Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет102/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы


2. «Қаздар қайтып барады», «Соңғы көш» т.б. әңгімелері


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Олжас Сүлейменов «Азия»

Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген. 1959 жылы ҚазМУ-дің геология факультетін бітірген. М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. "Казахстанская правда" газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясы сценарийлік-редакциялық алқасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСРО кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның Италиядағы төтенше өкілетті елшісі болды.


Олжас Омарұлы Сүлейменов дүниеге келгенде дүбірлі оқиғаларға толы еді. Барша жұрт замана трагедиясы атап кеткен 1937 жылғы нәубет болғанда Олжас бір жасқа ғана толған жас сәби. Бұл кездегі қарбаластың ызғары Олжастың отбасын да қармап өтті. Олжастың әкесі әскери қызметкер Омар Сүлейменов сол зобалаңда халық жауы атанып кеткендігі куә. Қалың елді қан қақсатып,зар еңіреткен зобалаң түндер де талай түндіктің отын өшіріп, талай шаңырақтың шаңырағын шайқап өте шықты. Енді ол да тарих. Әкесі жөніндегі қайғылы оқиғаны Олжас бес жасқа келген кезінде тұңғыш рет атасының аузынан естиді.
Олжас орыс мектебінде оқиды. Ол кездері Алматыда жергілікті ұлт балалары дәріс алатын білім ұялары санаулы деуге болады. Қазақтар да қалада өте аз еді.
Әдебиетпен шұғылдануды өте ерте бастаған. Туындыларын орыс тілінде жазады.Төртінші сыныпта оқып жүргенінің өзінде жазған шығармалары мектептегі үздік туындылар қатарында аталып жүрді. Мектепті бітіргеннен кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түскісі келеді. Бірақ, жақсы оқыған Олжас геология факультетіне оқуға түседі. 1959 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Мұнай және газ көздерін зерттейтін инженер-барлаушы» дипломын алып шыққаннан кейін, оның көңілі өлең өлкесін аңсады да тұрды.Ақын геология саласында қанша еңбектенсе де, өзінің көздеген мақсатына жете алмайды. Ақын үшін ең зымыран тұңғиық та, ең шырқау биіктік те жүрек екен. Мәскеудегі Әдебиет институтына қазақшадан орысшаға тәржіма жасайтын көркем аударма бөліміне біздің республикамыздан бес адам қабылданады. Сол бесеудің бірі- Олжас.
Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы - "Арғымақ" деген атпен 1961жылы жарық көрген. Ақынның сезімін әдеби жұртшылыққа кеңінен мәлім еткен 1961 жылы жазылған , Ю.Гагариннің тұңғыш ғарышқа ұшқан тарихи ерлігіне арналған "Адамға табын, Жер, енді!"атты поэмасы еді. Шет ел тілдеріне аударылып, жеке-жеке кітап болып бірнеше рет басылды. 1964 жылы аталған поэма Қазақстан Ленин комсомол сыйлығымен марапатталады.
Жарық көрген еңбектер: «Нұрлы түндер», «Қылықты түн», «Шапағатты шақ», «Әр күн-арайлы таң», «Қыш кітабы», «Мешін жылы», «Атамекен», «Сөз төркіні».
1991 жылы «Қыш кітап» жарық көрді. Одақ көлемінен асып, Евразияны елең еткізді. Шетел баспасөзі оның ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні мен ойлау жүйесі туралы таңдана да таңырқай жазды.
1975 жылы жарық көрген «Азия» кітабы саяси қуғынға түседі. «Азия» кітабы көне славьян және түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. Бұл еңбекте көне жазбаға деген ғылымда қалыптасып қалған шешімдер мен пікірлер, жаттанды көзқарастарға қарсы шыға отырып, өрісті ойларға жетелеп, өрелі ақын тіл маманына тән талдаулар жасаған. «Игорь жасағы» туралы жырдың тарихына, зерттелуіне, шығу төркініне шолу жасаған. «Алаш жұртының үлы перзенті Олжас Сүлейменов өзінің «Азия» кітабында қазақ елінің ғана емес, бүкіл Азия құрлығының атынан сөйледі. Совет империясы шегінде қалыптасқан батысшылдық, орысшылдық тоқмойын түсініктерді қақырата сөкті.Сөзінің қандай бұлақтан бастау алғанын дәлелдейді»,- деп М.Мағауин «Азия» еңбегінің құндылығына назар аударады.
О.Сүлейменовтің «Сөз төркіні» деген еңбегі Италияда жарық көреді. Бұл еңбек қабылдануы жағынан өте күрделі. Бұл кітап небары бірнеше ондаған, не жүздеген ғана тіршілік иесі болып Африканы мекендеп жүргенінде алғашқы адамзат қауымының тілі мен жазуының қалай шыққандығы жөнінде.
Олжас Сүлейменов Қазақстан кино өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Ол жазған сценарий бойынша «Бабалар жері», «Көгілдір маршрут», «Қыс-қысылтаумезгіл», «Мұхтар Әуезов туралы сөз», «Соңғы өткел», «Үндістан сазы» атты кинофильмдер түсірілген. О.Сүлейменовтің «Атамекен» атты таңдамалы шығармалары Қадыр Мырзалиевтің аудармасымен қазақ тілінде жарық көрді. Үнемі ізденіс, жаңалық ашу жолындағы Олжас поэзиясы аз жыл ішінде-ақ Кеңес Одағындағы халықтардың тілдеріне, дүние жүзіндегі басты тілдердің бәріне дерлік аударылып, кеңінен танылды. Бұл кеңестік дәуір поэзиясынан тек Б.Пастернакты ғана білетін француздар Олжастың өлеңдерін екі дүркін аударып, жеке кітап етіп шығарды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет