайша еңбек етіп, өмір сүруді өзінің бірден – бір мақстаы санайды. Дүниеге көзқарасы да Абай ықпалымен қалыптасады. Жастай орыс, түрік, араб, парсы тілін үйренуге ден қояды. «Талпынып орыс тілін үйренумен, надандықтың тазарып кетті кірі» деп жырына да қосады. Осының арқасында ұлғая келе оқығанын сынай білетін ойшылдық танытады. Философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді қадағалап оқиды.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері мен дастандарын оқу
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

2. Өлеңдеріне талдау жасау

3. Шығармаларын оқып талдау.


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға»



15 –сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Кел, жастар, бір түрлі жол табайық» өлеңдері
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығынан хабар беру. Ол ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер екендігін айту. «Жастарға» деген өлеңінде ол ұстазы, ақылшысы Абай дәстүрін жалғастырушы екенін көрсетті. Абай жиренген қулық, арамдық, өтірік, жалқаулық кесіріне тосқауыл білім деп білді. «Еңлік-Кебек» дастанын оқып талдау. дастандағы кейіпкерлер бейнесіне тоқталу.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: әдеби сөйлеу тілдерін дамытып, ой-өрістерін кеңейту, ұзақ дастандарды қиналмай оқып түсіну, жеткізе білу, шығармашылыққа жетелеу, мәтінмен жұмыс түрлеріне жаттықтыру;


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Ш. Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын әңгімелеңіз.

2. Абай мен Шәкәрімнің ұқсастығы

3. 1905 – 1906 жылдары қажылық сапармен Шәкәрім қай елдерді аралайды?


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Кел, жастар бір түрлі жол табайық

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табарлық,

Арам айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік

Бір білімді данышпан жан табалық.

 

Ал енді, олай болса, кімді алалық?



Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?

Шын іздесек, табармыз шыны ғалым,

Күнде күйлейбермелік бозбалалық.

 

Сақ балалық, бір шоқып, бір қаралық!



Қарауылдар мезгіл ғой, тұр қаралық,

Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

 

Білімді сол кісіден ізденелік!



"Әдейі іздеп біз келдік сізге" делік.

"Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге" делік...
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)



Өлеңдерінің аты

Ар- ұят туралы

өлең жолы

Мазмұны



«Жастарға»

Арсыз, ғайбат,өтірік ынсапсыздық – Бұлардан бой тасалап ақталалық !

Арсыз, арам айланы тастасалық!

Адал іске талаппен бастасалық!

Неде болса білімді ізденелік!

Надандықпен біржола қастасалық.


Арсыздықтан, арамдықтан, ғайбаттылықтан, өтіріктен бой тасалау, яғни бұлардан аулақ болу.



«Ашу мен ынсап»

Ал, ақылдас, бәрі бар,

Дайын қылдым бәрін де:

Сақтық, Ұят, Рахым, Ар,

Ынсап деген кәрің де.

Біз тұрғанда Арамның

Дәм бола ма нәрінде?

Қайғы емес қой Наданның

Тығылғаны әр інге.



Ұят, Ар, Сақтық, Рахым адамдар арасында орын алғанымен, арамдық та қалыспайтыны.



«Анық пен танық»

Шолақ ойдың аяғы осы болмақ,

Біраз күнге көңілдің хошы болмақ.

Арсыз, арам, асығыс, айлакестік,-

Мұның бәрі шайтанның досы болмақ



Асығыстық, арамдық, арсыздық, айлакестік шайтанның досы болып есептелетіндігі.



«Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым"

Ар сатар шайға да болса,

Бір асам майға да болса.

Ізденіп табады, жейді

Арамды қайда да болса.



Арыңды сату арқылы тамақ табу.


«Партия адамдары»



Мықты байлар, бек жақсы осынықыл,

Арды тастап ,қу менен сұмға тығыл,

Ел зарлатып зорлықпен мал жиып ең,

"Арам жемтік –азығы иттің" деп біл.



Байлар арды тастап, елді зарлатып,мал жиғаны.



«Талап пен ақыл»

Ар демек -адамшылық,намыс деген,

Арың кетпесжағыңа қарыс деген.

Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,

Сөз емес күншіл болып, алыс деген.

Орынсызды істеуге өлгенше ұял,

Ұят күшті өлімнен – дегендей –ақ.



Ұяттың өлімнен күшті екенін, арды адамшылдық, намысқа жатқызуы.





«Бостандық таңы атты»

Бостандықтаңыатты,қазағым,көріңдер,

Арға ие басшының соңынан еріңдер.

Ар түзелер адамның адамдық санасын

Ақ жеңіп шығады, арамның қарасын.



Арды жақтаушы адамның тәрбиесін алу.



«Шошыма, ойым, шошыма»

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін

Серт бергем еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.



Ар үшін адамдық керектігі, сол адамдықтың арқасында ертеңін ойлап, адал еңбек ету.


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

2. Өлеңдеріне талдау жасау

3. Шығармаларын оқып талдау.


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Кел, жастар, бір түрлі жол табайық» өлеңдері.



16-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Еңлік- Кебек» дастаны
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығынан хабар беру. Ол ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер екендігін айту. «Жастарға» деген өлеңінде ол ұстазы, ақылшысы Абай дәстүрін жалғастырушы екенін көрсетті. Абай жиренген қулық, арамдық, өтірік, жалқаулық кесіріне тосқауыл білім деп білді. «Еңлік-Кебек» дастанын оқып талдау. дастандағы кейіпкерлер бейнесіне тоқталу.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: әдеби сөйлеу тілдерін дамытып, ой-өрістерін кеңейту, ұзақ дастандарды қиналмай оқып түсіну, жеткізе білу, шығармашылыққа жетелеу, мәтінмен жұмыс түрлеріне жаттықтыру;


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.



5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)



  • Шәкәрім қандай ортада өсіп тәрбие алды?

  • Оның қамқоршысы кім болған?

  • Жасынан бастап қандай тілдерді меңгерген?

  • Шәкәрімнің әкесі қайтқанда, бала неше жасында қалған?

  • Шәкәрім кімнің қолында тәрбиеленеді?

  • Шәкәрім өзінің алдында қандай мақсат қояды?

  • Шәкәрім қай жастан бастап өлең шығара бастайды?

  • Шәкәрімнің тағы қандай шеберлігі болған?

  • Шәкәрімнің ақын болып қалыптасуына Абайдың тигізген әсері қандай?


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Еңілік - Кебек

«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8 —9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш бар.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. «Еңлік-Кебек» поэмасында қай кездегі оқиға суреттеледі?
        2.Поэманың жазылуына кім себепші болды?
           3. Еңлік пен Кебектің руын кім ажыратып береді?
          4.Поэма қалай басталады?
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

2. Өлеңдеріне талдау жасау

3. Шығармаларын оқып талдау.


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Еңлік- Кебек» дастанын оқып келу



17-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ елінің сазы мен өлеңі (жалпы шолу)
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ елінің сазымен өлеңіне жалпы шолу жасау. Қазақтың сал-серілерін танытып, олардың шығармашылығымен таныстыру. Ақан Қорамсаұлы, Біржан Қожағұлұлы сынды сал- серілеріміздің өлеңдерін оқып талдау, жаттау, Әсет секілді әншілеріміз бен Сара секілді айтыскер ақын қыздарымыздың өмірінен хабар беру. Өлеңдерінің шығу тарихына үңілу

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: өнерге айналған өмірді танып білу,өзіндік тұжырым-пікір жасау дағдыларына үйрету, әншілік өнердің қасиетімен танысу, әндерін сазымен айта білу, айтыса білуге дамыту;


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет