Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Стоматология Мейірбике ісі Курс: І семестрі: І


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы



бет7/8
Дата10.03.2017
өлшемі1,91 Mb.
#11239
1   2   3   4   5   6   7   8

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы ақын-жазушылар

3. Шығармаларын оқып талдау


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Ақын-жазушылар шығармалары

3. Романдарын талдау



13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы әдебиет



31-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығының қыр-сырын меңгертіп тереңдей бойлату, теориялық негіздерді меңгерту;

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы әдебиет

2. Шығармаларды талдау
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған.

Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша-қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды.

1913 жылы "Қазақ" газетінде алғашқы мақаласы басылады. Алғаш Абайға еліктеп қолына қалам алады. Семинарияны бітірген соң оқу комиссариатының мүшесі, "Қазақ тілі", "Ақ жол" газеттерінде әдеби қызметкер, Шымкент педагогика техникумында директор болып істейді.

  1929 жылы репрессияның алғашқы зобалаңына ілігіп, 1931 жылы атылады. 

Ол аз ғана шығармашылық ғұмырында педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер жазды, әдеби сын саласына араласты, "Қартқожа", "Ақбілек", "Күнікейдің жазығы" романдары мен повестері, таза драма шарттарына сай саналуан пьесалары, әңгімелері - қазақ әдебиетінде артында қалған мол мұрасы.

Қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін, таза көркем проза тәсілдерін алғаш меңгерген жазушы - Жүсіпбек Аймауытов.  Қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына, жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды, көркем, күрделі шығармалардың бірі – автор ұзақ әңгіме, орысша аннотациясында роман деп көрсеткен «Қартқожа» 1926 жылы Қызылордада басылып шықты. Бұл –қазіргі өлшеммен алғанда, аса ұзақ шығарма емес, 7-8 баспа табақ көлеміндегі шымыр, ықшам жазылған дүние. Бастан-аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды проза үлгісінде жазылған. Автор қоршаған ортаны, тіршілік тынысын, барлық іс-әрекетті осы басты кейіпкердің, яғни Қартқожаның ой-түйсігі, сана-саңылауы, талғау-байламы арқылы бейнелейді. Кедей-кепшік, жалқы-жарым ортадан шыққан бала ес білгеннен мазақ, қорлық, тепкі көріп өседі. Табиғатынан жуас, момын Қартқожаны жоқшылық тауқыметі шыр жұқтырмай, инеліктей қатырып тастағанмен, ол жарыққа тырбанады, хат танысам, оқысам, білсем деп ұмтылады.

Қазақ әдебиетінде реалистікроман принциптерін алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек. Ол стиль, композиция тәрізді көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді, әсіресе, халық тілінің сан алуан байлығын еркін қолдана отырып, Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейнежасау, мінездерді даралау, сезім бұрқағын, ой толғауларды көрсету дәстүрлерін еркін пайдаланды. Жазушының талант мүмкіндікткрі, қабілет ерекшеліктері әсіресе оның «Ақбілек» романыныда айқын көрінеді. Қаламгер әлеуметтік тартыстар, тарихи оқиғалар, тап күресі ерекше шиелінісіп тоғысқан, ел мойынына салмақ түсіп, жеке адамдар тағдырының ширыққан буынын дәл басады, бұрын айтылған, сарыжұртқа айналған тақырып емес, соны, мүлде тың, тіпті сирек оқиғаларды романға арқау еткен.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Жүсіпбек Аймауытов туралы оқып келу


32-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Қартқожа» романы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығының қыр-сырын меңгертіп тереңдей бойлату, теориялық негіздерді меңгерту;

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Ж. Аймауытовтың өмірі жайлы әңгімелеңдер.

2. Ж. Аймауытовтың драма жанрына қосқан үлесіне тоқталыңдар?

3. Шығармаларды талдау


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
«Қартқожа» романындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.

«Қартқожа» романының басты тақырыбы, көтерген мәселесі – ХХ ғасырдың басында қазақ даласында болған әлеуметтік, саяси төңкерістер, екі дәуірдің тоғысындағы қазақтың басынан кешкен сан қилы тағдыры. Жазушы өз романын: «жалынды жастарға арнаймын» деген эпиграфпен бастайды. Он бір жасар бала ауыл молдасынан хат танып, сауатын ашады. Жасына қарамай соншалық ұстамдылығына автордың өзі де қызыға қарайтындай. «Қартқожа» аты да жас балаға лайық та емес қой.» (25 б.). Қартқожаның үй-іші, отбасымен, әкесі Жұманның шыққан тегімен таныстырады. Есін біліп, көзін ашқаннан-ақ бала әлеуметтік теңсіздікті көріп, тұрмыс тауқыметін тартып, ерте есейеді. Еріккен бай балалары реті келсе болды, Қартқожаға әлімжеттік жасайды. «Әттең менің кедейлігім-ау? Әйтпесе солардың менен ақылы артық па? Зейіні артық па? Артық болса малы артық. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын күн болар ма екен?» деп, ішінен зығыры қайнап жүрді. Балаға жаны ашып отырған жазушыны осы жерде айқын танисың. Автордың өз кейіпкеріне деген сенімі де зор. Ол дүниеге де сол кейіпкер көзімен қарайды, соған арқа сүйейді, соны тірек ететін секілді. Сол Қартқожамен бірге мұңайып, бірге қуанады. Қартқожа аз ғана оқуын тамамдап, үлгілі ауыл молдасы атанады, құдайға барынша сеніп, дін уағыздарын да қатаң сақтайды. Бірақ қанша тырысқанымен әкесін де, өзін де кедейліктен құтқара алмады. Баяндаушы өз кейіпкерімен әлеуметтік бір сатыда тұрғандай. Бірақ біз романды оқи отырып Қартқожаның жаны таза, арманшыл, өзгеге де, өзіне де адал екендігіне сенеміз, жазушы бізді сендіреді. «Ол былтыр крестьянский нашалнктің перуатшігін көрген. Ол қандай еді? Үсті-басы аппақ! Сары ала түйме! Шашын қайырған».(28 б.)Бұл - көз алдымызда есейіп, өсіп келе жатқан сергек, еті тірі баланың сөзі.Қартқожа өз жолының айқындығын, дұрыстығын тағы бір дәлелдеп, өмірлік мақсаты – орысша хат тануды арман қалай армандайтынын көрсетеді. «Қартқожа» романы – классикалық үлгідегі тәрбиелік мәні бар романның тамаша үлгісін еске түсіреді. Мәселен ондай туындыларға С. Мұқановтың «Өмір мектебі», Л. Толстойдың «Детство», «Отрочество», «Юность» сияқты роман үлгілерін айтуымызға болады.

Бұл романдардың ерекшелігі сол, адамның тиянақты түрде ер жетуінің, саналы азамат ретінде қалыптасуының эволюциялық даму жолын көрсетеді. Көпшілік романдарда кейіпкерді жетілген, дайын, қалыптасқан шақтағы басты қаһарман етіп көрсетіді. Ал Жүсіпбек Аймауытовтың басты кейіпкері - аяқ астынан әкесіз қалған ауыл кедейінің өмірін, отбасын асырау үшін підияға қатысқан он үш жасар баланың басына түскен ауыртпашылықтарды, кедейлер көтерілісі сияқты аумалы-төкпелі жағдайларды бастан кешеді. Роман оқиғалары оның тағдырын да өзгертеді, қоғамдағы орнын да өзгертеді. Кейіпкер үнемі өсу, өзгеру үстінде. Қартқожоның сана-сезімі өзгеріп, іс әрекет үстінде есейеді. Уақыт пен заман Қартқожа өмірі мен тағдырында бетбұрыстар жасайды. Бұл - адамның қалыптасуы туралы роман. Ж.Аймауытов дүние мен адам өмірінің үндесуін, кейіпкердің өмір тәжірбиесінен үйренуін, сол өмірдің қатал мектебінен қалай шыңдалғанын, суреттейді. Бәрі де сол заманның, сол уақыттың шындығынан өрбиді. Жүсіпбек Аймауытов романының ерекшелігі қошаған өмір кейіпкердің сол заманға сәйкес бейімделуін, өмір заңын, өмірді тану мәселесін жан-жақты қамти алғандығында. Кейіпкердің есюімен қатар, қоршаған өмірі де өзгеріп отырады. Қартқожа өмірдің өзімен бетпе-бет қалыптасады, сол өмірдің де салтанат құруына игі әсер етеді. Роман кейіпкері де, автор да - екі дәуірдің тоғысында, яғни бірінен-екіншісіне өту дәуірінде өмір сүрген жандар.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

Әңгіме кім туралы?

Қартқожаны не нәрсе қуантты ?

Ол неге асықты ?

Кітапты қалай оқыды ?

Ол нені ұмытты?

Ол өзіне қандай серт берді?

Құштарлық дегенді қалай түсінесің ?

Қартқожаға мінездеме бер?


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

«Қартқожа романында образ жасауда қандай көркемдік құралдар мен әдебиет тәсілдер жиі қолданылған?»


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Қартқожа» романын талдап келу.



33-сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: «Ақ білек» романы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығының қыр-сырын меңгертіп тереңдей бойлату, теориялық негіздерді меңгерту;

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Ж. Аймауытовтың «Психология» атты кітабын оқып, талдаңдар.

2. Ж. Аймаутывтың драма жанрына қосқан үлесіне тоқталыңдар.

3. Мағжанның тырнақалды туындысын атаңдар.

4. «Батыр Баян» поэмасы қандай арналармен дамиды?
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
«Марқакөлдің суы балдай.
Марқакөлдің жиегінде Мамырбайдың Ақбілегі,
жас түлегі, ана болған, көп әйелден дана болған...»

/ Ж. Аймауытов /

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы... Роман тұңғыш рет 1927 ж. «Әйел теңдігі» журналында жарияланды. Шығарманың жариялануына ұзақ уақыт бойы тыйым салынып келді. Ал орыс тілінде тек 2007 жылы жарық көрді. Не себепті бұлай болды? Қарапайым қазақ қызының тағдыры сол кездегі қоғамда өмір сүрген «әдебиет ақсақалдарына» несімен жақпады? Ал бүгінгі күні неліктен өзекті тақырыпқа айналды?

Сурет өнерінде әр қаламгер, қаламынан туған дүниесін өзінше пайымдайды. Сол сияқты Ж.Аймауытов та «Ақбілек» романын жаза отырып, басты кейіпкер бейнесін сомдауда оның образына сүйсінген тәрізді. Оның тылсым бейнесін үлкен махаббатпен суреттеген. Романның алғашқы жолдарында Ақбілек бейнесі былайша сомдалған: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі - жас түлегі, айы-күні - сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдыратып, былдыратып, ақ көйлегін көлеңдетіп...»

Сұлулыққа жаны үйір халқымыз ғасырлар бойы ерге адал жар, сенімді серік болар қыз баланың сымбаты мен келбеті, мінезі мен ақылы, тәрбиесі мен өнегесі қандай болу керектігі жөнінде дәстүрлі талғамы мен өлшемін қалыптастырған. Көнеден желісі үзілмеген халық ауыз әдебиеті мен жазба нұсқаларда бойжеткен қыз: «Сұңғақ бойлы, сыңғырлаған дауысты, оймақ ауыз, күлім көзді, жайдары мінезді, алма мойын, ақша бетті, ақ аршын төсті, тал шыбықтай бұралған бұраң белді, сүмбіл шашты, керілген ақ маңдайлы, сүйріктей ақсаусақты, сүрме қасты, ұзын кірпікті, ақ білек, жаржан тісті, қыр мұрынды т.б.» сөз суреттерімен сомдаған ғой...

Халықтық түсінік бойынша: «Тегіне қарап қызын ал, соғуына қарап қару ас», «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық», «Шешеге қарап қыз өсер» дегендей, текті қыздың белгісін туған анасының мінезі, үлгі-өнегесі және қызына берген тәлім тәрбиесін айқындайды.

Қазақ - қыз баласын көзінен таса қылмай, әлпештеп, аялап өсірген халық. «Қызға қырық үйден тыйым» деген де оны болашақ отбасылық өмірге адал болуға тәрбиелеудің жолы. Осы тұрғыдан Жүсіпбектің Ақбілек қайғысына ортақтасқан толғанысы аса мәнді. Ол қыз намысын халықтың қалай қорғағанын, қыз балаға тән ар-ұятты аяққа баспауға, адалдыққа үйреткенін атап көрсетеді.

Міне, Ж.Аймауытов романында да осы мәселе сөз болады.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Сұрақтарға жауап беру.

1. Мағжанның табиғат лирикасына тән стильдік ерекшеліктер ?

2. Мағжан романтизмі

3. Мағжан өлеңдеріндегі символизм

4. Мағжан поэзиясындағы мифопоэтика

5. Мағжанның философиялық өлеңдері

6. Мағжанның азаматтық лирикасы

7. Мағжанның махаббат лирикасы

8. Мағжанның «Қорқыт» поэмасының идеясы

9.Мағжанның «Қойлыбайдың қобызы» поэмасындағы бақсылық туралы ұғым

10. Мағжан «Жүсіп хан» поэмасында кеңес дәуірінің қандай саясатын әшкерелейді?

11. ағжанның саяси-әлеуметтік өлеңдері

12. Мағжанның «Батыр Баян» поэмасы орыс әдебиетінде қай шығармаға ұқсайды?

13. Жүсіпбектің «Ақбілек» романының жанры

14. Жүсіпбектің «Ақбілек» романының идеясы ?

15. Жүсіпбектің «Ақбілек» романындағы Қарамұрт қандай бейне?

16. Жүсіпбектің «Ақбілек» романындағы Мұқыш қандай бейне?

17. Жүсіпбек кейіпкердің ішкі ойын беру үшін қандай тәсіл қолданады?

18. Жүсіпбектің «Қартқожа» романының тақырыбы не?

19. Жүсіпбектің «Қартқожа» романының идеясы не?

20. «Ақбілек» романында қандай детальдар кездеседі?
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Ақ білек» романына таладау жасау.



34-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: ақынның өміріне шолу жасау, мәнерлеп көркем оқуға үйрету және идеялық- тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру;

  • Тәрбиелік: эстетикалық сезім тудыру, туған жерін қадірлеу, табиғаттың сұлулығынан нәр алу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін дамыту;


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Ж.Аймауытов қай өңірде дүниеге келген?


 2. Өмір сүрген жылдары?
  3.Өскен ортасы .
 4. Жүсіпбектің қолынан қандай өнер келетін еді?
 5. Қай жерлерде оқып, білім алған.?
 6. Шымкентте жұмыс істеген жылдары,қай жерде тұрған?
 7. Тұтқынға алыну себебі, қай жылы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне, көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург. Ол 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа

ауданында туған.

Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық көзқарасының қалыптасуы Ақмоладағы приходская школада, қалалық үш кластық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқуымен тығыз байланысты.

1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің "Өткен күндер" атты өлеңдер жинағы Қазанда басылып шығады.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық тағдырында ерекше орын алады. Ел ішінде бала оқытып жүрген

жас ақын патша қылағаннан кейін Ақмолаға келеді. Ол 1918 жылы маусым айында ақтар Ақмолада Кеңес үкіметін құлатқанға дейін жас үкіметті орнықтыруға көп еңбек етеді, әлеумет қайраткері, саяси күрескер болып шынығады. "Бақыт жолында" драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының көшімен сахнаға қойылады. 1918 жылы 4 маусымда ақтар Ақмоладағы билікті өз қолына алғанда, бір топ күрескер жолдастарымен бірге Сәкен де атаман Анненковтың азап вагонында тауқымёт шегеді. Колчак түрмесінде отырған 9 ай тозақтан Сәкен қашып құтылады. Бұл революциялық коресстің шежіресі - "Tap жол, тайғақ кешу" романында (1927 )баяндалған.

Кеңес үкіметі тұсында Сәкен ірі мемлекет қайраткері дәрежесіне көтеріледі. Ол Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер-су комиссиясының председателі, 1922 жылы Қазақстан Комиссарлар Советінің председателі болып сайланады. 1922-1925 жылдары "Еңбекші қазақ" газетінің редакторы болып Сәкен қазақ баспасөзінің негізін қалады.

1925-1937 жылдары Жазушылар одағында басшы болып, жоғарғы оқу орнында ұстаздық етті.

Оның қаламынан туған "Асау тұлпар", "Домбыра", "Көкшетау", "Қызыл ат", "Альбатрос" т.б. сияқты поэма кітаптары, "Жер қазғандар" "Айша", "Жемістер" т.б. прозалық шығармалары, "Қазақ әдебиеті", "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" т.б. зерттеу еңбектері ұлттық әдебиетімізді биікке көтерген шығармалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет