Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ


Романда Ботагөз бірнеше жерде әр қырынан суреттеледі. Автор оны кейіпкерлер көзімен бірде қызығып, бірде қызғанып, тіпті бірде өшпенділік сезімдермен суреттейді. Әркім өз көзқарасы, ниеті, тілегі тұрғ



бет30/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126

Романда Ботагөз бірнеше жерде әр қырынан суреттеледі. Автор оны кейіпкерлер көзімен бірде қызығып, бірде қызғанып, тіпті бірде өшпенділік сезімдермен суреттейді. Әркім өз көзқарасы, ниеті, тілегі тұрғысынан баға береді.

«... Мынау қалың бермеген, жүзіктің көзінен өткендей, қылыштай қылпылдаған жас жігіт, анау аққудың көгілдіріндей желкілдеп өсіп келе жатқан бүлдіршін қыз. Ол қыз «Ботагөз» десе – ботагөз. Тұнжыраған қарақаттай екі көзі жаутаңдап мөлдірейді де тұрады. Асқар соны сағалап жүр» [32,155-б.].


Бұл Итбайға арам ой салатын жағымпаз, жексұрын Бүркітбайдың сөзімен берілетін тұсы. Шығарманың қай тұсында берілген портрет болсын, бәріне тән ортақтық – оның табиғи сұлулығы сақталған.
Ботагөз – ескі салт-дәстүрлерге қарсы күрескен жаңа дәуірдің адамы. Бесіктен белі шықпай жатып-ақ көргені қиыншылық. Әке өлімі, аяулы сырласы болған жеңгесі – Ақбаланың аянышты халде көз жұмуы, туған ағалары мен жалғыз нағашысы Амантайдың, сүйгені Асқардың жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырауы Ботагөздің бір басына жетіп артылатын ауыртпашылық еді. Ботагөздің мінезіндегі қызға тән нәзіктік, сыпайгершілік оның төзімді де батыл қажырлылығымен үйлесім тапқан. Біз Асқардың ел ісіне араласып, талай қиындықты басынан өткерген тұстарында нәрестесін құшақтап, неше түрлі намысына тиер сөзді, өсекті естіп, өмірдің ащы-тұщысын бастан өткерген Ботагөзді көреміз. Осының барлығына төпеп берерлік қажыр-қайраты мен ақылдылығының арқасында ол бақытты күнді алдан тосып алады.
Асқар мен Ботагөздің арасындағы түсіністік өте бір жарасымын тапқан, басы артық қыздырма сезімнен ада қалыпта суреттеледі. Екеуінің арасындағы таза да мөлдір махаббатын тек жалаң жүрек сезімі етіп көрсетпейді, оны қоғамдық істермен әдемі үндестіріп бейнелейді. Біріне-бірі үлкен сеніммен қарайтын ғашықтардың ел басына күн туған кезде, өз бастарының қамынан гөрі, халықтың жағдайына баса назар аударуы шығарманың болашақ ұрпаққа берер тәрбиелік мәнінің жоғары екендігін танытады.
Ботагөз басынан өткен осындай жанын жегідей жеген жалған cөзден қиналу Асқардың басынан да өтеді.
Жазушы Асқар бейнесін кесек әрекетімен, ой-арман биіктігімен тартымды бейнелейді. Сол арқылы автордың оқыған, мәдениетті жастарымыздың көп болуын, басқа мәдениетті озық елдерден артта қалмауын армандағаны сезіледі.
Романда Асқардың алғашқы Ботагөзге деген сезімінің ояна бастаған кезін, іштей мазалаған белгісіз бір ойлар, берекесін алған ішкі толғаныстарын табиғат көріністерімен астастыра суреттейді. Екі жастың берік махаббаты қоғам қайшылықтарымен астаса беріліп, сезім тұрақтылығын, осы жолдағы күрестің баяндылығын паш етеді.
«Ботагөз» романы – қазақ әдебиетінің зор әлеуметтік-тарихи және эстетикалық мәні бар аса ірі шығармалардың бірі. Өзінен кейінгі озық шығармаларға көш басшы болды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының отаршылдық қанау астындағы өмірінің шындығы мен оның азаттық, теңдік жолындағы күресін кең 18 бейнелеген, қазақ әдебиетіндегі күрделі эпикалық шығарма есебінде ол әдебиет тарихында зор жетістік ретінде бағаланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет