Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет33/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Ботакөз романында не туралы айтылады


2. Ботакөз романындағы жағыды кейіпкерлерді ата
3. Ботакөз романы несімен ұнады


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесі

Қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік мәдениетке қымбат қазына қосқан, әлемдік құбылысқа айналған, қазақ әдебиетінің классигі, академик Мұхтар Әуезов бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.


Бала күнінен Абай нәрінен, тағылымынан нәр алып өскен Мұхтар ұлы ақын шығармасымен сауат ашып, хат таниды. Оны бұл дәстүрде тәрбиелеген-өсірген атасы Әуез еді. Он бір жасында әкесі қайтыс болып, Мұхтар ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді.
Семейдегі орыс гимназиясында бес жыл, мұғалімдер семинариясында төрт жыл оқиды. ,
Ол өте зерделі, алғыр, ынталы шәкірт болады. Семинариядан соң қаламгерлік еңбекпен қатар, Кеңес өкіметінде бірнеше1 ресми қызметтер атқарады. 1922 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне түсіп, кейін Санкт-Петербург университетінің филология факультетіне ауысып, оны 1928 жылы бітіреді. Орта Азия университетінің аспирантурасын аяқтап, жиырма шақты жылға созылған көл-көсір білім алады.
Ол тұңғыш әңгімесін 21 жасында жариялады. Алғашқы әңгімесі – “Қорғансыздың күні” – сыншыл реализм үлгісінде жазылды. Бұдан кейін жиырма жыл бойы шағын прозалық шығармалар жазды. Алғашқы әңгімелері драматизмге, терең психологизмге құрылған, дараланған адам характерін даму, өрбу үстінде суреттеп шыңдалған суреткер әлемге әйгілі “Абай жолы” роман-эпопеясын жазып шығарды.
1942-1947 жылдары жазылып, “Қазақ өмірінің энциклопедиясы” аталған бұл роман қазақ тілінің ішкі мүмкіндігін әлемге паш етті. “Абай жолы” әлемнің 30 шақты тіліне аударылды. 1959 жылы Лениндік сыйлықа ие болды.
Сонымен қатар М.Әуезов Абайтануды жүйелі ғылым саласына –айналдырды. Ол – Абай өлеңдерін жинаушы, зерттеуші, жариялаушы болды. Ұлы ғалым фольклор, әдебиет тарихына байланысты да көп зерттеулер жүргізді. , М.Әуезов драматургия саласында да көп еңбек етті. Алғаш қазақ театр өнерінің шымылдығын Ойқұдықта, киіз үйде ашқан М.Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығармалар туды. Жазушылық, ғалымдыққа қоса, Мұхтар Омарханұлы жоғарғы. Оқу орындарында ұстаздық етіп, дәріс оқыды.
1961 жылы, 27 маусымда ұлы жазушының жүрегі соғуын тоқтатты.
Алғашқы көркем әңгімесі – «Қорғансыздың күні» 1921 жылы жарияланады. М.Әуезов 1922 жылы Орынборда Қазақ Орталық Атқару Комитетінде жауапты қызметте болды. Бұдан соң Ташкентке келіп, қызметке орналасады, әрі Орта Азия Мемлекеттік университетінде оқиды. Мұхтардың бірталай әңгімелері 1922-23 жылдарда «Сана», «Шолпан» журналдарында басылған («Кешкі дөң басында», «Түнгі ауыл», «Қысты күнгі дала», «Қысқы түн», «Сыбанның моласында», «Текшенің бауырында», «Сөніп жану»)
«Адамшылық негізі - әйел», «Мәдениетке қай кәсіп жуық», «Оқу әдісі», «Ғылым тілі» секілді мақалаларында ол оқу-ағартудың, мәдениеттің маңызды мәселелерін көтереді. Мұхтардың 1923 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінде қырғыз эпосы «Манас» туралы жасаған баяндамасы ғылыми қауымның назарын аударады.
1923 жылы М.Әуезов Ленинград университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Ең атақты жоғары оқу орындарының бірінде сабақ алу, аса көрнкеті ғалмдардың дәрітерін тыңдау оның білім өрісін ерекше өсіреді. Семей губерниялық атқару комитетінің шақыруымен Мұхтар 1924 жылы еліне оралып, Қазақ педагогикалық техникумында сабақ береді. Ол осы жылы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне толық мүше болып өтеді, көп ұзамай, бөлімше төрағасының орынбасарлығына сайланады. 1924 жылдың қысында М.Әуезовтің басқаруымен Семейде Абайдың қайтыс болғанына жиырма жыл толуына арналған ғылыми жиналыс өткізіледі. Оның көркем прозадағы бір топ туындысы да осы кезең жемісі. («Жетім», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде» «Жуандық»). Драматургия, аударма, сын-зерттеу еңбектері де қатарласа туып жатады. Бұған 1923 жылы жазылған «Бәйбіше-тоқал» драмасы мен «Қобыланды батыр», «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты зерттеулері, «Жердің жаратылысы жайындағы әңгімелер» деген аудармасы мысал бола алады.
М.Әуезов осы кезде ел арасынан, құйма құлақ қариялардан ауыз әдебиеті нұсқаларын, ең маңыздысы – данышпан ақын Абайдың өлеңдерін үздіксіз жинап, жазып алып, жариялап отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет