Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Стоматология Мейірбике ісі Курс: І семестрі: І



бет5/8
Дата10.03.2017
өлшемі1,91 Mb.
#11239
1   2   3   4   5   6   7   8

Адасқан өмір


Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма?

Оны жасырар адамның күші бар ма?

Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен,

Көрсетпейтін жүректің іші бар ма?

I

Мен бала



Мен сәби мейірімді ана құшағында,

Ақ мамасын сүйемін, құшамын да:

Алтын ана жек көрер шамасы жоқ;

Былғанам ба, мейлі құсамын ба.

Мен ұжмақ періштесі, көңілім таза,

Қандай нәрсе білмеймін: бәле, қаза.

Еркімнің ұйғарғанын істеуіме,

Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза.

Қастық деген не нәрсе: көрінген дос;

Қайғы деген не нәрсе: көңілім хош;

Алдау, күндеу, айла не, мен білмеймін,

Жүрегімде түкпір жоқ сүюден бос.

Мен білмеймін: жалыну, жағынуды,

Ресім, ұлық, құдай деп табынуды,

Өз еркімнің қылығы өзіме жөн,

Айтшы маған не нәрсе жаңылуды?

Кәпір жоқ, мұсылман жоқ, мал мен адам

Бәрі де айырмасыз бауыр маған.

Пайда, зиян, ұят не,- мен білмеймін

Менің үшін сөз һәм жоқ деген жаман.

Менде жоқ: мынау орыс, мынау қазақ,

Не мақтау, не кемсіту, қорлау, мазақ.

Бай, кедей, сау, кем-кетік бәрібір бас,

Не нәрсе айтшы: кәрілік, ауру, азап?

Мен білмеймін: не нәрсе өлім деген,

Қорқу деген, көму деген, көрің деген.

Тамағыма пышақ таяп тұрған жан да,

Күлуден басқа жауап алмас менен.

Күн сайын жазғытұрым шыққан гүлдей,

Жақсы түрге кіремін өзім білмей.

Сондықтан көңілім шат, жүзім нұрлы,

Күліп сәуле шашамын жазғы күндей.

Жас тәнім ажарланып күннен-күнге,

Бәйшешектей құлпырар түрден-түрге.

Талпынам асыққандай жігіттікке,

Ұқсайтын жүзім гүлге, шаш сүмбілге.

Жас тән мен сезім, білім қабат өсіп,

Барамын кәмілдікке таман көшіп.

Өңім тұрсын, түсіме елестемес:

Бір күн топырақ болам деп, үнім өшіп.

Сыртым сондай, ішім бос жамандықтан,

Мен періште ұжмақтан жаңа шыққан.

Сондықтан әркімге де мен сүйкімді,

Күнәсіз екенімді бір көрсе ұққан.

Ақтайтындай дүниеге келісімді,

Асыққандай беруге жемісімді,

Күн сайын өсіп барам, толып барам,

Ақтасан, дүние, осы сен ісімді.

Мен, сыйлар деп дүние, келдім міне!

«Бір жас» деп есігіңнен ендім міне!

Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін,

Не қылсаң да басымды бердім міне!

Кім біледі қоярсың еркімді алып,

Кім біледі қоярсың көркімді алып,

Кім біледі бүл ерік, бұл көріктің -

Жоғалғанын білмеспін қайда қалып.

Әлде дерсің: «пәлен бар, көрмесем де,

Соған табын, солайша және нанып.

Соны қылып, сондайдан тыйылмасаң,

Миллион-миллион жыл қинар отқа жағып»

Әлде дерсің: «Ұлық бар, ел ғұрпы бар,

Жазалысың, қоймасаң оны танып».

Әлде дерсің: «Царь, құдай, алтын деген,

Соны сүй, соған табын, шұлғы барып».

Әлде дерсің: «Қап салып тілену бар,

Алтынның қызметінен қалсаң арып».

Әлде дерсің: «Құтылмас кедейлік бар,

Маңдай термен болмайтын асқа жарып».

Әлде дерсің: «Мейірімсіз ғашығың бар,

Түкіруге қорланар күйсең жанып».

Әлде дерсің: «Достық бар сау кезіңде,

Қараңды да көрмейтін солсаң кәріп».

Әлде дерсің: «Ауру бар қинайтұғын,

Тынышың кетіп, тамағың, ұйқың қалып».

Әлде дерсің: «Беле бар кем-қор қылып,

Елден ет жиғызатын дорба салып».

Әлде дерсің: «Қайғы бар жылайтұғын,

Гүл бетіңді сарғайтып жасқа малып».

Әлде дерсің: «Кәрілік бар тәнің тозып,

Қуартар, әлсіз қылар көркіңді алып».

Әлде дерсің: «Құтқармас қараңғы көр,

Топырақ болып, ұйықтарсың сонда барып».

Миллион жыл, миллионымен өтсе-дағы,

Тұруды бір білмессің ұйқың қанып.

Сен ұмыт, сен деген бір саңырау көр,

Бар-жоғыңды артқылар қылмас парық».




11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Романы мен поэмаларына талдау жасау

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

2. Өлеңдері мен романын оқу
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Адасқан өмір» поэмасын оқу


26-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Қамар сұлу» романы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: «Қамар сұлу»- Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы ғана емес XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің де кесек туындысы, алғашқы қазақ романдарының бірі. Романның мазмұнымен танысу.

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: шығарманы талдай білуге, идеясын ашу, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. М. Торайғыров шығармаларында әлеументтік, тапстық теңсіздік қалай сипатталған?

2. Сұлтанмахмұт өлеңдерінде ұлттық намысты ұмытқан жергілікті атқамінерлер мен жемқорлар бейнесі қалай жасалған?

3. Ақынның өмірі мен еңбек жолын айтып беріңдер.



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

«Қамар Сұлу » романына талдау

XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті.
«Қамар Сұлу » романындағы Қамардың бейнесін автор:
  Жіңішке сымға тартқан әні қандай,
  Балауыз балбыраған тәні қандай.
  Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сәні қандай? –
деп ақын Қамардың «Ойы көркіне сай» қазақ қызын бейнелейді. Ал Қамардың бет-ажар сұлулығын бейнелегенде:
  Еріткен іші-баурыңды көзі қандай,
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.
Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп,
Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай! 
Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі,
Қайнамас оны көріп кімнің іші?
Алмас қылыш жүзіндей аударылған,
Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі.
Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып,
Бойының мінсіздігі оның асып.
Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді,
Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып.

Осылайша автор қазақ қызына тән барлық қасиеттерді жырлайды. Қамардың бойына барлық қазақ қыздарының түрлі қасиеттерін біріктіреді. Қамардың бейнесін ашқанда жоғарыдағы асты сызылған күрделі эпиеттерді қолданған.


Қамар мен Ахмет
Ахметтің Қамарға бірінші жазған хатында:
 ...Амалсыз арды түйіп қалам алдым,
  Кеткен соң ғашық оты бойымды алып...
 ...Шығаршы жүректегі шын сырыңды,
 Жаутаңдап екі көзді мөлдіретпей.
деген өлең жолдарында С.Торайғыров Ахметтің жан-күйін сипаттағанда ғашық оты; шын сыр; жаутаңдаған көз сияқты эпитеттер қолданған.
Талпынып, қол сермедім ұшқан құсқа,
Болса да жетер ме деп қолым қысқа
Негізінен «Қамар сұлу» романынды қазақ салт-дәстүрлері сынға алынған. Ең көрнекті көрсетілген мәселесі қазақ қыздарының қалымға сатылуы, қыз-әйел баласының өмірде алатын орны болып табылады. Ал жоғарыдағы келтірілген шумақта кедей Ахметтің байдың қызы Қамарға «қолы қысқа болса да, ұшқан құсқа қол сермеуі» деп мәселенің түп-төркінің дөп басқан. Ұшқан құс, қысқа қол эпитеттеттерін қолдана отырып сол кездердегі әлеуметтік –теңсіздік мәселесінің қозғалғанын байқаймыз.
 Қамардың Ахметтің хатына жазған жауап хаты:
  Қарасам, сүйгендіктен қарамаймын,
Сүйсем де, сол сөзіне жарамаймын.
Арыстан айға шауып мертігіпті,
Секірме, қолың жетпес көктегі аймын.
Сен шыда, күйіп тұрсың, бір-ақ отқа,
Болсаң да қандай қызу жалын шоқта.
Аузың айтып, ар жағың біліп тұр ғой
Екі оттың арасында тұрғам жоқ па?!
Деп Қамар Ахметке қатал да, ойлы хат жібереді. Мұндай хаттың жолдауының себебі «Аш бала мен тоқ бала ойнамайды» дегендей. Және Ахметтің кедей отбасынан шыққаның ескерсек онда Қамардың данышпандығына сүйсінуге болады. Бұны өлең жолының бірінші шумағынан байқауға болады.Ол өзінің махаббатын болашақта Ахметтің амандығына қияды десе де болады.
Бұл хатты алған Ахметтің толғанып Қамарға жазған екінші хаты:
Ол рас менен гөрі малың тәуір...
Не шара, айтқан сөзім ем болмаса,
Сұңқар мен сұқсыр үйрек тең болмаса
Сен үшін мұнша қапа болмас та едім:
Алды-артым бәрі қысқа кем болмаса.
Өз жағдайын осылай бағалайды, бірақ өзінің шың махаббатынан қол үзбейді.
Екеу арасындағы сезімдерін ашқан ақ хаттар осылай өтіп жатады.
Бірақ «Жазмыштан озмыш жоқ» дейді ғой қазақ , бірін-бірі сүйген жандардың тағдырына бірге болу жазбаған. Жол айрықта екі жаққа айырылғанмен махаббатары еш өшпейді. Қамарға жорға Нұрым деген бір шал көз салып, оны:
Ататай, болдым ғашық мұрыныңа,
Көк бурыл иектегі құрымыңа.
Кірпідей аяқ-қолы жиырылған,
Қосылар күн болар ма тұлыбыма?
Қамар сарказммен осылай суреттейді. Бұны сатиралық түрдегі мысқыл да секілді.Бірақ бұл өмірдің қайда апарарын білмейсін ғой. Солай да Қамарды он бепс жасында жорға Нұрымға тұрмысқа шығарады.Кейін Қамар қатты ауыруға шалдығып, күннен-күнге халі нашарлайды. Жорға Нұрым өзінің надандығынан әртүрлі сөзі майлы бақсыларға сеніп, Қамардың жағдайын одан бетер ауырлатады. Қамардың қалған соңғы күндерінде Ахмет Қамарға келеді. Сонда Қамардың айтқаны:
  Қазақта қыз туған жоқ менен артық,
Құлпырдым он бескеше бағым артып,
Майысып пісіп тұрған дер кезімде,
Малды шал анталады иттей тартып.
  Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы!
Түйрейтін мал менен шал-саған бізі.
Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы,
Бол себеп ақырында қалмасқа ізі.
Естіп жанында тұрған Ахмет естіген сайын өнбойы шымырлап, үзіліп кете жаздағандай болып, егіліп жылап отырып мынаны айтады:
Сені кім отқа салған шырылдатып,
Қойыпты тамағыңды қырылдатып.
Құтырған көк төбеттей арс-ұрс етіп,
Бақсыны кім әкелген ырылдатып.
Келіп ем көзі барда көрейін деп,
Көрген соң, күйігіңнен өлейін деп.
Шыдамай бұл қорлыққа мен отырмын,
Өзімді сенен бұрын көмейін деп
Ахмет бұл әділетсіздік өмір күресіне қате жол таңдап, жорға Нұрымға қол салады.
-Қарағым Қамар, міне сенің үшін жаным, қасықтай қаным, қош!-деп Ахмет соңғы сөзін айтады. Бұл өмір шындығы. Қазақ тарихының ұйқыдағы қазағымның ұзын да ұзақ қаралы жолы. 
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. «Талқылау картасы» стр арқылы Қамардың болмысы, мінез бітімі, бойындағы түрлі қасиеттерін тауып, көркем бейнені даралау. (топтық жұмыс)

                                        Талқылау картасы

 

 

 

 



 

Қамар


Басты кейіпкер.

Дәулетті Омардың жалғыз қызы.

Бұлғақтап өскен бұлаң қыз.

Сол ауылдағы бозбала жігіттердің аузынан тастамайтын тасбиғы.

Жігіттерге Қамардың жай көзі түссе де мақтанады.

Өзі – ақын, талайларды суырып, жанынан өлең шығарып, бас көтертпеген.

 


Өз теңін іздеген Қамар

Теңін тапқан.

Теңі – Жәуке баласы, 21 жасар, оқыған Ахмет.

 


Ағаға қарындас болып жүреді

Бірін-бірі ұнатады.

Құда болар малы жоқ.

Құмартып тұрса да ақылға жеңдіреді.

 


Шын сүюдің қадірін тартқан

Күннен күнге сабыры қалмайды. Көрер таңды көзімен атқызды.

 


Соры қалың Қамар

Әкесінің ағалары Оспан би, Қалтан қажы Жорға Нұрымға әйел орнына бермекші болды.

 


Тағдыр тәлкегіне түскен Қамар

Қайғыдан әбден жүдеп, қалжырап солды. Ауруға шалдықты. Көрмегені жоқ. Молда, бақсыларға емдетті.

Теңсіздік құрбаны болған Қамар

Ақыры әділетсіз заман, ескілік Қамардың түбіне жетті.



12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

2. Өлеңдері мен романын оқу
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Қамар сұлу» романын оқып келу



27-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Кім жазықты?» поэмасы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: ХХ ғасырдың басында өмір кешкен аса көрнекті ақын, прозашы, публицист Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қалдырған әдеби мұрасы мен қомақты да құнды дүниесімен таныстыру. Ол- қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып, жалғастырушы суреткер. Ақын қаламынан туған көрнекті шығармалар: «Кім жазықты»танысып, талдау жасау.

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: шығарманы талдай білуге, идеясын ашу, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. С. Торайғұровтың ХХ басындағы әдебиетте күшті көтерілген әйкел теңдігі мәселесіне арналған шығармаларын талдаңдар.

2. «Қамбар сұлу» романында бас бостандығын аңсаған жас қауым өкілдерінің (Қамар, Ахмет) ерекшелігін сипаттаңдар.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет